Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovaya.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
65 Кб
Скачать
☆

2.3 Дамуында ауытқушылығы бар балаларды отбасында корррекциялық тәрбиелеудің міндеті мен формасы

Маман үшін ең басты мәселе ауру баланы тәрбиелеп отырған отбасына тек сауықтыру мен тәрбиелеу туралы ұсыныстар беріп қоймай, сонымен қатар отбасы мүшелерін бұл мәселені шешуде максималды ынталандыру қажет. Мамандар өздерінің бақылау және тексеру әдістерімен жұмыс жасағаннан кейін шыққан нәтиже туралы ата-анасына ақпарат беріп, бірге талқылайды. Ата-ана баланы реабилитациялаудың жеке бағдарламалардың мақсаты одан шығатын нәтижені білуі тиіс. Танысқан сәттен бастап ақ ата-анасының әр түрлі мамандармен бірігіп жұмыс жасауға дайндығын, меңгеруге тиісті коррекциялық жұмыстың көлемін анықтау керек.

Жеке реабелитациялық бағдарламаларды жасау кезінде ата-аналарды ең алдымен баланың ауруының ерекшелігімен таныстыру қажет. Ата-ана бұл процесссте ең қызығып қатысушылардың бірі, олар баланы қоршаған ортаға беімдеуге, еңбекке үйретуге бар күшін салады.

Ата-ана мен мамандар баланы тәрбиелеу процессінде өз алдына баланың жасына сай коррекциялық міндеттерді қояды. Өмірінің бірінші жылы баланың психикалық дамуы сенсорлық және моторлы функциясымен тығыз байланысты болады. Сондықтан эмоциялық жағымды процесс сенсоматорлық функциясының дамуы кезіндегі бала мен анасының арақатынасы барлық психикалық функцияларының қалыптасуының негізі болып табылады: сөйлеу тілі, зейіні, есте сақтауы, бағытты әрекеті, эмоциялық өрісі, ойлауы және түсінігі.

Көру және заттарды бақылау іс-әрекеттің дамуы баланың жағымды эмоцияларының пайда болуына әкеледі: алғаш күлуі,бірінші дауыстың рекциялары. Сонымен қатар баланы әрдайым қуантып, әртүрлі түстегіойыншықтарды көрсете отырып, баланы қимыл қозғалысқа келтіреді.

Бірінші жылының соңында ақ баланы заттардың формасымен, көлемімен, түсімен және қарапайым заттық іс-әрекетпен таныстыру керек.

Баланың психикалық дамуына зат пен іс-әрекеттің және сөйлеу тілінің өзара байланысы маңызды рөль алады.

Баланы тәрбиелеу барысында дағдарыс кезеңіндегі өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін ескеру қажет.

Үш жасқа толғанда баланың сөйлеу тілі психикалық дамуында негізгі орын алады. Үш жасында бала өзі туралы бірінші жақта сөйлей бастайды, балада «мен» концепциясы қалыптасады. Бұл кезеңде бала өз бетімен әрекет жасауға тырысады. Ата-ананың араласқанын жақтырмайды, араласқан жағдайда бала бәрін керісінше жасайды, ақырында ол өзін қоршаған әлемнен бөле бастайды.

Осы кезеңдегі баланың мінез-құлық және басқа да даму әрекеттері үлкендерге байланысты. Бұл кезең үш жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл жаста баланың жаңа психологиясының қалыптасу,яғни қоршаған адамдардан жекелеу қалыптасады, балада тұлғалық қалыптасу жүреді.

Сонымен қатар осы кезеңде дамуында ерекше мәселелері бар балаларда психопотологиялық бұзылыстар бірден байқалады. Мысалы: өзін қоршаған ортадан жекелеу ерте балалық аутизмге сәйкес келеді.

Бәрін ескере отырып ата-ананың коррекциялық процесстің міндеттері баланың жасына сай екенін түсінеміз. [4]

0-3 жас аралығында ата-ана баланың психофизикалық дамуын эмоционалды жылы қатынасы тактильді ынталандырумен, көру және есту қабілеті, сөздік белсенділігін, кеңістікті бағдарлауын дамытады.

3-4 жасында баланың зейіні, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі, жалпы және ұсақ моторикасы дамиды, қарым-қатынас жасау дағдылары және ортасы қалыптасады. Өзіне өзі қызмет жасайды, тазалық сақтайды, ата -анасы рөлдік және сюжеттік рөлдік ойындар ұйымдастырады, демалысын ұйымдастырады, балабақшасын таңдап, мамандармен бірігіп жұмыс жасайды. Ата – ана тек сырттай бақылап, күнделік жазады.

5-6 жастағы баланың ата-ана мамандармен бірлесіп баланы мектепке дайындайды. Ата-аналар баласының еңбек дағдысын қалыптастырып, өзімен өзі дамуына үйретеді.

Ата-ананың негізгі реабилитациялық міндеттері:

  • Үйдің атмосферасын, жағымды, тыныш, баланың жағдайына сай жасау;

  • Балаға уақтылы дәрісін беру;

  • Әрдайым күнделікке баланың соматикалық және психикалық жағдайын бақылап, жазып отыру;

  • Дамуында ауытқушылығы бар және инвалид балаларға қатысты заңдарды білу;

  • Дамуында кемістігі бар балалардың ата-аналарына арналған бірлестіктерге қатысу;

  • Ата-ана баланың дамуының барлық ерекшеліктерімен танысып, кемістікке оң қарап, баланы қоршаған ортаға бейімдеу қажет.

Негізгі коррекциялық сабақ формалары: жеке сабақ ,шағын топтармен ата-ананаң қатысуымен жүргізілетін сабақ.

Дамуында ауытқушылығы бар баланың еңбекке икемділігі төмен келеді, ЦНС. Сондықтан олар ең алдымен ұйқысының жеткілікті болғанын қалайды. 1 жастан 3-4 жасқа дейін бала тәулігіне 14-15 сағат ұйықтау керек.

Дамуында ауытқушылығы бар бала үшін ең маңыздысы арнайы сабақтар ол үшін қызықты болу керек.

Ауа райының өзгеруі кезінде, әсіресе ауа қысымы жоғары болған кезде, көп балалардың жағдайы нашарлай түседі, олар мазасызданып жылай береді.

Ойын әрекетін қалыптастыру.

Ерте бала кезеңдегі және бастауыш сынып жасында бала үшін маңызды қызмет түрі ойын болғандықтан ата-аналарға, тәрбиелеушілер мен ұстаздарға балалардың ойындағы мүмкіншіліктер мен қызметтеріне баса назар аударуы қажет. Қалыпты дамуы бар балада ойын қызметі кезеңмен дамитыны белгілі. Бірінші кезеңде балалар қызметінің негізгісі-заттық әрекет болып табылады. Бұл ойындар негізінен заттық әсер етуші ойындар болып келеді.

Бала үшін ең бірініші ойыншық-балының өзі. Ол өз қолын көру арқылы оны зерттей бастайды, ал аузы арқылы оны сезеді. Өз өмірінің бірінші жылынан бастап бала айналасындағы заттарды зерттейді, барлық затқа қол созып, өзіне қарай тартады. Оның барлық әрекеті зерттеу мен тануға жұмылдырылған.4-8 айлық бала өзіне таныс затты алыстан танып, оған қол соза алады. Ата-аналар ойын барысында балалардың танымдық әрекетін дамыта отырып, оларды қайталап, жаңа элементтермен толтырып отырулары маңызды.

Ата аналар балаға ыдыстан су ішуді, қасықты дұрыс ұстауды үйретуі қажет. Бұл мақсатта су құю мен төгу ойынын ойнаған маңызды.

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән-мағынасы ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.

Баланың қимыл қозғалысы дамыту мен кеңістікті бағдарлау әрекетін қалыптастыру.

Дамуында мүмкіншілігі бар балалардың әсіресе бірінші жылдары қимыл-қозғалысында қиыншылықтар кездеседі.

Бала өзі қимылдағанымен оның жүрісі тұрақсыз болып келеді. Көп жағдайда ата-аналар балаларына сүйемелдеу көрсетіп, оның дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл баланың қимыл-қозғалыс тәжірибесінің бәсеңсуіне алып келеді де, өз-өзін ұстауы мүлдем болмайы мүмкін. Ата-аналарға балалардың моторикасын дамытуға барынша мүмкіншілік жасауға тырысу керек.

Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) . Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

Оқушының жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі .

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.[2]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]