Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_kurs-doc_3001-4000_3501-3600_3561-3580_kurs_3571.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүлік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщический) несие деп аталды.

Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер – көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлернесиеніағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200% - ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталисттік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсындадамуының жоғары сатысына жетті.

Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеденелеулі ерекшеліктері бар:

Біріншіден, қарыздар бойынша. өсімқорлық несие алушылар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.

Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша. өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.

Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, кпиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасайды.

Төртіншіден, өсім ақының шығу көзіне байланысты. Кпиталистік несие үшін өсім ақының көзі – жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі – құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.

Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша. өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.

Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист – меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы каптал. өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы – капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізіде пайда болды.

Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір – біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан – қолға өтетін айырбас процесі – несие қатынастарының тйындайтын көрінісі.