- •Қазақстан республикасының білім және ғылымминистрлігі
- •Курстық жұмыс Тақырыбы: Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
- •2.1. Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен
- •Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
- •1.1. 3) Осы қызметті жүзеге асырушы тұлғалар және ұйымдық құрылымдар
- •3. «Несие беру операциялар бойынша қызмет көрсету» аж-сіне қойылатын талаптар
- •1)Несиелер есебінің ақпараттық жүйесінің құрылымына қойылатын талаптар
- •2 ) Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету аж-нің ресурстарына қойылатын талаптар
- •3) Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
- •4) Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 5) Техникалық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 6) Бағдарламалық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 7) Математикалық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 8) Лингвистикалық қамтамасыздандыруға
- •Концептуалдық сызба нұсқасы
- •Кіріс ақпараты
- •2.3. Шығыс ақпараты
- •Шығыс қатынастары ақпарат құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы
- •Шығыс қатынастары ақпарат құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы
- •Шығыс қатынастары ақпарат құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы
- •Ақпараттық модель
- •Несие берудің мәліметтер базасының құрылымы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
4) Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
АЖ-нің қызмет етуі мен құрудың маңызды шарты ұйымдастыру-шылық қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің қызметкерлерінің қызметін оның қызмет ету объектті басқарудың қолда бар жүйесін талдау және оның тиімділігін өсірудің бағыттарын қалыптастыру. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай ақ жүйе қызматін реттейтін заңдық актілерді қамтиды.
Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика-математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы қолданудың ұйымдастыру-құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-ның функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
1.3. 5) Техникалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) деп автоматтандырылған АЖ-нің жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдар кешені (ТҚК) аталады.
АЖ-ні техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттан-дыруы қажет:
өнімділік, сенімділік және функционалдық мүмкіндіктер АЖ-нің берілген есептік және ақпараттық есептерін автоматтандырылып шешілуін қамтамасыз етуі тиіс;
жүйе конфигурациясын жүйенің әрекет етуін бұзусыз, оған ақпараттандырудың (автоматтандырудың) АРМ-дің, ДЭЕМ-дың және тағы басқаларын жаңа объектілерін қосудың есебінен өзгертуді жіберу;
жүйенің дамуының деңгейі бойынша оның конфигурациясын кеңейтуге (өзгертуге) мүмкіндік беретін, құрудың агрегатты принципіне ие болу;
есептеуіш техникасының құралдарына техниканың қызмет көрсетуі мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, құрастыруды қарапайымдандыратын, мүмкіндігінше бір типті және сериялап шығарылатын, құрылғылар мен кешендер кіруі қажет.
Техникалық және бағдарламалық құралдардың құрамы мынадай болуы керек:
мәліметтерге туынды қол жеткізуді, өңдеу үрдісін максималды автоматтандыруды, ТҚК-нің жеке элементтерінің ретінен шығудағы жүйедегі айналатын (сақталатын) ақпараттық сақталуын (қалпына келтірілуін) қамтамасыз ету;
керекті жерде өңделетін ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз ету.
1.3. 6) Бағдарламалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.
БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:
- түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға кітапханаларды ұйымдастырудың дамыған құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктері;
қажеттіктің мөлшері бойынша қызметкерлердің ЭЕМ-мен тіл табысудың мүмкіндіктері;
МБ-да ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді жүргізудің мүмкіндігі;
Ақпаратты кодтаудың бір мәнділігі.
Ақпараттық жүйеде айналатын, барлық бөлімшелер жөніндегі ақпараттың үлкен көлемдерінің салдарынан пайдаланылатын бағдарламалық құралдар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Операционды жүйе – Microsoft Windows, Server, Workstation.
Өңдеудің ортасы – Delphi.
