- •Қазақстан республикасының білім және ғылымминистрлігі
- •Курстық жұмыс Тақырыбы: Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
- •2.1. Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен
- •Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
- •1.1. 3) Осы қызметті жүзеге асырушы тұлғалар және ұйымдық құрылымдар
- •3. «Несие беру операциялар бойынша қызмет көрсету» аж-сіне қойылатын талаптар
- •1)Несиелер есебінің ақпараттық жүйесінің құрылымына қойылатын талаптар
- •2 ) Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету аж-нің ресурстарына қойылатын талаптар
- •3) Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
- •4) Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 5) Техникалық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 6) Бағдарламалық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 7) Математикалық қамтамасыздандыруға
- •1.3. 8) Лингвистикалық қамтамасыздандыруға
- •Концептуалдық сызба нұсқасы
- •Кіріс ақпараты
- •2.3. Шығыс ақпараты
- •Шығыс қатынастары ақпарат құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы
- •Шығыс қатынастары ақпарат құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы
- •Шығыс қатынастары ақпарат құрылымдық бірлігінің тізімі мен сипаттамасы
- •Ақпараттық модель
- •Несие берудің мәліметтер базасының құрылымы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі
3) Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.
АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.
Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:
ақпараттың сандық және сапалық сипаттамалары;
ақпараттың құрамы қандай;
ақпаратты іздеу уақытының азаюы;
Ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері және құрылымы, құрамы «корпоративті клиенттерге қызмет көрсету» АЖ-нің есептер орналымымымен сәйкес түрде келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
мәліметтер базасының барлық элементтеріне жататын құрылым деңгейінен тәуелсіз түрде оңай қол жеткізу;
мәліметтер базасын ұйымдастырудың алгоритмнің функционалдық міндетінен тәуелсіздіктері;
басқару жүйесінің барлық функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттың жеткіліктіктері;
ақпаратты сақтаудың кедергілерден қорғалғандығы мен сенімділіктері.
Ақпаратпен жабдықтау–бұл АЖ-дағы қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпарат қоймасы – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі.
Машинадан тыс ақпарат қоймасы – АЖ-ны жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің, мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат қоймасының бір бөлігі. Машинадан тыс ақпарат қоймасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мөлшерлік-анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады
.
Машинадан тыс ақпараттық база
Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйенің әрекет етуінде есептеуіш техникасының құралдарын қолданусыз адаммен қабылданатын түрде пайданылатын, хаттамалар, сигналдар және құжаттардың жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі.
Машинадан тыс ақпараттық база жіктеумен кодтау жүйесін, нормативті-анықтамалық құжаттарды, оперативті ақпаратты қосады.
Оперативті ақпарат уақыттың дәл берілген сәтінде объекттің күйлерін көрсетеді, яғни, бұл біріншілік, өңделмеген ақпарат.
Машина ішіндегі ақпараттық база
Машина ішіндегі ақпараттық база – белгілі белгілері бойынша топтастырылған, жүйенің машиналық тасымалдаушыларында АЖ-де пайдаланылатын мәліметтер жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі. Машиналық тасымалдаушылар ЭЕМ-да немесе ДЭЕМ-да ақпаратты автоматты енгізу үшін жарамды, материалдық объектті білдіреді. Оларға қатты магниттік дисктер (винчестерлер), жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер), магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромдық тасымалдаушылар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және тасымалдаушылардың басқа түрлері жатады. Қазіргі уақытта жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер) кең қолданылады.
Машина ішіндегі ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, оперативті және қызметтік болады. Тұрақты ақпараттық массивтерді (нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтері) нормативті құжаттардан және анықтамалардан алады, мәліметтерді өңдеуді бастағанға дейін қалыптасады және ақпараттық жүйелердің есептерін шешуде пайдаланылады. Нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтеріне жіктеуіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпарат жатады.
Мәліметтер базасы (МБ) тікелей қол жеткізудің (магниттік дискілер) есте сақтаушы құрылғыларында сақталатын өзара байланысқан ақпараттық массивтердің аталған құрылымданған жиынтығын білдіреді және АЖ-нің басқару функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
МБ құрудың мақсаты мәліметтерді өңдеудің уақытын қысқарту, мәліметтердің қарама-қайшылығы мен сәйкессіздігін жою, МБ-да мәліметтерді сақтаудың сенімділігі және тағы басқалар болып табылады.
Машина ішіндегі ақпараттық база, берілген есептің мәліметтер базасы қатты және жұмсақ магниттік дискілерде орналасқан, ақпараттың (файлдардың) массивтерінен тұрады.
