Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БІРІНШІ КІШІ ТОПТЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ -4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332 Кб
Скачать
☆

2017 Жыл, желтоқсан айы Өтпелі тақырып: «менің қазақстаным»

Мақсаты: Балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, олардың патриоттық сезімдерін оятуға ықпал жасау. Туған өлкелерінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Астана қаласымен, мемлекеттік рәміздермен және еліміздің Тұңғыш Президентімен таныстыру;

- туған жерге деген мақтаныштарын, қызығушылықтарын ояту;

- балаларды тыңдаған әңгімелер мен тақпақтардың мазмұнын тыңдай білуге және түсінуге үйрету.

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1,

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

Жайнай бер, Қазақстаным!

1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Ұзындығы 2,5-2м, ені 20 см тақтай бойымен жүру.

Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру.

Қимылды ойын: «Көкпар»

2.Бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру.

Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы себетке допты дәлдеп лақтыру.

Қимылды ойын: «Қуыспақ»

3. Шығыршықтың (обруч) ішіне қос аяқпен секіру.

Кедергілер арасынан жүгіру.

Қимылды ойын: «Мен чемпионмын »

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әке мен бала және ескі құмыра» ертегісі.

Фланелеграф театрында сахналау.

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнын түсінуге қалыптастыру. Берілген сұрақтарды түсініп, жауап беруге дағдыландыру.

Саусақ театры «Отбасы мүшелерін атаймыз»

Сенсорика

Тақырыбы: «Мұнара»

Мақсаты: Үш түсті (текшелер, конустар, цилиндрлер) бөліктері біртіндеп кемитін, бір өлшемді шарлар мен текшелерден мұнаралар құрастыру

Дидактикалық ойын:

«Түстерін ата»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. (рәміздер мен таныстыру)

Үстел-үсті ойыны: «Бөліктерді құрастыр»

Сурет салу

Тақырыбы: «Мұржадан түтін будақтайды»

Мақсаты: Қарындашпен үзбей ирек сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Суретті толықтыр»

Музыка

Тақырыбы: «Туған жерді сүйемін»

Мақсаты: Музыканың сүйемелдеуімен шеңберде айнала жүру, жұптаса қимылдар орындау.

Ән тыңдау: «Туған жер» К.Дүйсекеев

Ән айту: «Аяз ата, ақ ата» Ө.Байділдаев

Әуенді-ырғақты қимыл-ойын: «Ұлпақарлар биі»

Музыка

Тақырыбы: «Туған жерді сүйемін»

Мақсаты: Музыканың сүйемелдеуімен шеңберде айнала жүру, жұптаса қимылдар орындау. Эмоциясын көрсете білуін қалыптастыру.

Ән тыңдау: «Туған жер» К.Дүйсекеев

Ән айту: «Аяз ата, ақ ата» Ө.Байділдаев

Әуенді-ырғақты қимыл- ойын: «Ұлпақарлар биі»

Таза ауаға бір-бірімен қол ұстасып шығуға үйрету.

Туған өлкем

2 - апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Еденде ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру.

Сызықтардың, жіптердің арасымен жүгіру.

Қимылды ойын: «Кішкентай мергендер»

2.Бағдар бойынша кілемнің бойымен жүріп келіп,

бір орында баяу айналу.

Қимылды ойын: «Қуыршақпен бірге айналайық»

3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.

Қимылды ойын: «Кім күшті?»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жасыл шырша» (өлең) Есентай Ерботин

Мақсаты: Шырша туралы өлеңді оқу, өлең мазмұнымен түсінуге үйрету. Сөздік қорын дамыту.

Дидактикалық ойын: «Шыршаны безендіреміз»

Құрастыру

Тақырыбы: «Көпір»

Мақсаты: Құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып, жасауға үйрету.

Ойын жаттығуы: «Көпір жасайық»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Табиғат туған үйіміз»

Мақсаты: Табиғаттағы құстарға, өсімдіктерге, жан-жануарларға көмек көрсете білуге үйрету. Дидактикалық ойын: «Құстың ұясы»

Сурет салу

Тақырыбы: «Маймақ маң-маң басады»

Мақсаты: Аюдың ізін қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету.

Үстел-үсті ойыны: «Аюды құрастыр» (түймелеу әдісі арқылы)

Музыка

Тақырыбы: «Менің қалам»

Мақсаты: Туған қалаға сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Қаланың қысқы көрінісін сипаттау. Ересектермен бірге ән салуға дағдыларын жетілдіру.

Ән тыңдау: «Менің қалам-Қызылорда» А.Еспенбетова

Ән айту: «Аяз ата» Т.Әбдіқадіров

Әуенді-ырғақты қимыл-ойын

«Қар жинаймыз»

Аппликация

Тақырыбы: «Менің үйім»

Мақсаты: Балаларға пішіндерден (үшбұрыш, төртбұрыш) геометриялық пішіндер арқылы үй құрастыруға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Қонжыққа үй жасайық»

Бірігіп ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Астана-Отанымыздың жүрегі

3- апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Бір сызықтан қос аяқпен секіру.

Допты себетке лақтыру.

Қимылды ойын: «Дәл түсір»

2.Төрттағандап тақтайдың үстімен жүріп, бірнеше кедергіден (лента, текше) өту.

Қимылды ойын: «Сызықтың бойымен жүр»

3.Шеңберден шеңберге аттау.

Допты қағып алу.

Қимылды ойын: «Допты қуып жет»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Астана» (өлеңін жаттау)

Ермек Өтетілеуов.

Мақсаты:

Балаларды өлең жолдарын тыңдап, бірнеше қайталату арқылы қысқа тақпақты жаттап айтуға үйрету. Үстел-үсті ойыны: «Бәйтеректі құрастыр»

Сенсорика

Тақырыбы: «Мегадағы ойыншықтар»

Мақсаты: Балаларды «мұнда», «анда» деген белгілер бойынша ойыншықтарды кеңістікке орналастыра білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты: Видеоролик арқылы Қазақстанның жабайы аңдарымен таныстыру (ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр)

Ойын жаттығу: «Мекенін тап»

Сурет салу

Тақырыбы: «Әсем қаланың өрнектері»

Мақсаты: Түрлі-түсті фломастерді пайдалана отырып, әсем гүлзарларды безендіруге үйрету, негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Үстел-үсті ойыны: «Бөліктерді құрастыр»

Музыка

Тақырыбы: «Астана-бас қала»

Мақсаты: Астана қаласы туралы әңгімелеу. Шеңбермен айнала жүру дағдыларын көрсету.

Ән тыңдау: «Менің Отаным» Б.Ғизатов

Ән айту: «Аяз ата» Т.Әбдіқадіров

Әуенді-ырғақты қимыл-ойын:

«Қар жинаймыз» ойыны

Музыка

Тақырыбы: «Астана-бас қала»

Мақсаты: Астана қаласы туралы әңгімелеу. Шеңбермен айнала жүру дағдыларын көрсету.

Ән тыңдау: «Менің Отаным» Б.Ғизатов

Ән айту: «Шырша жыры» Б. Дәлденбаев

Әуенді-ырғақты қимыл-ойын:

«Қонжықтар» биі

Өздеріне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.

Тәуелсіз Қазақстан

4-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Шеңбер бойымен жүру.

30-40 секунд бойынша үзіліссіз жүгіру.

Жәй қимылды ойын: «Ұшты, ұшты»

2.Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.

Бір сызықтан қос аяқпен секіру.

Қимылды ойын: «Жалаушаға тез жет»

3.Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру.

Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу

Спорттық отбасылық сайыс: «Алға, бүлдіршін»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты: Балаларды ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.

Үстел-үсті ойыны: «Суретті құрастыр»

Құрастыру

Тақырыбы: «Бәйтерек»

Мақсаты: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырта алуға дағдыландыру.

Қызықты ойын жаттығу: «Мұнара қала»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: Еліміздің рәміздерімен таныстыру, ой-өрісін кеңейту.

Дидактикалық ойын: «Тапқырлар»

Сурет салу

Тақырыбы: Шуақты күн

(дөңгелек үлгісі)

Мақсаты: Фломастермен түзу сызықтар арқылы күн сәулесін салу әдісін дамыту.

Қимылды ойын: «Күн және түн»

Музыка

Тақырыбы: «Қазақстан-елімнің аты»

Мақсаты: Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қарапайым би қимылдарында жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу

Ән тыңдау: «Отаным» К.Қуатбаев

Ән айту: «Шырша жыры» Б. Дәлденбаев

Әуенді-ырғақты қимыл-ойын

«Қонжықтар» биі

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Пирамида»

Мақсаты: Балаларға ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ жұмыр мүсіндер жасауға үйрету. Шар пішініне келтірген соң алақан арасына салып сопақша етіп есу.

Үстел-үсті ойыны: «Пирамида жасаймыз»

Еліміздің рәміздері-мен таныстыру, оларды атауға үйрету.

2018 жыл қаңтар айы