Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БІРІНШІ КІШІ ТОПТЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ -4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332 Кб
Скачать
☆

Өтпелі тақырып: «біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты: Балаларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Олардың сөйлеуін, зейінін және қиялын дамытуға ықпал жасау.

Міндеттері:

-мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек дағдыларын жетілдіру;

- үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету;

-танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1,

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

Аялайық гүлдерді

1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Орнынан ұзындыққа секіру. (35-40см).

Текшелерден аттап өту.

Қимылды ойын: «Гүлдерді жинайық»

2.Ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру.

Нысанаға дейін еңбектеу.

Қимылды ойын: «Құмыраны толтыр»

3.Допты алдарындағы доғадан домалатып өткізу.

Кеглилер арасымен қос аяқпен секіру.

Қимылды ойын: «Доп шеңбер ішінде»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бақ-бақ гүлін қарау»

Мақсаты: Балаларды өсімдіктерді күтуде еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдана білуге үйрету. Өсімдіктерді аялап күтуге тәрбиелеу.

Үстел-үсті ойыны: «Гүлді құрастыр» (Дьенеш блоктары)

Сенсорика

Тақырыбы: «Түрлі –түсті гүлдер»

Мақсаты: Фланелеграфта түрлі-түсті гүлдерді орналастыру барысында «жоғары - төмен», «үстінде-астында» кеңістіктік ұғымдарын үйрете отырып жұмыс жасауға дағдыландыру.

Дидактикалық ойын: «Алаңқайды гүлдендір»

Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Кіп-кішкентай алқызыл гүл»

Мақсаты: Гүлдерді ажыратып, атай білуді қалыптастыру, ауладағы гүлдер мен шөптердің түстерін атау. (ауладағы және бөлмедегі гүлдейтін өсімдіктер),

Дидактикалық ойын: «Не істеу керек?»

Сурет салу

Тақырыбы: Егістіктегі бақбақтар

Мақсаты: Жасыл түсті қағаз бетіне ақ түсті бояумен, мақталы таяқшаны қолдана отырып сурет салуға үйрету.

Ойын тапсырма: «Құмыраны құрастыр»

Музыка

Тақырыбы: «Қызыл, сары көп гүлдер»

Мақсаты: Ән-әуенге әсерлену. Әуеннің ырғағына сай жай басып жүруге, жүгіруге, ырғақты сезіне білуге үйрету.

Ән тыңдау: «Гүлдер» әні

Ән айту: «Жаңбыр» А.Айтуова

Әуенді-ырғақты қимыл- ойын: «Гүлдермен билейміз»

Музыка

Тақырыбы: «Қызыл, сары көп гүлдер»

Мақсаты: Ән-әуенге әсерлену. Әуеннің ырғағына сай жай басып жүруге, жүгіруге, ырғақты сезіне білуге үйрету. Ән салу дағдыларын жетілдіру.

Ән тыңдау: «Гүлдер» әні

Ән айту: «Жаңбыр» А.Айтуова

Әуенді-ырғақты қимыл- ойын: «Гүлдермен билейміз»

Балаларды таза ауадағы серуен кезінде бірігіп ойнауға үйрету.

Ас атасы-нан

2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Берілген бағытта әртүрлі қарқынмен жүгіру.

Гимнастикалық орындық үстімен жүріп келіп,бір орнында баяу айналу. Қимылды ойын: «Жолдан шықпа»

2.Шеңберден шеңберге секіру.

Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу. Қимылды ойын: «Төбешікке мінеміз»

3.Заттардың арасымен қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру. Кішкентай допты оң қолдарымен себетке лақтыру.

Қимылды ойын: «Астық жинаймыз»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ» (орыс халық ертегісі, ертегінің жаңа нұсқасын көрсету)

Мақсаты: Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Ойын тапсырма: «Бауырсақтың жолы»

Құрастыру

Тақырыбы:

«Ыстық тоқаш»

Мақсаты: Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Үстел-үсті ойыны: «Суретті құрастыр»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Ас атасы-нан»

Мақсаты: Балаларды нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын тастамай, оны қастерлей білуге баулу.

Дидактикалық ойын: «Дәмін тап»

Сурет салу

Тақырыбы: Дастархандағы бауырсақ

Мақсаты: (Дәстүрден тыс) Қақпақтармен батыру әдісі арқылы сурет салуға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Тәрелкеге бауырсақтарды жина»

Музыка

Тақырыбы: «Ас атасы-нан»

Мақсаты: Әуен ырғағын тыңдап, еркін қимылдауын қадағалайды. Ән мәтініне сәйкес қимылдау.

Ән тыңдау: «Ас атасы-нан» Б.Жұмабекова

Ән айту: «Бауырсақтың әні» (Бауырсақ ертегісінен)

Әуенді- ырғақты қимыл- ойын: «Қуып жет!»

Аппликация

Тақырыбы: «Жүк машинасы»

Мақсаты: Егістік көлік түрлерімен таныстыру, дайын пішіндерді қолдана отырып, композиция жасауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Машинаның дөңгелегін таңда»

Балалардың өзін- өзі ұстауға үйрету

Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі

3- апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Бөренелерден аттап өту.

Допты бір-біріне еңкейіп тұрып домалату.

Қимылды ойын: «Ұсталған шыбындар»

2. Белгі бойынша тоқтап, жүгіру.

Гимнастикалық орындық үстімен,қолды белге қойып жүріп өту. Қимылды ойын: «Аралар»

3.Кішкентай доппен кегельдер арасында ирелеңдеп жүгіру.

Гимнастикалық орындық үстімен,қолды белге қойып жүріп өту. Қимылды ойын: «Тордағы құс»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жәндіктер: құмырсқалар, көбелектер, аралар»

Мақсаты: Кітапшалардағы суреттерге қарау, олардың мазмұны бойынша балаларға сұрақтар қойып, 3-5 сөзден тұратын сөз тіркестері арқылы жауаптар құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Дидактикалық ойын: «Көлеңкесіне сәйкес орналастыр»

Сенсорика

Тақырыбы:

«Әдемі көбелектер»

Мақсаты: Көбелектерді түстеріне және көлеміне сәйкес іріктеу. Негізгі түстер жайлы білімдерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Көбелектер қонады»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жәндіктер»

Мақсаты: Балаларды жәндіктермен, олардың өзіне тән белгілерімен таныстыру (көбелек, қоңыз).

Үстел-үсті ойыны: «Қиынды суреттерді құрастыр»

Сурет салу

Тақырыбы: Шөптегі қанқыз (үлгідегі қанқыз)

Мақсаты: Балаларға шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру. Шөпті бейнелегенде оның толық бетті қамтуын қадағалау.

Дидактикалық ойын: «Қанқызының түймелерін орналастыр»

Музыка

Тақырыбы: «Жәндіктер әлемінде»

Мақсаты: Көркем-ойындық бейнелерге сай қимылдарға еліктеу, әуенді есту, сезіну, ән айту қабілеттерін дамыту.

Ән тыңдау: «Араның әні» А.Еспенбетова

Ән айту: «Көбелек» К.Қуатбаев

Әуенді- ырғақты қимыл-ойын: «Көбелектер биі»

Музыка

Тақырыбы: «Жәндіктер әлемінде»

Мақсаты: Таныс әуенді тыңдау, тану. Қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыру

Ән тыңдау: «Араның әні» А.Еспенбетова

Ән айту: «Көбелек» К.Қуатбаев

Әуенді- ырғақты қимыл-ойын: «Шегірткелер секіреді»

Ересектердің берген тапсырма ларын орын дауға дағдыландыру

Еңбек бәрін жеңбек

4-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру.

Допты нысанаға көздеп лақтыру.

Қимылды ойын: «Кубиктерді жинастыр»

2.Бағытты өзгертіп жүгіру.

Доғаның астынан еңбектеп өту.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

3. Допты бір метр қашықтықтағы қақпаға домалату.

Допты қос қолдап торға лақтыру. Спорттық іс-шара: «Ептілер, күштілер»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алғашқы көмек» (әңгіме) Ж.Бұғыбаев

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын талдауға, оларға баға беруге, өзінің көзқарасын білдіруге үйрету.

Ойын тапсырма: «Қуыршаққа көмектес»

Құрастыру

Тақырыбы: «Төбешік құрастырайық»

Мақсаты: Құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып жасауға үйрету.

Үстел –үсті ойыны: «Үй қалаймыз»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үлкендердің еңбегін бағалау»

Мақсаты: Сурет көрсету арқылы үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру. Құрметтеуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: «Анама көмектесемін»

Сурет салу

Тақырыбы:

«Қошақандарға шөп береміз»

Мақсаты: Жасыл түсті пайдалана отырып шөптердің суретін салуға үйрету. Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу.

Дидактикалық ойын: «Қошақанға шөп береміз»

Музыка Тақырыбы: «Біз еңбекқор баламыз»

Мақсаты:Әнді тыңдауға және әуенге жеңіл қозғалуға, шеңбер бойымен тұруға, жүруге, жұптаса билеуге дағдыландыру.

Ән тыңдау: «Қолқанат» Д.Омаров

Ән айту «Мамыр айы келіпті»

Әуенді ырғақты қимыл-ойын: «Кел, кел құрбым билейік!»

Мүсіндеу

Тақырыбы:

«Құстарға жем дайындайық»

Мақсаты: Ермексазды шымшып үзіп алу әдісін үйрету.

Дидактикалық ойын: «Құстарға жем береміз»

Өз тілектерін білдіру үшін қажетті сөздерді қолдануға үйрету.