Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БІРІНШІ КІШІ ТОПТЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ -4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332 Кб
Скачать
☆

2018 Жыл наурыз айы Өтпелі тақырып: «салттар мен фольклор»

Мақсаты: Қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

-ұлттық мерекелер туралы туралы түсініктерін кеңейту және дамыту;

-шығармашылық білім беру саласы бойынша балаларды ұлттық өнерге, салт-дәстүрлерге баулу;

- ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тақырыпша

«Денсаулық»-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-1

Сөйлеуді дамыту-0,5

Көркем әдебиет -0,5

Таным- 2

Сенсорика-0,5

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану-1

Шығармашылық- 3

Сурет салу-1,

Мүсіндеу-0,25

Аппликация-0,25;

Музыка – 1,5

Әлеумет-0

Қазақсан халқының салттары мен дәстүрлері

1-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жүру.

Арқанның астымен нысанаға дейін еңбектеу.

Қимылды ойын: «Арқан тарту»

2.Орнынан ұзындыққа секіру (30-35см).

Текшелерге шығу, қолын жоғары көтеру және түсу. Музыкалық жаттығу «Қошақанмен биле»

3.Жуан арқан бойымен бір қырындап адымдай жүру.

Допты 1 м қашықтықтағы қақпаға домалату.

Қимылды ойын: «Асықты жина»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Киім дүкені»

Мақсаты: Балаларды ұлттық киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Көйлектердің бөркін тап»

Сенсорика

Тақырыбы: «Сақинаны ал»

Мақсаты: Балаларда заттық – жабдықтық әрекетті қалыптастыру: таяқтың көмегімен түрлі –түсті сақиналарды өзіне қарай жылжыту.

Қимылды ойын: «Кел, сақинам кел»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қуыршақ Айару»

Мақсаты: Ұлттық киім ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды әңгімелеуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Қонаққа дайындық»

Сурет салу

Тақырыбы: Орамалды безендіру

Мақсаты:

Қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, Орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету. Балаларды әсемдікті көре білуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойын: «Әдемі пішіндер»

Музыка

Тақырыбы: «Қазақсан халқының салттары мен дәстүрлері»

Мақсаты: Әндегі қайталанатын тіркестерді, ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.

Ән тыңдау: «Тұсау кесу» Халық әні

Ән айту: «Ақ әжем» К.Қуатбаев

Әуенді-ырғақты қимылды ойын: «Шабандоздар» биі.

Музыка

Тақырыбы: «Қазақсан халқының салттары мен дәстүрлері»

Мақсаты: Әндегі қайталанатын тіркестерді, ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру. Биге икемділіктерін жетілдіру.

Ән тыңдау: «Тұсау кесу» Халық әні

Ән айту: «Ақ әжем» К.Қуатбаев

Әуенді-ырғақты қимылды ойын: «Шабандоздар» биі.

Үлкендердің сөзін тыңдау ға үйрету.

Ертегілер елінде. Театр әлемі

2-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Бір және екі қолмен еденге ұру.

Еңіс тақтайдың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру. Қимылды ойын: «Машаны қуып жет»

2.Гимнастикалық таяқшалардан аттап жүру.

30-40 секунд бойына үзіліссіз жүгіру.

Қимылды ойын: «Бауырсақпен бірге аттайық»

3.Түзу сызық үстімен аяқ ұшымен жүру. Алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см). Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналау)

Мақсаты: Балаларды ертегі тыңдауға және әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарына талдау жасауға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Кейіпкерлерді ата»

Құрастыру

Тақырыбы: «Құс»

Мақсаты: Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Дидактикалық ойын: «Не қайда тұрады?»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Төлдер айтысы» (Ертегіні үстел-үсті театрында сахналау)

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін талдау, әңгімелеу.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

Сурет салу

Тақырыбы:

«Қуыршақтың көйлегін безендіреміз»

Мақсаты: Саусақ арқылы көйлекті дөңгелек пішіндермен (үлкен-кіші) безендіруге үйрету. Негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Дидактикалық ойын: «Қуыршақ қонаққа дайындалуда»

Музыка

Тақырыбы: «Наурыз тойын тойлаймыз!»

Мақсаты: Музыкамен иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу.

Ән тыңдау: «Наурыз келді алақай! А.Еспенбетова

Ән айту «Наурыз келді, алақай!»

Б. Жұмабекова

Әуенді-ырғақты қимылды ойын: «Қамажай» (Халық әні)

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты: кеңістік бетіндегі түзу сызықтың үстіне дөңгелек пішінді дұрыс орналастыруға үйрету

Дидактикалық ойын: «Сәйкесінше орналастыр»

Ертегі кейіркерлерінің мінез –құлқын тануға үйрету.

Өнер көзі халықта

3- апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.10 см биіктікке көтеріле өрмелеу.

Жолмен жалаушаға дейін еңбектеу.

Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық»

2.Кішкене қапшықты төбесіне қойып, тақтай үстімен жүру. Музыкалық -қимылды ойын: «Қамшы алу»

Таяқшадан қос аяқтап секіру.

3.Доғаның астымен допты домалатып еңбектеу. Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кигіз үйдегі ыдыстар»

Мақсаты: Балаларға ұлттық ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету. Ыдыс-аяқтар, тағамдар атауларын сөз таптарында қолдануға үйрету.

Дидактикалық ойын: «Дастарханға сәйкес кесені таңда»

Сенсорика

Тақырыбы: «Құмыралар»

Мақсаты: Аз, көп, артық, кем, сонша ұғымдарымен салыстыру. Көлемін анықтауға, зерттеуге үйрету.

Қимылды ойын: «Сандыққа жина»

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Менің асықтарым»

Мақсаты: Асықтар және оның түрлерімен, түстерімен таныстыру.

Дидактикалық ойын: «Ұяшықтарға орналастыр»

Сурет салу

Тақырыбы: «Әжемнің жіп шумақтары»

Мақсаты: Балаларды түрлі-түсті фломастермен жіп орамының суретін салуға фломастерді қатты қыспай қағаздың ортасынан бір нүктені белгілеп, сол жағынан жоғарыдан бастап қолды үзбей дөңгелетіп салуға үйрету.

Ойын жаттығу:

«Ұршыққа жіптерді ора»

Музыка

Тақырыбы: «Өнер көзі-халықта!»

Мақсаты: Музыканы тыңдай отырып, қол қимылдарын: «шапалақ-шапалақ», аяқ қимылдарын: «топ-топ» жасау дағдыларын қалыптастыру.

Ән тыңдау: «Кел, билейік!» Б.Байқадамов

Ән айту «Наурыз келді, алақай!»

Б. Жұмабекова

Әуенді-ырғақты қимылды ойын: «Қамажай» (Халық әні)

Музыка

Тақырыбы: «Өнер көзі-халықта»

Мақсаты: Музыканы тыңдай отырып, қол қимылдарын: «шапалақ-шапалақ», аяқ қимылдарын: «топ-топ» жасау дағдыларын қалыптастыру.

Ән тыңдау: «Соқ, барабан» (Үнтаспада барабан үні.)

Ән айту:

Әуенді ырғақты қимыл-ойын:

«Киіз үйлер құрамыз»

Балалардың өздеріне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру. Қолды дұрыс жууға үйрету.

Нұр төккен, гүл көктем

4-апта

Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Заттардың арасымен қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру.

Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу.

Қимылды ойын: «Секіргіш қөжектер»

2.Таяқшалардан қос аяқпен секіру.

Қабырғадағы гимнастикалық баспалдаққа өрмелеу. Қимылды ойын: «Теңге алу»

3.Бір тізбекпен жүру.

Баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру. Спорттық іс-шара: «Көкпар»

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

«Наурыз мейрамы» (сурет бойынша әңгімелесу)

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын ұғынуға көмектесу, мейрам, наурыз және тағы да басқа жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. Үстел-үсті ойыны: «Қоржынды құрастыр»

Құрастыру

Тақырыбы: «Бақбақтар»

Мақсаты: Жұмарлау, жырту, умаждалған және жыртылған қағаздардан құрастыру. (қағаздар)

Дидактикалық ойын: «Бақбақтар жинау»

Жаратылыстану

Тақырыбы:

«Көктем келді»

Мақсаты: Көктем мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен, балабақшаның ауласында өсетін ағаштар мен бұталарды таныстыру. Дидактикалық ойын: «Құстарға ұя жаса»

Сурет салу

Тақырыбы: «Көктемгі ағаштар»

Мақсаты: Қылқаламмен дайын үлгідегі суретке сүйкей отырып жапырақтар салуға үйрету. Ойын жаттығу: «Ағаштардағы бүршіктерді орналастыр»

Музыка

Тақырыбы: «Көктем күні тамаша!»

Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Ән тыңдау: «Көктем» А.Еспенбетова

Ән айту: «Жаңбыр» А.Айтуова

Әуенді ырғақты қимыл-ойын:

«Күн мен жаңбыр»

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Сәбіз»

Мақсаты: Балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салып есу әдісі арқылы, бейне жасауға үйрету

Дидактикалық ойын: «Қоянды тамақтандыр»

Айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға үйрету

2018 жыл сәуір айы