- •Биомедицина негіздері.Анықтамасы. Пәні және міндеттері
- •2 .Тіршіліктің анықтамасы
- •3. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері
- •Молекулалық деңгей
- •Жасушалық деңгей
- •Ұлпалық деңгей
- •4. Жасуша – тіршіліктің қарапайым бөлігі.
- •5.Жасуша теориясы
- •6.Эукариот жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •7. Прокариоттар жасушаларының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы мен қызметтері.
- •Прокариоттардың маңызы
- •Вирустардың жалпы қасиеттері
- •9.Плазмалемма
- •10.Эукариот жасушасындағы ядроның құрылысы мен қызметтері.
- •15.Липидтер
- •16.Көмірсулар
- •17.Мембрана липидтері
- •18.Мембрана ақуыздары
- •19. Төменгі молекулалық заттардың тасымалдануы
- •20. Жоғарғы молекулалық заттардың тасымалдануы
- •21. Мембрана арықылы заттардың пассивті тасымалдануы
- •22. Мембрана арқылы заттардың активті тасымалдануы
- •23.Жасушаның метаболизмі. Анаболизм.
- •24. Жасушаның метаболизмі. Катаболизм.
- •25. Автотрофты ағзалар.
- •27.Энергетикалықалмасу.Дайындық кезеңі
- •30.Жануарлар жасушасындағы пластикалық алмасу.
17.Мембрана липидтері
Фосфолипидтер-«бас» бөліміне бір-бірімен байланысқан азоттық негіз қалдығы, фосфат тобы және глицериннің 3 атомдық спиртінің қалдықтары кіреді. Бұлар гидрофильді болады. Гидрофобты «құйрықтардың» құрамына кіретін май қышқылдарының қалдықтары глицеринмен байланысқан. Қаныққан майқышқылы (пальметин), қанықпаған май қышқылы (олеин) кездеседі. Кейбір мембраналарда фосфолипидтің түрі кардиолипиндер- бұлар бір-бірімен байланысқан 2 фосфатид қышқылы болып табылады. Бұл молекулаларың 4 көмірсутек «құйрығы» және үлкен гирофильді «басы» болады.
Сфинголипидтер-фосфолипидтерден ерекшелігі глицеринмен бір май қышқылының орнына-18С атомы, бір қосарланған байланысы бар қосатомды аминоспирт-сфингозин кездеседі. Сфингозин сфинголипидтердің гидрофильді «басының» құрамына кіреді. Бұлардың маңызды өкілі-сфингомиелин. Мұнда азоттық негіз ретінде холин болады.
Гликолипидтер-құрамында да сфингозин болады, бірақ олардың гидрофильді «басының» құрамына азоттық негіз және фосфат тобы емес бір көмірсу кіреді. Гликолипидтердің екі тобы бар: цероброзидтар (галактоза не глюкоза болады) және ганглиозидтер (олигосахарид болады).
Холестериннің құрылысы алдынғы үшеуінен ерекшелеу болады. Холестерин ұзынынан созылған 4 көмірсутекті циклдардан және көмірсутекті бүйір тізбегінен тұрады. Жалғыз гидроксил тобынан бөлек, холестерин гидрофобты қосылыс болып табылады. Соған байланысты холестерин липидтік қосқабаттың ортасында орналасады.
Мембранада фосфолипидтер мен сфинголипидтер мөлшерінің көбеюі оның тұрақтылығын төмендеуіне алып келеді. Холестерин мен гликолипидтер де мембрана тұрақтылығына әсер етеді.
Липосома-қабырғасы липидтік қосқабаттан тұратын дөңгелек көпіршіктер.
Мицеллалар-дөңгелек түйіршіктер, қабырғасы бір қабаттан тұрады.
Липосомалар мен мицеллалар- жасушада заттарды тасымалдауға ең ыңғайлы тасымалдау формалары болып табылады, липосомалар арқылы суда еріген заттар, мицеллалар арқылы майда еріген заттар тасымалданады.
18.Мембрана ақуыздары
Құрылымдық ақуыздар-жасушаға және оның органеллаларына белгілі бір форма беріп тұрады, мембраналардың кейбір механикалық қасиеттерін қалыптастырады, мембрананың цитоскелетпен немсе хромосомалармен байланысуын қамтамасыз етеді.
Тасымалдау ақуыздары-Мембраналық липидтік қосқабат тек кейбір ұсақ гидрофобтық молекулаларды ғана және өте ұсақ молекулаларды ғана өткізеді. Қалған заттар тасымалдау жүйесінің-транслоказалардың болған жағдайларында ғана жүзеге асады. Оның нәтижесінде мембрана арқылы заттардың тұрақты тасымалдану ағыны қалыптасады, иондар тасымалы барлық жасушаларда трансмембраналық потенциалдың түзілуіне және өзгеріп отыруына алып келеді.
Жасушаралық әрекеттесулерді қамтамасыз ететін ақуыз-екіге бөлінеді: а)жасушалардың бір-бірмен және жасушалық емес құрылымдармен байланысуы үшін қажет адгезитік ақуыздар, б)арнайы жасуша аралық түйісулердің пайда болуына қатынасатын ақуыздар.
Сигналдардың берілуіне қатынасатын ақуыздар-Жасушада сигналдардың берілуі көптеген жағдайларда және түрліше жолдармен жүзеге асады. Үшке бөлінеді а)рецепторлық ақуыздар б)эффекторлық ақуыздар в)медиаторларды активсіздендіретін не жасушаішілк медиаторларды пайда ететін ферменттер болуы тиіс.
Эритроциттер плазмолеммасының кейбір ақуыздары:
1.Спектрин-фибриллалық нәруыз. Екінші бір ақуыз анкиримен бірге плазмолемманың ішкі бетімен байланысады. Олар мембрананың цитоплазмалық бетінде торланып орналасып, оған қаттылық және серпімділік береді.
2.Гликофорин-интеградық ақуыз. Ол мембрананы өне бойына тесіп өтіп, сыртқы және ішкі бетінен шығып тұрады.
Гликофориннің пептидтік тізбегінің үш учаскесі бар:
N-ұшы учаскесі-меммбрананың сыртқы бетінен шығып тұрады. Бұл жерде моносахаридтер теріс зарядталған сиала қышқылы болып табылады. Сиала қышқылының болуына байланысты эритроциттердің сыртқы беті едәуір теріс зарядталған, бұл эритроциттердің бір-бірімен жабысып қалуын болдырмайды.
Аралық учаске-липидтік қосқабаттың гидрофобтық аймағы арқылы өтеді. Мембрананың ортаңғы бөлігімен байланысады
С-ұшы учаскесі-мембрананың ішкі бетінде орналасқан. Онымен актин тәрізді ақуыздар, ал соңғылармен жасуша цитоскелетінің элементтері байланысады.
