Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молек.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139 Кб
Скачать
☆

25. Автотрофты ағзалар.

Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын жасыл өсімдіктер және хемосинтез процесі үшін химиялық қуатты пайдаланатын кейбір хемотрофты бактериялар жатады. Автотропты ағзалардың табиғатта маңызы өте зор, олар адам және жануар синтездей алмайтын барлық органикалық заттарды құрайды. Автотропты ағзаларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (паразиттер мен сапрофиттерден басқа), балдырлар және кейбір бактериялар жатады. Автотропты бактериялар органикалық заттарды минералды қосылыстардан синтездейді. Ол үшін химиялық реакциялар (хемоситез) қуатын пайдаланады. Мысалы, топырақ бактериялары -нитросомонас және нитробактер аммиакты азот қышқылының тұзына дейін тотықтырады да, одан босаған қуатты денесін құруға пайдаланады. Кейбір микроағза жасушасында хлорофилл тектес пигменттер болғандықтан, синтездеу процессіне қажетті қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші Автотропты микроағзалар деп атайды.  

Автотрофты организмдер (грек. autos – өзі және trophé – қорек)– қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер. Аутотрофты организмдерге жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады.

Автотрофты бактериялар минералды заттардан (H2SNaNO2NH4OH)органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады. Мысалы,топырақтағы нитросомонас және нитробактериялараммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да, одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады. Кейбір микроорганизмдер денесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажет қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші автотрофты микроорганизмдер деп атайды.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар да денесінде хлорофилл болғандықтан қарапайым қосылыстардан — көмір қышқыл газдан — күрделі органикалық заттартүзу процесінде күн сәулесінің қуатын пайдаланады.

Кейбір Аутотрофты организмдер витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттарды қоршаған ортадан алып отырады. Аутотрофты организмдердің басым көпшілігі СО2-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мысалы, метан түзушілер) СО2-ні басқа жолмен сіңіреді. Осыған байланысты көміртегі көзі ретінде метанды пайдаланатын бактерияларды да Аутотрофты организмдерге жатқызу жайлы пікірлер бар.

Аутотрофты организмдердің табиғатта маңызы өте зор. Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органикалық заттарды жинақтайды. Аутотрофты организмдер —биосферадағы органикалық заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші Аутотрофты организмдер ерекше орны алады, себебі олар биосферадағы органикалық заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162×109 т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді. Басқа Аутотрофты организмдер үлесі онша көп емес. Аутотрофты организмдер әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және де табиғаттағы заттардың биогеохимиялық айналымына маңызды ықпал етеді. Аутотрофты организмдер тағамдардық заттарды бүлдірмейді.

26. Гетеротрофты ағзалар.

Гетеротрофты организмдер (грек. heteros – басқа, жат, trophe – қорек) – негізінен дайын органик. заттармен қоректенетін организмдер. Олар өз денесінің құрамын бейорганик. заттардан түзе алмайды. Гетеротрофтарға адам және барлық жануарлар, паразиттік жолмен тіршілік ететін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроорганизмдер жатады. Гетеротрофтар энергияны органик. заттардың биол. тотығуының арқасында алады. Гетеротрофтардың қоректенуіне қарай үш түрі болады: сапрофитті немесе осмотрофты Гетеротрофтар – түрлі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ыдыраған немесе бөлінген өнімдермен қоректенетін организмдер (ашытқылар, зең микробтары, көптеген бактериялар); голозойлы немесе анималды Гетеротрофтар – басқа организм денесіндегі сөлдермен қоректенетін организмдер. Табиғатта аралас қоректенетін түрлері де бар, мыс., арам шырмауық басқа өсімдікке жабысып тіршілік етеді. Жасыл евглена денесінде жасыл пигменттер (хлорофилл) болғандықтан жарық кезде ол автотрофқа, ал қараңғыда – гетеротрофқа айналады. Кейбір өсімдіктер (қырықбуынның спора түзетін бұтақтары, дәнінің өніп келе жатқан тұқымдары) дамудың белгілі бір сатыларында гетеротрофтар болады. Гетеротрофтар табиғатта синтезделу процесі нәтижесінде аз мөлшерде болса да органик. заттар (мыс., көміртектің 10%-ы) түзеді. Құрамында жасыл пигменттер клеткалардың СО2 сіңіретін қабілеті хемосинтез және фотосинтез процестерінің эволюциясында шешуші рөл атқарды. Қазіргі кезде жануарлар тіндерінің де СО2-ні сіңіре алатын қабілеті бар екені анықталған. Осыған байланысты организмдерді автотрофтар мен гетеротрофтарға жіктеу – олардың көміртекті сіңіру қабілетіне емес, пайдаланатын энергия көзіне негізделген. Сондықтан Гетеротрофтарға көміртек көзі ретінде күрделі органик. қосылыстар (көмірсулар, майлар, ақуыздар) тотығуынан бөлінген көміртекті пайдаланатын организмдер; фотоавтотрофтарға – фотохим. әрекеттесуді пайдаланатын организмдер; ал хемоавтотрофтарға – органик. емес заттардың тотығуы кезінде бөлінген энергияны пайдаланатын организмдер жатады. Гетеротрофтар күрделі органик. заттарды ыдыратып және минералдандырып отыратын табиғаттағы зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Гетеротрофтар автотрофтармен бірігіп, табиғатта біртұтас биол. жүйені құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]