Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бала біздің жанымызда тренингтік сабағы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

«Бірден айтылған жауаптар» шағын лекциясы (автоматические ответы)

Бірден айтылатын жауаптардың барлығы 12 типі бар.

  1. Бұйрықтар, командалар: «Дәл қазір қой!», «Алып кет (алып таста)» және т.б.

  2. Ескертулер, алдын ала ескертулер, қорқытулар: «Егер де сен жылауыңды қоймасаң, мен кетіп қаламын".

  3. Мораль, адамгершілік туралы уағыз айту: «Сен өзіңді дұрыс ұстауға міндеттісің».

  4. Кеңестер, дайын шешімдер: «Ал сен, ... осылай айт».

  5. Дәлелдер, логикалық қорытынды, нотация, «лекциялар»: «Тамақ ішер алдында, қол жууды білетін уақыт болды ғой».

  6. Сын, сөгіс, кінәлаулар: «Бұл неге ұқсайды!», «Тағы да барлығын дұрыс істеген жоқсың!»

  7. Мақтау. Мақтау кезінде әрқашан да бағалау элементтері болады, сондықтан да бала жақын арада – мақтау бар жерде, сөгіс те болатындығын түсіне бастайды, не болмаса мақтауға тәуелді болып, оны күтіп, іздеп жүретін болады.

  8. Күлу, мазақ қылу: «Басың істемейді», «Жындысың ба?», «Аңқау болмасаңшы».

  9. Болжамдар, талдаулар (интпретация): «Мұның барлығы, сен ... болғандықтан екендігін білем».

  10. Сұрастыру, іздестіру, анықтау: «Жоқ, сен бәрібір де айтшы».

  11. Сөз жүзінде жанашырлық таныту, сендіру: «назар аудармай-ақ қой».

  12. Қалжыңдап, әңгімеден қашу.

Не істеуге болады? Баламен қалай дұрыс қарым-қатынас жасауға болады? Ол үшін белсенді тыңдау деген «қарым-қатынастың алтын ережесі» бар.

«Қолдар» ойыны

Мақсаты:психологиялық-эмоциялық қысымды азайту.

Қатысушылар жұппен жұмыс жасайды. Жүргізуші: қолдармен танысып, қолдармен ұрсысып, қолдармен татуласуды ұсынады.

«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы

Баламен жақсы қарым-қатынас орнату оңай бола бермейді, бірақ онсыз баланы қолдай алмаймыз. Тәрбиеші, үлкен және тәжірибелі адамдар болған соң, біз балалармен жиі нұсқаушы дауыспен сөйлесеміз. Сондықтан да олар бізді «естімей» үйренді. Тиімді қарым-қатынас жасаудың маңызды шарты тыңдай білу болып табылады. Осы өмірде сізді біреу мұқият тыңдаған кездегі жағдайды есіңізге алып көріңіз де, келесідей сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сізді мұқият тыңдап тұрғандығын, қандай белгілерінен білдіңіз?

  2. Сізді мұқият тыңдаған кезде, өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  3. Сіз әңгімеңізді ары қарай жалғастыру үшін, әңгімелесушіңіз не істеді?

Тренингке қатысушылардың жауаптары.

Жүргізуші: Барлық жағдайда, баланың көңіл-күйі жоқ болып, ренжіп, бір сәтсіз жағдай болғанда, оған өте ауыр тигенде, ұялғанда, қорыққанда, оған дөрекілік және әділетсіздік танытқан кезде, тіпті ол өте қатты шаршаған кезде – ең бірінші – сіз оның уайымын түсініп, оны ести алатындығыңызды түсіндіре білу. Егер де балаңызда эмоциялық мәселе болса, оны белсенді түрде тыңдау керек. Баланы белсенді түрде тыңдау – әңгіме кезінде оның сізге айтқандарын, оның сезімдерін түсінетіндей етіп қайтару дегенді білдіреді.

Оны қалай істейміз?

Біріншіден, егер де сіз баланы тыңдағыңыз келсе, міндетті түрде оған қарап отырыңыз. Оның және сіздің көздеріңіз бір деңгейде болуы өте маңызды.

Екіншіден, егер де сіз көңіл-күйі бұзылған баламен әңгімелесіп отырсаңыз, оған сұрақ қоюдың қажеті жоқ.

Үшіншіден, әңгіме кезінде «үзіліс жасау» өте маңызды. Әрбір сөзіңізден кейін үндемеген жақсы. Бұл уақыт балаға тиесілі екендігін ұмытпаңыз, оны өзіңіздің ойыңыз бен ескертулеріңізбен толтырмаңыз. Үзіліс балаға өз уайымын түсінуге және бір уақытта сіздің оның жанында екендігін толықтай түсінуге көмектеседі. Баланың жауабынан кейін де үндемеген жақсы, мүмкін, ол өзі бір нәрсе қосар. Бала сіздің айтқаныңызды тыңдауға әлі дайын емес екендігін оның сыртқы келбетіне қарап білуге болады. Егер де оның көзі сізге емес, басқа жаққа, «ішке» немесе алысқа қарап тұрса, үндемеуді жалғастырыңыз, оның бойында қазір өте маңызды және керекті ішкі жұмыс жүріп жатыр.

Төртіншіден, сіздің жауабыңызда, сондай-ақ кейде сіздің баламен не болғанын түсінгендігіңізді қайталау пайдалы, содан кейін оның сезімін көрсету керек. Кейде тәрбиешілерде баланың сөзін тәрбиешілер қайталағанда, мазақтау ретінде қабылдай ма деген күдік пайда болады. Егер де дәл сондай мағынадағы басқа сөздерді қолданса, мұндай жағдайдан құтылуға болады.

Сіздің баланы дұрыс тыңдап жатқандығыңызды білдіретін белгілер мыналар болып табылады:

  1. Баланың жағымсыз уайымдауы жоғалады немесе өте күшті әлсірейді. Қуанышымен бөліссе екі еселенеді, қайғысымен бөліссе екі есе азаяды;

  2. Үлкен адам оны тыңдауға дайын екендігін білген бала өзі туралы көбірек айта бастайды, айтатын тақырыбы өзгеріп, дами түседі. Кейде бір әңгімеде кенеттен көптеген мәселелер мен реніштердің бар екендігі анықталады.

  3. Бала өз мәселесін шешу үшін өзі алға жылжиды. Қорытынды: осыны тыңдай білу:

  1. Көздердің байланысы:

  2. Көңіл-күйі бұзылған балаға сұрақтар қоймау, сіздің жауабыңыз – бекітуші форма;

  3. Үзіліс сақтау;

  4. Сезімдерін көрсетіп баламен не болғандығын қайталап айту.

Құрметті тәрбиешілер! Сіздерге осы айтылған тыңдай білу тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолданып көру мүмкіндігі бар.