Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бала біздің жанымызда тренингтік сабағы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға жағдаятты шешу үшін үш топқа бөлінулерін сұрайды.

Құрал-жабдықтар: жағдаяттар жазылған карточкалар

Тапсырма: Оқығаннан кейін, жағдаятты талдау, соған қатысты «Сен – пікірін айту» және «Мен – пікірін айтуды» жазу. Тапсырманы орындауға ... минут беріледі. Содан кейін жағдаят оқылып, пікірлері қолдануы талқыланады.

1 Жағдаят

«Сіз қызыңызды нешінші рет үстел басына тамақ ішуге шақырдыңыз. Ол: «Қазір» - дейді де өз ісін жалғастыра береді. Сіз ашулана бастайсыз».

2 Жағдаят

«Сізде досыңызбен (құрбыңызбен) сөйлесетін маңызды әңгіме бар. Балаңыз қайта-қайта әңгімені үзе береді».

3 Жағдаят

«Сіз үйге шаршаңқы болып келдіңіз. Сіздің жеткіншек ұлыңыз достарын алып келіпті, үйде музыка, көңіл көтеріп жатыр. Үстелде олардың шай ішкендерінің белгісі бар. Сізде ашу мен реніштің аралас сезімі бар».

Рефлексия:Тапсырманы орындаған кезде қандай сезімде болдыңыз? Қандай қиындық болды? Сізге не кедергі болды немесе сізге не көмектесті?

«Біздің балалар» видеоролик көрсету

Видео бойынша ой қорыту.

III.Қорытынды «Кірпі билейді» (видео)

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру

Қатысушылардың барлығы ортаға шығып билейді.