Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бала біздің жанымызда тренингтік сабағы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

«Жағдаятты ойнау» жаттығуы

Жүргізуші жұптарға (топтарға) бөлінген қатысушыларға болжамды жағдаяттары бар карточкалар таратады және де оларды талқылап, ойнауын сұрайды.

  1. «Анасы 4 жасар Мадинаны ұйықтауға жатқызып жатыр, қызы онымен отыра тұруын өтінеді: Анашым, енді кішкене, енді біраз отыра тұршы».

  2. «Анасы қызымен балабақшадағы топтың суретін қарап отыр. Қызы тәрбиешісін көрсетті (суретте оның беті сырылып қалыпты): Оны көргім келмейді!»

  3. «Анасы Алиханды ұйықтауға жатқызып жатыр. Бала қырсығып жатыр: «Ұйықтамаймын, ұйқым келген жоқ! (үзіліс). Әкем қашан келеді? Мен күтіп шаршадым!» (Әкем ұзақ іссапарға кетті және де жақын арада келмейді)».

Жағдаятты ойнап болған соң жүргізуші: «Жаттығуды орындау оңай болды ма?» деп сұрайды.

Белсенді тыңдау – бұл баламен жақсы байланыс орнату жолы, сіз оны сөзсіз, оның барлық бас тартулары, қиыншылықтарымен, уайымдауларымен қабылдайтындығыңызды көрсету тәсілі екендігі туралы қорытынды шығарады.

«Белсенді тыңдау» шағын лекциясы (жалғасы)

  • «Құрметті педагогтар. Балаға жасаған қатаң ескертуіңізді есіңізге түсіріп, сол туралы айтып беріңіз». Тәрбиешілердің әңгімесі (талқылау).

Жүргізуші: Балалар қарым-қатынастың мұндай стиліне қандай жауап қайтарады? (қатысушылардың жауабы).

  • Мұндай қарым-қатынас баланы тығырыққа тіреуі мүмкін және де зиянды, өйткені бала:

  • ол нені дұрыс жасамағандығын білмеуі мүмкін;

  • сіздің оны жақсы көретіндігіңізге күмәндана бастауы мүмкін;

  • оның іс-әрекеті сізді неліктен ызаландыратынын түсінбеуі мүмкін;

  • қырсығып, өзін бұрынғысынша ұстауы мүмкін, өйткені ол да ызаланып, сізге жағатындай жағдайда емес екендігін сезінеді;

  • тұйықталып, қарым-қатынастан қашып, өзіне деген сенімділігін жоғалтуы мүмкін.

Мұндай жағдайды болдырмау үшін және де біруақытта оның мінез-құлқын жақсарту үшін «Мен – пікірін айтуды (высказывание)» қолдану керек және де «Сен – пікірін айтудан» аулақ болу керек.

«Сен – пікірін айту» - бұл біреуге ол туралы ақпарат, оның мінез-құлқын, іс-әрекетін және басқасын айту тәсілі, онда басқа адам туралы біздің айтқанымыздың дұрыстығы мен дұрыс еместігі туралы пікір қалады. Ол сіз сөйлесіп тұрған адамның көзқарасы мен сіздің көзқарасыңыздың арасында айырмашылық бар екендігін көрсетеді. Әдетте «Сен – пікірін айту» тәсілі бір адамға қатысты айтылған кезде, өте жылдам сол адамның ашуын немесе қоғаныш рекциясын туғызуы мүмкін. Әңгімелесуші өзінің айтқанын дұрыс деп есептейтіндігі соншалық, өзіне «Сен – пікірін айтуды» қолданатындығы ашуын келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайларда жиі қандай да бір мәселемен байланысты емес, «Мен – пікірін айтуды» қолданған адамға қатысты қақтығыс туындауы мүмкін.

«Мен – пікірін айту» - бұл қандай да бір адамға өзіңіздің қажеттіліктеріңіз, сезімдеріңіз немесе бағалауларыңызды айтып отырған адамға ешбір қорлаусыз немесе оның айтқаны қате деусіз айту тәсілі. Сіз басқа адамға оның не айту керектігі немесе оның не істеу керектігі туралы емес, өзіңіздің нені қалап, сізге ненің қажет екендігін немесе өзіңіздің не ойлайтындығыңызды айтасыз. Сіз өз қызығушылығыңызды айтып, басқа адамға қысым келтірмейсіз. Осылай, басқа адамның айтқаны немесе істегені қате болмай, кінәланбайды және оған ешкім шабуылдамайды. Ол өзін қабырғаға тақалғандай сезінбейді, онда қорғану қажеттілігі туындамайды, сәйкесінше, қақтығыс туғызып, оны өршіту қажеттілігі болмайды. «Мен – пікірін айтудың» көмегімен адамның жеке қасиеттері емес, оның іс-әрекеті талқыланады.

«Мен – пікірін айту» шарттары

  1. іс-әрекеті немесе мінез-құлқын суреттеу

  2. сіздің соған деген қатынасыңызды айту

  3. ол сізді неліктен мазалайтындығын түсіндіру

«Мен – пікірін айту» формуласы

1. Қашан ... (сізді қанағаттандыратын адамның мінез-құлқына нейтралды баға беру);

2. Мен сезінемін ... (сезімді, эмоцияны атау);

3. Өйткені ... (іс-әрекет сізге не үшін мәселелі болып тұрғандығы, ол сізге қалай әсер ететіндігін түсіндіру)