Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

14 Билет 1. Тірі организмдегі судың ролі. Адам организміндегі электролиттер. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.

2. Тотығу-тотықсыздану жүйелері . Билогиялық жүйелерде тотығу-тотықсыздану реакциялары. Потенциометрия. Шыны электролиттің көмегімен ph анықтау

15 Билет

1. Ерітінділердің активті , жалпы және потенциалды қышқылдағы және негіздігі. Ерітінділер ph анықтау әдістері. Қышқылдық-негіздік индикаторлар

2. ЖМҚ ерітінділері тұрақтылығының бұзылуы. Гельдер және сірнелер. ЖМҚ ерітінділерінің осмостық қысымы. Онкотикалық қысым. ЖМҚ тұздау ЖМҚ ерітіндііне бейэлектролит қосып, бөліп алу. ЖМҚ ісінуіне иондар әсерінің тиотроптық қатары тұздау эффектісі бойынша кері ретке ие. Ең төмен тұздау эффектісін жұмсақ негіздер- катиондар көрсетеді, олар әлсіз гидраттанады және полимер молеклаларында жақсы адсорбацияланды.

ЖМҚ ерітінділіерінің тұтқырлығы полимер лиофильдігі кемігенде төмендейді.

Лиофильдік ЖМҚ сулы ерітінііне полимер нашар еритін еріткішті қосқанда төмендейді, мысалы, этанол желатинді тұздайды.

Гельдер және сірнелер

Сірнелер – еріткіш (желатин, агар-агар) молекулаларымен толықтырылған полимер молекуласынан тұратын кеңістіктегі үш өлшемді тор ретіндегі гомогенлі жүйе.

Сірнелену(желатиндеу)- бұл шекті ісіну немесе ерітіндіден ертікіш бөлігінің булануының нәтижесінле полимердің (зольдің) сірнеге (гельге) өту процессі.

Сірнелерді түзуге әкелетін өзара әрекеттесі түрлері:

  • Полимердің полярлы топтарының күшті өзара әрекеттесуі;

  • Таңбалары қарама-қарсы зарядталған ионды топтардың өзара әрекеттесуі;

  • Сутекті байланыстардың түзілуі;

  • Гидрофобты өзара әрекеттесуі;

  • Химиялық байланыстардың түзілуі(мысалы, -S-S-).

Гельдер- Ван-дер-вальс күштері есебінен дисперстік фаза бөлшектерінің ішкі құрылымдарының түзілуінен лиофобты зольдерден пайда болатые құрылымдық, гетерогенді екі фазалық жүйелер.

Гельдің түзілуі- зольдердің гельдерге айналу процесі.

Гель және сірнелеуге әсер ететін факторлар:

  • Зольдердің дисперстік фаза бөлшектерінің пішіні және ЖМҚ молекулаларының пішіні мен өлшемі;

  • Еріен зат концентрациясы;

  • Температура;

  • Механикалық әсер ету;

  • Уақыт;

  • Электролиттердің қатысуы;

  • Ортаның рН-ы.

16 Билет

1. Қышқылдар мен негіздер теориялары. Аррениус теориясында қышқылдр мен негіздер. Бренстедің қышқылдар мен негіздердің протондық теориясы.

2. Молекула құрылысы , молекуланың негізгі параметрлері. Полюсті және полюссіз еріткіштер. Ковалентті байланыс. Валенттік байланыс әдісі.

Молекула – жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек

Молекулалары бір атомнан тұратын заттар үшін (мысалы, инертті газдар) молекула ұғымы мен атом ұғымы сәйкес келеді.

Молекула құрамы брутто-формула (Н2O, CH4, HNO3) арқылы көрсетіледі. Органикалық қосылыстардың классикалық құрылыс теориясы молекуланың құрылысын атомдар арасындағы тізбекті және байланыс тәртібін көрсететін құрылымдық формуламен өрнектеуге мүмкіндік берді. Эмпирикалық формулалары бірдей молекулалардың құрылысы әр түрлі және түрлі қасиеттерге ие болуы мүмкін. Молекуланың көптеген қасиеттері оның симметриясына тікелей байланысты болады. Молекула энергиясы ондаған және жүздеген кДж/мольмен есептелетін квантталған құраушылардан – электрон қозғалысының энергиясынан, атом ядроларының тербелмелі қозғалысының, сондай-ақ бүтіндей молекуланың кеңістікте ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының энергияларынан құралады. Қандай да бір электрондық күйдегі молекуланың орнықтылығы ядролардың тербелмелі қозғалысының потенциалдық энергиясы минимумының болуына байланысты анықталады.

36.Ковалентті байланыс.

Берілген атомның түзе алатын коваленттік байланыстардың саны шексіз болмайды,ол оның электрондық конфигурациясымен анықталады.бір атомдық орбиталь тек бір ғанаковаленттік байланыс түзуге қатыса алады.Олай болса,атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде тек 4 орбиталі бар.

Атомдың жақындаған кезде электрон бұлттары өзара бір-біріне кірігеді.Ядроаралық кеңістікте электрондық тығыздықтың өсуі ядролардың бір-біріне тартылуын күшейтеді.

Бір-бірімен байланысатын екі атомның оптималды ядроаралық қашықтығын байланыс ұзындығы деп атайды.

Ядролар бір-біріне жақын келген сайын ,яғни байланыс ұзындығы аз болған сайын,байланыс түзілгенде энергия көп бөленеді,сондықтан ол берік болады.Байланыс энергиясы-1 моль затқа шаққандағы байланыс түзілгенде бөленетін н/е оны үзуге қажетті энергия мөлшері.

Валенттілік байлныстар әдісінде молекудағы атомдар өздерінің жеке сипаттарын сақтайды,ал ортақ электрон жұбы алма-кезек бір атомның атомдық орбиталінде орналасады деп қабылданады.

Екі сутек атомнан тұратын жүйе энергиясының тәуелділік қисығы спинсаны бірдей электрондары бар екі сутек атомдарыбір-біріне жақындағанда ядроаралық қашықтық азайған сайын,жүйе энергиясның өсуі байқалады.Спин сандары әр түрлі электрондары бар екі сутек атомдары бір-біріне жақындағандажүйенің энергиясы әуелі төмендейді,байланыс ұзындығының саны тең қашықтықтағы миниумға жетеді,ол байланыс энергиясына тең болады.

Коваленттілік байланыста түзілу механизмі қарастырылады.Алмасу механизмі б-ша ортақ электрон жұбыбайланысқа дейін екі әр түрлі атомдарға тиесілі жұптаспаған электрондардыңортақтасуы нәт.түзіледі.

Екінші механизм бос орбиталін береді.Байланыс түзілумеханизмін донорлық-акцепторлық деп атайды.

37.Полюсті және полюссіз ковалентті байланыс.Орбитальдардың гибредтенуі π- және сигма байланыс түрлері.

Полюссіз ковалентті байланыс бір элемент атомдарынан тұратын молекулаларда түзіледі:H2,Cl2,N2 т.б

Полюсті молекулаларда бүркесу зонасы электртерістігі үлкен атомға ығысады: HCl,HF,HI т.б

Гибридтену-пішіндері әртүрлі,энергиялары шамалас орбитальдардың араласып,пішіні,энергиясы,байланыс бұрышы тағыда басқа сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдар түзілуі.Атомдық орбитальдардың гибридтенуі атомдар арасында коваленттік байланыс түзілген кезде жүреді.Гибридтенуге жұмсалған энергияның орны химиялық берік байланыс түзілгенде бөлінетін энергиямен толтырылады.Гибридтенуге қанша орбиталь қатысса,гибридтенген орбитальдардың сандары да сонша болады.Химиялық байланыс түзілгенде гибридтенген орбитальдардың байланыс түзетін басқа атомдардың орбитальдарымен бүркесу аймағы жеке s-немес p-орбитальдарымен салыстырғанда үлкенірек болады.Сондықтан гибридтенген орбитальдар түзетін хими-қ байланыстар гибридтенбеген орбитальдар түзетін байланыстардан берік болады.

Химиялық байланыс түзу кезінде осы байланыс түзуші атомдардың электрондық құрылыстарының ерекшеліктеріне сәйкес,түзілген химиялық коваленттік байланыстардың бағыттары әртүрлі болады.Кеңістікте атомдар электрон бұлттарының бір бірімен әрекеттесіп молеклалық электрон бұлтын түзу тәсілдеріне қарай химиялық байланыстар сигма және пи байланыстар болып бөлінеді.Атомдардың электрон орбитальдарының бір бірімен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген молекулалық орбиталь сол атомдардың арасын байланыстыратын белдеу сызығының бойында жатса,ондай балансты сигма байланыс деп атайды.Сигма байланыс ең мықты байланыс.Сигма байланыс екі сигма немесе екі р орбитальдар және s пен p,d мен s.d мен p-орбитальдар әрекеттескенде түзілуі мүмкін.Пи байланыс түзілгенде әрекеттесуші атомдардың электрон бұлттарының қабаттасуы арқылы түзілген молекулалық орбиталь ядроларды қосатын белдеу сызығының екі жағында жатады да оған перпендикуляр бағытта орналасады.Пи байланысуда электрон бұлттарының ортақ қабаттасқан көлемі сигма байланысқа қарағанда кемдеу болады да пи байланыс сигма байланысқа қарағанда әлсіз болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]