Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1. Формативті баалау дістері..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

2.2.2. Портфолионы бағалау

Портфолио - бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді.

Кілтті (түйіндік) кезеңдер:

• Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.

• Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.

• Ойластырылған бағалау белгiлерi.

• Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.

Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.

Нелiктен портфолио қолданылады?

Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың оқу жоспары бойынша негізгі пәндерден шеберлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан портфолионың маңыздылығы:

  • бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді;

  • оқу мақсаттарының табысқа жетуіне бағыт-бағдар береді;

  • үйрену барысындағы өзгерiс пен өсудің деңгейін көрсетеді;

  • оқушының, мұғалiмнiң және ата-аналардың аналитикалық ойлауына мүмкiндiк туғызады;

  • оқушыны үйретудегi мирасқорлықтың жылдан-жылға қамтамасыз етуі.

Мұғалiм әр түрлi мақсаттар үшiн портфолио қолдана алады.

  • Өздігінен бағытталған үйренудi мадақтау.

  • Оқудағы өрісін кеңейту.

  • Оқуда білуге мүмкiндiк туғызу.

  • Жоспарланған нәтижелердiң табысқа жетудегі өрлеуін көрсету.

  • Оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкiндiк беру.

  • Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну.

Тиiмдi портфолио қандай сипаттамаларға лайық болу керек?

Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:

  • Үздiксiз процесс болып табылады да, формативті және суммативті бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқа жету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi.

  • Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, әр түрлі өткерген іс-әрекеттерін кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.

  • Бірлескен рефлексияны ескереді, оқушылардың ойлау процесі мен өзін-өзі талдауын, өзінің қабылдауы мен түсінуін қадағалайды; мәселені шешу жолын ой өзегінен өткізіп, шешімді қабылдау мен өзінің өсуін бақылайды, пәннің мазмұны мен дағдыларын жетілдіреді .

Барлық зерттеушiлер портфолионы өңдеу жолдарындағы түрлернулерді мақұлдайды да, портфолио:

  • Куррикулума қойған бiлiм беретiн мақсаттарды ашық қамтып көрсетедi.

  • Жеке - бағдарланған оқытуға, негізгі білімге, біліктіліктер мен ұстанымдарына зейінін жинақтау.

  • Бағалау мерзiміндегі жиналған жұмыстардың үлгiлерi болады.

  • Бағалаудың әр түрлi техникаларының қолдануымен бағаланған оқушылардың жұмысы болады.

  • Өздерiнiң оқушылары, басқа оқушылар, мұғалiмдермен және ата-аналармен бағаланған жұмыстың үлгiлерiнiң жиыны болады.

Портфолионы қалай бағалайды?

Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет:

  • Саналылық (рефлексияның және шығармашылық ойлаудың бар болуы);

  • оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі және дамуы;

  • негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;

  • аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi;

  • түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету).

Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды. Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.