Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1. Формативті баалау дістері..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

2.3. Талдау

Талдау (ежелгі грек тілінен «жіктелу») – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.

Талдау – бұл танысудың логикалық қабылдануы, заттың санамен жіктелуін (құбылыстың, процесстің) бөліктерге, элементтерге немесе қасиеттерге, яғни олардың қажетті және нақтылы сапалары мен қасиеттерін салыстыру және біртіндеп зерттеу арқылы маңызын анықтау мақсатында жасалады.

Оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдай отырып, мұғалім оқушылардың қандай мәселелерге тоқтағаны туралы мәлімет алады және қандай қадамдарға әрекет ету керек екенін болжап, қорытындылап, мәселелердің шешу жолын қарастырады. Демек, мұғалiм алған мәлiметтерді

а) оқушыны жеке деңгейде,

б) сынып деңгейінде

талдауға икемi болуы керек:

Тексеру жұмысын қалай талдайды?

Формативті бағалау әдісін қолдану - тақырыпты оқыту кезінде (сабақта немесе сабақтар топтамасында) тексеру жұмыстарын өткізуді ұйғарады. Тексеру жұмыстары қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты оқушылардың жетістіктерінің деңгейлерiн көрсетедi және оған сәйкес мәселелердің бар екенін көрсетедi.

Бұл маңызды!

Мәліметтерді жалпылауға қарамай, аралық тексеру жұмыстарын алғанда бағалау нәтижесін мұғалім жекеше қарайды.

1-шi мысал.

Оқу тақырыбы 5 сабаққа есептелетіні ұйғарылады. Осыған сүйене отырып, мұғалiм 3-4 аралық тексеру жұмыстарын өткізуді жоспарлауы керек. Әрбiр тексеру жұмысына сабақтың бес минуттай уақытын ала алады.

Тексеру тапсырмасы:

Жазбаша тексеру жұмысы (тест) бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұрады.

Сiз сабақта бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұратын аралық тексеру жұмысын өткiздiңiз. Жұмысты бағалау критерилері тексеру жұмысын өткiзуге дейiн оқушыларға көрсетілді. Әрбiр дұрыс жауап оқушыға 1 баллды әкеледi.

Сіз жұмыстарды тексердіңіз және алған нәтижелерді ұсынылған кестелерге енгізген соң, оқушылардың жұмыстарының нәтижесін көрнекті көрсететіндей етіп, мәселелерді айқындап, ары қарай шешу жолдарын анықтайсыз.

Нәтижелер кестесі

№ 7-шi кесте

Сынып_______________Күні_____________Тақырыбы____________

1

2

3

Болмады

  1. Асанов

Жұмысты тапсырмады

  1. Усенов

Баға

Баға нормасы (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрап, оқушылармен талқыланған)

Оқушылардың саны

«1»

дұрыс жауаптар – 0-1

1

«2»

дұрыс жауаптар –2

4

«3»

дұрыс жауаптар –3

7

«4»

дұрыс жауаптар –4

10

«5»

дұрыс жауаптар –5

6

Оқушылар саны

30

3-ші бағанның мазмұны оқушылардың сапалық табыстарының сандық сипаттамасын мұғалiмге ұсынады.

Бұдан әрi мұғалiм дұрыс емес жауаптардың сұрақтарға байланысын көрсететін форманы толтырады.

№ 8-шi кесте

1 сұрақ

2 сұрақ

3 сұрақ

4 сұрақ

5 сұрақ

Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны

2

6

0

11

16

Алынған мәліметтер негізінде мұғалiм келесi қадамдарды жасауы тиіс:

1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Сабақты босатқан оқушыларға тақырыпты меңгеруiнiң сапасын тексеру үшін осы тапсырманы келесi сабақтың жоспарына енгiзу.

2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Себебiн біліп және оқушыға ағымдағы келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.

3. Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс.

8 - ші кестеде толтырылған мәлiмет оқушыларға 4, 5 сұрақтар қиыншылық тудырғанын көрсетедi. Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек.

№ 9-шы кесте

Мүмкін мәселелер

Мәселелердi шешу үшiн жоспарланатын қадамдар

  • берілген уақыттың жетпеуi

- қосымша уақытты ескеру;

- тексеру тапсырмасының көлемiн кiшiрейту;

- нақты жоспарланған уақытқа оқушылардың белсенді жұмысын дамыту мақсатымен тапсырмаларды өткізуді жалғастыру

  • тақырыптың осы бөлiгiн зерттеу енді ғана басталғандықтан үлкен қиындық тудырады

- осы сұрақты бұл тексеру жұмысына қосуға болмайды, оны келесi сабаққа жоспарлау қажет

  • қолданылған оқыту әдiстері осы тақырыпты ашу үшiн тиiмдi емес болып табылады

- басқа оқыту әдiстердi қолдану туралы ойлау немесе анықталған шеберлікті жетілдіруге нақтылы бағытталған қосымша тапсырмалар таңдау

  • тақырып жеткiлiксiз ашылған

- тақырыптың ашылуына қосымша уақыт жоспарлау керек

  • күрделiлiк сұрақтың тұжырымымен байланысты

- сұрақтың тұжырымын қайтадан қарастыру

Талдау нәтижелерiн қолданып, мұғалiм керi байланысты жоспарлайды және оны жүзеге асырады. Талдау келесi сұрақтарға жауаптардың iздестiрілуін ұйғарады:

  • осы оқушы үшiн бұл бағалау қаншалықты тиімді;

  • осы тақырыпты оқуға оқушының қатынасын өзгерту мүмкіндігі (оқушының ынтасын жоғарылату);

  • қандай тапсырмалар (жаттығулар) оқушының өзіне биiк нәтижелерге қол жеткiзуге көмектеседi;

  • Оқушының парасатының жеке түрiне сәйкес қорытынды тапсырмаларды жоспарлап дайындау. Тексеру жұмысында берілген – тесттер, портфолио, зерттеу тапсырмаларынан гөрі оқушы басқа түрдегі тапсырманы сапалырақ орындауы мүмкін.

2-шi мысал Тексеру тапсырмасы:

Өз мысалыңның негiзiнде бүтін санды жәйi бөлшекке көбейтудің толық алгоритмін құру.

Бұдан әрi оқушының жауабы көрсетілген:

  • Мысал:

  • Шешудiң алгоритмі:

1) көбейтуді орындағанда бөлiмі өзгермейді;

2) бүтiн санды алымына көбейту:

3) алған әрекеттің нәтижесiн жазып алу: .

4) алынған бөлшекті қысқарту: . Бұрыс бөлшек шыққан жағдайда аралас санға айналдыру немесе тиiмдi формада жазып алу керек: .

Мұғалiм тексеруді жүргізу үшiн келесi белгiлердi анықтайды:

  1. бүтін санның жәй бөлшекке көбейту алгоритмін құрастыруының дұрыстығын (оқушы бұл жағдайда үш немесе бес қадамнан тұратын тiзбектi пайдалана алады);

  2. мысалдың құрастырылуы және оның дұрыс шешiмi.

Сiз жұмыстарды тексердiңiз және нәтижелердi алдыңыз. Сiз ұсынған формаларға нәтижелерді (таңдау еркі өзіңізде: бағалар немесе белгілер) енгізесіз де, оқушылардың жұмыстарының нәтижесi арқылы ары қарайғы қадамдарды анықтап, мәселелердi айқындап шешуге мүмкiндiк аласыз.

Нәтижелер кестесі

10-шi кесте

Сынып____________Күні___________Тақырыбы_________________

1

2

3

Болмады

  1. Асанов

Жұмысты тапсырмады

  1. Үсенов

Баға

Баға белгілері (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрып, оқушылармен талқыланған)

Оқушылардың саны

«1»

  1. алгоритм жаңылумен құралған, көп ештеңе iстелмеген

  2. алгоритм құрылмаған, мысал жаңылумен құралған және шешiлмеген

1

«2»

  1. алгоритм құрылмаған, мысал құралып, жаңылумен шешiлген

  2. алгоритм жаңылумен, мысал жаңылумен құрылған және шешiлген

3

«3»

  1. алгоритм түсiндiрусiз өте қысқа құралған. Мысал жаңылумен шешiлген

  2. алгоритм құрылмаған, мысалды шешкенде қателескен

  3. алгоритм құрылмаған. Мысал құралып дұрыс шешiлген

-

«4»

  1. алгоритм құрылған, мысал дұрыс шешiлген

  2. алгоритмды құруда болмашы қате кеткен

  3. мысалды шешкенде болмашы қате кеткен

9

«5»

алгоритм толық дұрыс құралған, мысалды өзі құрып, дұрыс шешкен

8

Оқушылар саны

30

Келесi форма көмегiмен мұғалiм оқушылар үшiн өте күрделi болып табылатын мәселені анықтай алады.

№ 11-шi кесте

1.Алгоритм құралмаған

2. Алгоритм жаңылумен құралған

3. Мысал оқулықтан алынған, шешкенде қателіктер жіберілген

4.Мысалды өзі дайындаған, қателіктер жіберілген

Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны

2

4

9

13

Бұдан ары қарай алынған мәліметтермен мұғалiм келесi жұмыстарды орындайды:

1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Сабақты, босатқан оқушыларға осы тапсырманы өткiзудi келесi сабақтың жоспарына енгiзу.

2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Себебiн біліп және оқушыға келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.

3. Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс

№ 11-шi кестедегі мәлiмет оқушылардың негiзгi мәселелерiн көрсетедi.

- 3. Мысал оқулықтан алған, шешуде қателіктер кеткен

- 4. Мысалды өзі дайындаған, шешуде қателіктер кеткен

Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек.

Мұғалiм төменде көрсетiлген форманы (№ 12-шi кесте) толтыруы келесi қадамдардан тұрады: жоспарланған қадамдарды iске асыру арқылы мәселелердi оқушылармен талқылау арқылы шешу болып табылады.

№ 12-шi кесте

Мүмкін мәселелер

Мәселелерді шешу үшін жоспарланған қадамдар

Көрсетiлген мысалдардан мұғалiмнiң аналитикалық жұмысы тәптiштелген болып табылады. Мұғалім мәселені көре және бағалай білуі, оқу процесіне өзгерістер енгізу мақсатында шешім қабылдай білуі керек.

Мұғалiм талдауөткiзу үшiн ұсынылған немесе басқа формаларды қолдана алады. Мұғалiм талдау нәтижелерін пайдаланып, керi байланыстың орнауын жоспарлайды және оны жүзеге асырады.

Бұл маңызды!

Аналитикалық жұмысты жүргізу формативті бағалауда мақсат емес. Ол оқушылармен қисынды керi байланысты орнату үшiн негізгі кезең, сонымен қатар мұғалiмнiң қызметiне түзетулердi енгiзу және оқыту процесiн жақсартудың мақсаты болып табылады.