Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1. Формативті баалау дістері..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

Оқушыны ынталандыру (мотивация)

Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.

Бағалаудың мақсаттарының бірі оқушыны оқуға бағытталған ынталандыруының қолдауы және реттеуі болып табылады. Ынталандыру талдау негізінде шешім қабылдау процесін көрсетеді. Ынталандыру туралы сұрақ адамның әрекетінің себебін түсіндіру қажет кезде әрқашан туындайды. Ынталандыру ортасы мазмұнына қарай оқушылардың сәттілікке талпынушылығының туындауына қалай көмегін тигізсе, солай кедергі болуы мүмкін, сонымен қатар осы талпынушылықтың күші мен бағытына әсер етеді.

Оқу барысында ішкі ынталандырудың реттелуіне қалайша әсер етуге болады?

Ішкі ынталандыру сәтті оқудың маңызды шарты болып табылады. Егер ол жоқ болса, қалай болуы мүмкін? Көптеген ұстаздар балаға қажетті ынтаны қалыптастыру арқылы көптеген қол жетімді жетістіктерге жетіп сол арқылы оқу мәселелерін біршама оңтайлы шешуге болатындығын айтады. Е.П. Ильин «Ынта – дегеніміз тұлғаның (субъект) өзі қалыптастыруы тиіс күрделі психикалық білім» деген. Ұстаз бұл процеске тек себепші ғана бола алады.

Ынталандырушы әдістер:

  • Талабыңыз биік және шынайы болуы қажет;

  • Оқушымен бірге мақсат қоя біліңіз;

  • Сіздің пәніңіз бойынша жетістікке жету үшін нақты не керек екенін түсіндіріп беріңіз;

  • Ішкі ынталандыруды дамыту үшін «міндеттісің», «талап етемін» деген сөздердің орнына «қызық, тырысып көр», «істеп көр» т.с.с. сөздерді қолданыңыз;

  • Оқушылар арасында бәсекелестік тудырудан аулақ болыңыз.

  • Өз пәніңіз жайлы әрқашан шабытпен, құлшыныстықпен айтыңыз.

  • «Жетістік ахуалын» қалыптастырыңыз.

Сабақтың құрылымы:

  • Әрқашан қатысушының мықты жағы және қызығушылығы жағынан табыла біліңіз.

  • Оқытылып жатқан материалды біртіндеп күрделендіре түсіңіз.

  • Оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға тырысыңыз.

  • Қатысушының тек қана бағалауына ғана емес, оның жаңа икемдер мен білімге назарын аудартыңыз.

  • Оқушыны ешқашан нашар баға қоямын деп қорқытпаңыз.

  • Тест оқушының үрейін тудырмай, керісінше оның біліміне назар аудартуға себепші болуы керек.

Ынталандыру арқылы оқушының атқарған жұмысына түсініктеменің берілуі:

  • Кері байланыс өз уақытында болуы керек.

  • Жетістіктерін тек қана мақтау сөздермен ғана айтып қоймай, оң конструктивті (құрылымдық) түсінікпен де жеткізу қажет.

  • Бір-бірінің жұмыстарын оқып тексеруге беріп, олардың оң жақтарын және толықтыратын тұстарын көрсетіп бағалайық.

  • Ең алдымен әрқашан оң аспектілерін атап алыңыз, содан соң сынға алыңыз. Негативті кері байланыс оқушыға емес, жұмыстың осал жақтарына бағытталуы қажет.

  • Оқушының әлсіз жақтарын ешқашанда көпшілік алдында қорлау сөздермен кемсітіп көрсетпеңіз.

  • Оқушыларға өздерінің ойлануларына мүмкіндік беріңіз, аузына сөз салып беруге (подсказка) асықпаңыз.

Оқыту барысында ғылыми игерілген бір қатар әдістердің бар екендігін атап өту керек.Осылардың көмегімен алғашында айтылып кеткен қиыншылықтарды шешуге болады. Ол үшін төмендегідей талаптарды міндетті түрде ұстануымыз қажет.

  1. Мүмкіндік болса, дұрыс атқарылған тапсырмалар үшін марапаттау мен сыйлық беруді доғарып, оның орнына жай ғана бағалап, мақтап қоюымыз жеткілікті.

  2. Сабақты көбінесе оқушыларды жарыстыру арқылы өткізу қажет. Оқушыны өз жетістіктері мен нәтижелерін салыстырып, талдау жасауға үйретуіміз тиімдірек болады.

  3. Оқу мақсатында «жоғарыдағылармен» байланыстырмауға тырысыңыз. Оқушымен бірлескен жұмыс оның алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауларына едәуір тиімді.

  4. Қателігі үшін оқушыға қатты айтылған сын оған негативті эмоция туғызатындығы және оқуға деген белсенділігіне кері әсерін тигізетіндігін есте ұстағанымыз абзал.

  5. Уақытша шектеулер қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол шығармашылықты тежеп қана қоймай, ішкі талпынысты да тежейді.

  6. Әрбір оқушының өз шеберлігі және ұшқырлығын дамыту үшін оларға тапсырмаларды қиындық деңгейіне қарай бөліп беру керек.

  7. Әр оқушыға есептің шешу жолы мен әдістерін өзіне таңдатуға мүмкіндік беру қажет.

Ынталандыру оқушының танымдық белсенділігін жоғарылатуға және оқу бағдарламасын меңгертуге мүмкіншілік береді.

Өзін-өзі бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

Оқушылар білімдеріне қарай өздерін-өзі