- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •7. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы, морфологиялық ерекшеліктері.
- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •8. Дәнді дақылдардың өсіп – даму кезеңдері, өсіп – жетілу кезеңдерін өтуде оңтайлы жағдайлар
- •9. Дәннің түзілу үрдісі, сатылары
- •13. Жаздық бидай себу мерзімі, мөлшері және сіңіру тереңдігі, оларды негіздеу.
- •14. Тұқымдық мақсатқа жаздық бидай өсірудің технологиясындағы ерекшеліктер
- •15. Аймақ жағдайында жаздық бидайды ресурс-ылғалүнемдегіш технологиясымен өсіру. Сорттары
- •16)Аймақ жағдайында жаздық қаттбидайдың морфологиясы, биологиясы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.
8. Дәнді дақылдардың өсіп – даму кезеңдері, өсіп – жетілу кезеңдерін өтуде оңтайлы жағдайлар
Өсу және даму үрдістері өнімділікті анықтайды. Өсу – құрғақ заттың артуы. Оның негізі ассимиляция болып табылады. Даму – негізгі биологиялық функциясын орындауға қажетті өсімдіктердің органдары мен бөліктерінің түзілуі. Органтүзумен байланысты күрт морфологиялық өзгерістерді кезеңдер деп атайды. Себуден пісуге дейін мынадай кезеңдер ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену және пісіп-жетілу.
Кезкелген кезеңге өсімдіктердің 10% енгенде кезеңнің басталуы, ал 75%-да толық кезеңі белгіленеді.
Егін көгі. Топырақ бетіне әуелі біз тәрізді сабақ өркені шығады, ол түр өзгерісіне ұшыраған жапырақ клеоптилемен көмкерілген. Ол өскіннің топырақты жарып, жоғары шығуына жеңілдік жасайды және оны жарақаттанудан сақтайды. Жер бетіне шыққаннан кейін клеоптиле өсуін тоқтатады. Сабақ өркеннің ұшындағы қысымның әсерінен клеоптиле ұзынынан жарылады да сыртқа бірінші жасыл жапырақ шығады.
Тәжірибеде мұны егін көгінің пайда болуы немесе көктеу кезеңі деп атайды. Бірінші жасыл жапырақ тақтасы қысқа, жапырақ қынабы әлі өспеген. 5-7 тәуліктен кейін екінші және үшінші ұрықтық жапырақтар түзіледі.
Астық дақылдары егін көгінің негізі түсі жасыл болады, алайда ол түрлі реңді иеленеді. Олар белгілі бір бағытқа бұрылу қабілетімен ерекшеленеді: бидай мен арпа жапырақтары сағат тілінің бағытымен, ал сұлы жапырағы оған қарсы бағытта бұрылып өседі.
Түптену. Түптену кезеңі өсімдіктерде алғашқы бүйір өркендері жапырақ түрінде негізгі өркеннің (сабақтың) төменгі жапырақтарының қынабынан шыққанда белгіленеді. Түптену - өсімдіктердің бұтақтануы. Әдеттегі бұтақтанудан оның айырмашылығы сабақтың жер асты бөлігінен шығатындығында. Топырақтың беткі қабатына таяу тереңдіктегі түйіндерден бүйір өркендері мен тамырлар өсіп шығады. Әрбір бүйір өркенінен жер асты бөлігінен жаңа өркендер мен тамырлар қалыптаса алады.
Топырақ бетіне бірінші бүйір өркеннің шығуын түптену кезеңінің басталуы деп есептейді. Түптену нәтижесінде бір тұқымнан бірнеше сабақ өсіп шығады немсе бұта қалыптастырады. Жалпы және өнімді түптену ажыратылады. Орта есеппен, бір өсімдікке келетін өркендер (сабақтар) санын жалпы түптену деп атайды. Астық дақылдарының түптену дәрежесі көп жағдайларға ең алдымен дақыл мен сорттың ерекшеліктеріне байланысты күшті өзгереді. Күздік дақылдар әруақытта жаздықтарға қарағанда күштірек түптенеді. Жаздық дақылдардың ішінде сұлы мен арпа бидайға қарағанда жоғары түптенуімен ерекшеленеді. Жаздық бидайдың кеш пісетін сорттары барынша жоғары дәрежеде түптенуге бейімірек. Түптену деңгейі қоректену және ылғалдану жағдайларына байланысты да өзгереді. Құнарлығы және ылғалдылығы жоғары (0-20 см топырақ қабатында – 25-30 мм сіңімді ылғал қоры) топырақтарда жақсы өңделген жағдайда түптену барынша қарқынды жүреді, әрі орташа мөлшердегі температура (10-12°С) ол үшін қолайлы деп есептеледі. Бір өсімдікке шаққандағы қалыпты дамып, піскен гүл шоғыры (масағы) бар сабақтар санын өнімді түптену деп атайды. Астық дақылдарының өнімді түптенуі әдетте жоғары емес. Мәселен, Қазақстанда өсірілетін жаздық бидайдың өнімді түптенуі жиі түрде 1,1-1,5 деңгейінде, кейде бірден төмен және сирек жағдайда 2,0 және одан жоғарырақ болады.
Астық дақылдарының генеративті кезеңі түтікке шығудан басталады. Түтікке шығу кезеңі түптенудің соңынан басталады. Бұл кезеңде қысқа буын аралықты ұрықтық гүл шоғыры бар ұрықтық сабақ ұзара түседі де жапырақ түтікшесінің ішімен жоғары қарай көтеріледі. Ең алдымен, төменгі буын аралығы өсіп ұзара бастайды, оның соңынан төменнен екінші, үшінші және одан кейінгілер дами бастайды. Бір мезгілде гүл шоғыры да дамиды: үшінші дәрежедегі өсу конусы салынады, сонынан жатын мен аналықтар қалыптасады. Ересек өсімдіктерде ең қысқа буын аралығы төменгі, ал ең ұзын буын аралығы жоғарғы бөлігінде дамиды. Сабақ өсе бастағанда бірінші буын аралығы топырақ бетінен 1,5-2 см көтерілгенде дақылдың түтікке шығу кезеңі белгіленеді
Масақтану немесе шашақтану кезеңі гүл шоғырының жоғарғы жапырақ қынабынан шығумен сипатталады. Бұл кезең сорттың пісу мерзімін сипаттайтын барынша сенімді көрсеткіш, өйткені ол пісу мерзіміне қарағанда сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгеріске аз деңгейде ұшырайды. Бұл кезеңде өсімдіктер ылғал мен қоректік заттарға жоғары талап қояды. Кезең неқұрлым ұйымшылдықпен өтсе, егін солғұрлым біркелкі піседі де сапасы жоғары болады.
Гүлдену. Бұл масақтану немесе шашақтану кезеңінен соң өтеді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақылдар өздігінен тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) және айқас тозаңданатын (жүгері, шәй жүгері, қара бидай) өсімдіктер деп екі топқа ажыратылады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде өздігінен тозаңдану басым болып келеді, дегенмен оларда айқас тозаңдану мүмкіндігі де бар. Бұл әсіресе ыстық ауа-райы жағдайында байқалады. Арпа тек қана өздігінен тозаңданады. Өздігінен тозаңданатын астық дақылдарында гүлдену масақтанумен бір мезгілде (2-3 тәулік айырмашылықпен) жүреді, ал арпада – масақтануға дейін, бұл кезде масақ әлі жапырақ қынабының ішінде болады. Айқас тозаңданатын өсімдіктерде гүл шоғырының пайда болуымен гүлденуінің арасында 2-3 үлкен айырмашылық бар: қара бидайда ол 7-10 тәулік, кейде 15 тәулікке дейін, жүгеріде – 9-15 тәулік.
Масақты астық дақылдарының гүлденуі масақтың орта бөлігіндегі масақшалардың төменгі гүлдерінен басталады. Осы арадан жоғары және төмен тарайды. Шашақты дақылдарда гүлдену шашақтың жоғарғы жағынан басталады. Масақты дақылдарда масақтың ортасындағы ал шашақты дақылдарда жоғарғы гүлдердегі тозаңдықтар пайда болғанда гүлдену кезеңі белгіленеді. Бір гүлдің гүлдеу ұзақтығы 30-60 минөт, ал гүлдердің барлығы бір мезгілде гүлдемейтіндіктен гүлдену кезеңі 8-12 тәулікке созылады.
Ф.М. Куперманның тұжырымы бойынша өзінің жеке дамуында-онтогенезде-дөнді дақылдар кезектесіп ететін 12-өсіп даму кезеңдерінен (этаптардан) өтеді, олардың өрқайсысы жаңа органдар (мүшелер) түзілуімен сипатталады және әрбір органның құрылысы өзгеріске ұшырайды:
I - сабақтың бастапқы есу конусының қалыптасуы; II - конус негізінің ұрықтық буындарға, буын аралықтарына және сабақтық жапырақтарға дифференциясы; III- масақ сегментін түзе отырып өсу конусының ұзаруы; IV- масақша төмпешіктерінің түзілуі жене қалыптасуы; V- гүл төмпешіктерінің түзілуі жөне қалыптасуы;
VI- гүл шоғыры мен гүлдің қалыптасуы;
VII- масақтың барлық мүшелерінің (органдарының) қарқынды ұзара өсуі;
VIII - гүл шоғыры мен гүлдердің барлық мүшелерінің қалыптасып бітуі;
IX – ұрықтану және зиготаның пайда болуы;
X – дәннің өсуі мен қалыптасуы;
XI – дәнде қоректік заттардың жинақталуы;
XII – қоректік қорлық заттарға айналуы.
