Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
осимдик .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49 Кб
Скачать
☆

9. Дәннің түзілу үрдісі, сатылары

Дәннің қалыптасуы мен пісуі бидай дақылында Ресейдің Омбы облысы жағдайында Н.Н. Кулешовпен барынша толық зерттелді. Оның тұжырымы бойынша ұрықтың даму үрдісі өте шапшаң жүреді және ұрықтанған соң алғашқы онкүндікте толық аяқталады, ал эндосперм баяу қалыптасады. Дән әуелі ұзын бойына, содан соң еніне және кейіннен жуандығына өседі.

Н.Н. Кулешов (1951) дәннің даму үрдісін үш кезеңге бөлді: қалыптасу, толысу және пісу. И.Г. Строна (1966) бұл үрдісті дәйектей түсіп төмендегідей кезеңдерге ажыратты:

1. Түзілуі – ұрықтанудан өсу нүктесі пайда болғанға дейінгі кезең. Ұрық әлсіз өскін бере алады, 1000 санының массасы 1,0 г, бұл кезеңнің ұзақтығы 7-9 тәулікке созылады.

2. Қалыптасуы – дәннің түзілуінен түпкілікті ұзындығы белгіленге дейінгі кезең, ұрықтың оқшаулануы (дифференциясы) аяқталады. Дәннің түсі жасыл, крахмал дәндері көріне бастайды, құрғақ заттар мөлшері әлі төмен, су көп мөлшерде, 1000 дәннің массасы 8-12 г. Кезеңнің ұзақтығы – 5-8 тәулік.

3. Толысуы – эндоспермде крахмал жинақтала бастағаннан бұл үрдістің тоқтағанына дейінгі кезең. Бұл кезеңде дәннің ені мен қалыңдығы ең жоғарғы (максимум) шегіне дейін ұлғаяды, эндоспермнің ткандері толық қалыптасып болады, дәннің ылғалдылығы 38-40%-ға дейін төмендейді және кезең ұзақтығы 20-25 тәулікке созылады. Толысу процесін өз кезегінде қосымша 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. Сулы күй кезеңі - эндосперм клеткаларының қалыптаса бастаған кезі, қүрғақ затгар мелшері 2-3 %, кезеңнің үзақтығы 6 төулік. 

  2. Сүттене пісудіц алды — тұқымдағы сүйықтың реңі сүт түстес, құрғақ заттардың мөлшері 10%-ке дейін жетеді де кезеңнің ұзақтығы 6-7 тәулікке созылады. 

  3. Сүттенген күйі - дән сүт төрізді ақ сұйықтан тұрады, ұрғақ заттар мөлшері 35-50%-ке дейін, кезең 7-15 төулікке созылады. 

  4. Қамырланған күйі — эндосперм қамыр консистенциясына тән, құрғақ заттар мөлшері 60-64%, кезеңнің ұзақтығы 4-5 тәулік. 

4. Пісуі – пластикалық заттардың дәнге жинақталуының тоқтауынан басталады. Бұл кезеңде полимеризация және кебу үрдістері басым. Ылғалдылығы 18-12тіпті 8%-ға дейін төмендейді, бейтарап (еркін) судың мөлшері күрт төмендейді, тіпті жоғалып кетеді. Дән піседі және техникалық мақсатқа пайдалануға жарамды, алайда тұқымның дамуы әлі аяқталмайды. Пісу үрдісін екі кезеңге бөледі: 1. Қамырланып пісу кезеңі – эндосперм қамыр тәрізді, серпімді, қабығы сары, дәннің ылғалдылығы 40-12%, кезеннің ұзақтығы – 3-6 тәулік. 2. Толық пісу кезеңі – эндосперм қатты, жарғанда ұнды немесе шынылы, қабығы тығыз, қалың, түсі кәдімгі, аймаққа қарай ылғалдылығы 20% және одан төмен, кезеннің ұзақтығы 3-5 тәулік.

5. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі – дәнде (тұқымда) әртүрлі қосылыстардың күрделі биохимиялық өзгерулері жүреді. Жоғары молекулалы ақуыздық (белокті) қосылыстардың синтезі аяқталады, еркін май қышқылдары майларға айналады, көмірсуларының молекулалары іріленеді, өну ингибиторлары басқа заттарға айналады, ферменттердің қызметі төмендейді, тұқымдық қабықтардың ауа, -суөткізгіштігі артады. Дәннің тыныс алуы басылады (баяулайды). Кезеңнің басында тұқымның өнгіштігі төмен, соңында қалыпты деңгейге жетеді. Кезеңнің ұзақтығы дақылдың ерекшеліктері мен сыртқы жағдайларға тәуелді: ол бірнеше тәуліктен бірнеше айға созылады.

6. Толық пісуі – толық өнгіштікке жеткен мезгілден басталады, басқаша айтқанда, тұқым барлық жағынан жаңа тіршілік циклін бастауға дайын. Коллоидтардың баяу тозуы байқалады және ол дәннің әлсіз тыныс алумен қарбалас жүреді. Мұндай күйде тұқым өнгенге дейін болады немесе ұзақ сақтаудың әсерінен өліп қалады.

10. Жаздық бидай. Егіс көлемі мен түсімі, дәннің сапасы жағынан жаздық бидай өзге дәнді дақылдар арасында бірінші орын алады. Жаздық бидайды көбінесе Қазақстанның Солтүстік облыстарында өсіреді. Жаздық бидай жұмсақ қатты болып екіге бөлінеді. Оның құрамындағы белогы 16-18%, ал құрғақшылық жылдары 20%-тен астам болады. Әсіресе қатты бидайдың дәнінде белок мол болады. Қатты бидайдан ұн, жарма, макарон, кеспе, вермишель жасайды, ал жұмсақ бидайдан, негізінен ұнынан нан пісіреді. Қазақстан облыстарында аудандастырылып көп тараған жаздық жұмсақ бидайдың сорттары: Безенчукская 98, Дружина Жигулевская, Интенсивная, Иртишанка 10, Казахстанская 3,4, Вера, Скала, Целинная 26, 21, 60, Целинная, Юбилейная, Саратовская 29, 42, 46, Симбирка, Эри-троспермум 74, 841, Улбинка 25, Звезда, Кутулукская (Лютес-ценс), Омская 9, 19. Скала, Кзыл-бас, Вера, Альбидум 28. т. б Жаздық қатты бидайдың сорттары: Алмаз, Алтайка, Безенчукая 139, Оренбургская 2, Накат, Харьковская 46, Казахстанская 3, 4 Саратовская 40, Светлана (Леукурум) т. б.

11. Жаздық жұмсақ бидай — салқынға айтарлықтай төзімді дәнді дақыл. Тұқымдары +1-2°С жылылықта өне бастайды. Алайда, тіршілікке қабілетті егін көгі +4-5°С пайда болады. Жаздық бидайдың түптенуі +10-12°С температурада жақсы өтеді. Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ дән массасына шаққанда 50-60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Жаздық бидайдың даму кезеңдеріне қарай ылғалды пайдалануы біркелкі емес: барлық қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде 5-7% , түптенуде 15-20% , түптену мен масақтануда 50-60% , сүттене пісуде 20-30%, ал балауызданып піскенде 3-5% жұмсалады.

12.Жаздық бидайдың қоректену элементтерін шығару топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір ц астық пен тиісті сабанға шаққанда) азот (IV) — 3,7-4,0, фосфор (Р205) — 0,9-1,1 және калий (К20) 1,7-1,8 кг тең. Жаздың бидай өсіруге барынша қолайлы қара және қоңыр топырақтар деп есептеледі. Ол тұзды топырақты нашар көтеретін дақылдар тобына жатады. Сортаңдау топырақтарда, әсіресе қуаңшылық жылдары өнімді күрт төмендетеді. Жақсы өнімді реакциясы қалыпты немесе әлсіз қышқыл топырақтарда алуға болады.