- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •7. Дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы, морфологиялық ерекшеліктері.
- •6. Өсімдік шаруашылығы түсінігі мен түрлері
- •8. Дәнді дақылдардың өсіп – даму кезеңдері, өсіп – жетілу кезеңдерін өтуде оңтайлы жағдайлар
- •9. Дәннің түзілу үрдісі, сатылары
- •13. Жаздық бидай себу мерзімі, мөлшері және сіңіру тереңдігі, оларды негіздеу.
- •14. Тұқымдық мақсатқа жаздық бидай өсірудің технологиясындағы ерекшеліктер
- •15. Аймақ жағдайында жаздық бидайды ресурс-ылғалүнемдегіш технологиясымен өсіру. Сорттары
- •16)Аймақ жағдайында жаздық қаттбидайдың морфологиясы, биологиясы және өсіру технологиясының ерекшеліктері.
13. Жаздық бидай себу мерзімі, мөлшері және сіңіру тереңдігі, оларды негіздеу.
Батыс және Оңтүстік Қазақстан үшін 25сәуір – 10мамыр,
Шығыс Қаз жаздық бидайдың ең жақсы себу мерзімі сәуір айының соңы және мамырдың бірінші оңкүндігі. Солтүстік Қазақстан үшін 15-30мамыр, оңтайлысы 19-20мамыр, 28мамырға дейін аяқтаған жөн. Себу мөлшері 2,5-4,5млн өңгіш тұқым гектарына. Себу тереңдігі 5-6см, құрғақ жылдары 8-10см. Себу тәсілі жаппай кең қатарлап.
14. Тұқымдық мақсатқа жаздық бидай өсірудің технологиясындағы ерекшеліктер
Жаздық бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шараларменғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады. Бидай өсірудің технологиясы оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере оотырып жасалуға тиіс. Бидай басқа дәнді дақылдар сияқты қоңыржай белдеудің өсімдігі. Жаздық бидай өсіруге барынша қолайлы қара және қара қоңыр топырақтар деп есептеледі. Ол тұзды топырақты нашар көтеретін дақылдар тобына жатады. Жаздық бидай өсіруге қойылатын талаптар: Жаздық бидай барынша жоғары өнімді қоректік заттарға бай, жыртылатын қабаты қалың, бонитеті жоғары танаптарда қамтамасыз етеді. Топырақтың механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым егіншілік мәдениеті иен пәрмендендіру факторларына талаптар да арттырылады. Бидайды өсіргенде шектеулі факторға өсімдіктердің өсіп, жетілу кезеңдеріндегі ылғалмен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі де жатады; топырақ жеңіл болған сайын, жауын-шашынның мөлшері мен бөлінуі ерекше маңызға ие болады.
15. Аймақ жағдайында жаздық бидайды ресурс-ылғалүнемдегіш технологиясымен өсіру. Сорттары
Таза сүрі танабында ылғал жинақтайтын арнаулы шаралар жүргізіледі. 2-3рет қар тоқтатудың нәтижесінде сүрі танабында 40-50см қар қабатын жасауға болады, мұның өзі бір метр топырақ қабатын ылғалмен төменгі ылғалсиымдылық дәрежесіне дейін қанықтырады.Алғашқы қыста сүрі танабында жеткілікті мөлшерде тиімді ылғал қоры, бір метр топырақ қабатында 150-170мм шамасында, жинақталған жағдайда келесі жазда ықтырма себудің қажеті болмайды. Алайда көбінесе 120мм ден аспайды. Сондықтан ықтырма сеуіп өсіру жадық бидайдың оңтайлы өсіру технологиясының бірден бір қажетті шартты. Ресурсүнесдегіш технология жағдайларында қар қорын жинақтау мен тоқтатудың негізгі агрошарасына егінді жинау кезеңінде салыстырмалы түрде биік паясын /стерня/ қалдыру болып табылады.
Сорттардың әлеуетті өнімділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол бағалы. Қазіргі уақытта мемлекеттік тізімнен а.ш пайдалануға рұқсат етілген және ойдағыдай өсіріліп жүрген жаздық жұмсақ бидай сорттары:
Ақмола 2. Лютесценс түршесі. Сабағы орташа жуандықта, қуыс, берік, жапырылуға төзімді. Дәнә жартылай домалақтаукелген қызыл түсті, шынылы ірі, негізі жалаңаш.Сорт орташа мерзімде піседі. 1999жылдан Ақмола обл бойынша пайдалануға рұқсат етілген.
Астана- түршесі лютесценс. Масағы призма пішінді, дәндері ұсақ. Сорт орташа мерзімде піседі.Жапырылуға және шашылуға төзімді.Құрғақшылыққа төзімді сорт. ТОт ауруына төзімді. Орт Қаз және Солт Қ
Целинная 3С . Сабағы орташа жуандықта, қуыс. Түршесі лютесценс.Түктермен көмкерілген.
Целинная юбилейная- құрғақшылыққа төзімді, нандық сапалары жақсы, тұзды жерлерде жоғары төзімділігімен ерек, Ақмола, Қостанай өсіріледі.
Целинная 24- өнімді, физ, биохим, технологиялық жіне ұндық нандық спа көрсеткіштері жоғары. Ақмола обл өсіріледі.
Эритроспермум 34- Сорт салқанға төзімді, тозаңды қара күйеге жоғары төзімді және тамыр шірігі ауруларына төзімді.Кеш пісетін сорт. Қостанай, Солт Қаз, Ақмола және Қарағанды обл
Казахстанская19, Казахстанская25, Ертіс97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская70, Казахстанская15, Казахстанская ранннеспелая, САратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любова, Лютесценс32, Омская 18, Омская19, Омская20, Омская29, Омская29 сорттары бар
