- •Мазмұны
- •1. Әдебиетке шолу
- •1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы, пайдаланылуы
- •1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
- •1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
- •1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
- •2.1. Жамбыл облысының климаты, өсімдік жамылғысы, топырақтары
- •2.2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
- •2.3. Тұқымнан өсіруге арналған көшетханалар
- •2.4. Гүлді өсімдіктерді көбейту жолдары шырайгүл
- •2.5. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
- •3. Шырайгүл өсімдігін өсіру технологиясы
- •4.2. Шырайгүлді тұқымнан өсіру технологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
Сан ғасырлар бойы адамзат баласы өзінің айналасын хош иісті, әдемі гүлдейтін сәнді гүлді және бұталы өсімдіктермен безендіруге тырысқан, яғни гүлге деген құштарлық сонау біздің дәуірімізге дейін үш мың жыл бұрын қалыптасқан.
Египеттегі ежелгі пирамидадан жасмин гүлінің тұқымдары мен жапырақтары табылған. Бұл олардың ерекше хош иісі бар жасмин гүлін қолданғандарының белгісі. Сонымен қоса, фикус, пальма және тағы да басқа декоративті өсімдіктердің жапырақтары табылған. Египтіктердің ескі тарихи жазбаларында лалагүл, лотос, конопля, фикус секілді гүлдер жайында баяндалған.
Иран елінің бақтарында пальма, жеміс ағаштары және сирень, лалагүл, фиалка, раушангүл, нарцисс, қылғалдық гүлдерінің сан алуан түрлері өсіріледі. Ақындардың жазбаларында Иран Гюлистан (гюль-раушангүл) атты есіммен белгілі болған, сонымен қоса ежелгі Иран елінің астанасы ертеде Суза (лалагүл қаласы) деп аталған.
Индияда раушангүл ерекше саналған. Басқа гүлдер арасында көп қолданылатындары: лотос, аконит, лалагүл, т.б.
Грециядағы гүл шаруашылығының дамығандығын Архипелага аралдарындағы бақтармен байланыстырады. Грек халқы ерте уақыттан бері гүлдердің түр-түрін өсірген: аюоты, гүлтәжі, қалампыр, сүмбіл, ирис, лалагүл, раушан, т.б.
Ежелгі Римде декоративті бақтармен айналысу ерекше дамыған. Қала көшелерін әртүрлі хош иісті гүлдермен безендіріп қана қоймай, әрбір үйдің қабырғасынан үйдің төбесіне дейін бойлап өсетін сәндік бұталы ағаштар кең қолданыста болған. Гүлдерді Греция, Египет, тіпті Индия елдерінен алдыртып отырған. Раушан гүлі Рим елінде инабаттылық пен өнегеліліктің нышаны болған. Кейінірек раушан гүлі ермек, ойын, әуесқойлылық ретінде пайдаланылған. Рим императоры Нерон өз заманында той-думандарда "розовые дожди" - "раушангүл жаңбырын" ұйымдастырып отырған. Сонымен қоса, ақ гүлді миртті денсаулық нышаны ретінде қабылдаған.
Қытай халқы да өзінің гүл щаруашылығы мен сонымен байланыста ежелгі дәстүрлерін мақтан тұтады. Олардың алғашқы гүл бақтары ғибадатхана маңдарында өсірілген. Шайшөп, гардения, таушымылдық, бақытгүл, бамбук өсімдіктеріне ерекше құрметпен қараған. Бұл елде гүлді өсімдіктерге кім және қалай қарайтындығына аса қатты мән берілген. Гүлді өсімдіктер күтіміне ерекше қызметшілер таңдап алынатын болған, ол адам гүл жапырақтарын жұмсақ қылқаламмен сүртуге міндеттенген, қылқалам қоянның жүнінен жасалатын болған. Таушымылдық гүлінің күтіміне көрікті келген қыздар қарайтын болса, ал қара өрік ағашын қарапайым сопы ер кісі суаруға міндеттенген. Бұл жерден, Қытай халқының гүл күтіміне ерекше мән беретіндігі байқалады. Кез-келген жыл мезгілінде көздің жауын алатын гүлдердің өсіп тұруын қалаған Қытай халқы, алғаш рет жібектен жасанды гүлдерді шығара бастаған.
Жапонияда ең мәртебелі өсімдік ретінде бақытгүлі, қара өрік, орхидея, және бамбук саналады. Жапония халқы өздеріне шие гүлдерін, лалагүлді, азалия гүлдерін жақын тартып, оларда өз тағдырларының осы өсімдіктермен байланыстыратын күш бар екендігіне сенім қалыптасқан. Жапон шеберлерінің арасында гүлдерден әрт.үрлі көңіл-күйді сездіретін гүлшоқтарын (икебано) жасау өнері жақсы дамыған.
Еуропада гүл шаруашылығының дәстүрі Шығыс-Оңтүстік Азиямен салыстырғанда кешірек қалыптасқан. Алғаш дамуы Испания елінен бастау алады. Олар әлемнің әр аймағынан экзотикалық өсімдіктердің тұқымдарын тасып, оларды жерсіндірумне айналысқан. Қазіргі таңда Еуропада гүл шаруашылығы аса жоғары агротеникасы менен ерекше дамыған ландшафты-декоративті гүлдер дизайнмен сипатталды. Ұлыбританиядағы гүл бақтары – Еуропадағы ең көздің жауын алатын жерлердің бірі саналады. Англияда бұталы өсімдіктерден әртүрлі фигурадағы мүсіндер жасау қарқынды дамыған. Гүлдің әдемі көрінісінен ләззат алу жағынан Голландия әрдайым ерекшеленіп отырады. Сондықтан да бұл жерде, гүл шаруашылығы ерекше атақты сала түрі. Көздің жауын алатын голландиялық қызғалдақтардың алаңы XVII ғасырдан бастап қолға алынып, жаппай өсіріле бастаған. Сол кезеңдерде «тюльпаномания» деген атпен тарихта белгілі болған, ол дегеніміз Голландиялық қызғалдақтарға деген қысқа мерзімді аса жоғары сұраныс ұшқыны. Әрбір жаңа қызғалдақ сорты үшін адам сенгісіз төлем берілген.
Көрші ел Ресейде гүл шарушылығы жеміс-жидекті және декоративті-гүл бақтарымен байланысты. Орыс халқының гүлге деген құрметін орамалдарға кестелеп түсірілген гүл суреттерінен байқауға болады. Мәскеу қаласында гүл шаруашылығының дамуы XIVғасырлардан байқалады. XVI ғасырда Ресейде монастырь маңындағы гүл бақтары қатты дамып, «жұмбақ қала» деген атауға ие болған. I Петр кезінде гүл бақтарының дамуы өріс алып, соның билігі тұсында көптеген Ресей қалаларында гүл бақтары пайда болған. Ол «Садовая контора» - бақтық бақылау кеңсесін құрып, онда өз заманының мамандары сирек кездесетін гүл түрлерін сақтаумен және гүлдерден әртүрлі әшекей бұйымдарын жасаумен айналысқан.
Дегенмен де, әрбір адам тек мамандар қолымен жасалынған гүл бақтарын тамашалап қана қоймай, өзінің жеке бір әлемі іспетті, шағын ғана үйінің маңынан орын алған бақтың болуын калайды. Бірақ, ол үшін көп нәрсені білу қажет; сол жердің топырағы мен климатында өсе алатын өсімдік түрін таңдай білу қажет, оларға қалай күтім жасау керектігін білу қажет. [10]
Декоративті өсімдік сорттарына қайда және қандай белгілері бойынша баға береді?!
Біздің елімізде декоративті өсімдік сорттарын сынау1959 жылдан бастап қолға алынған, яғни Кеңес Одағы уақытынан бастау алған. 20-дан астам сортсынау орталықтары жұмыс жасаған. Сортсынау орталығында декоративті өсімдіктердің жаңа сорттарына 3 жыл көлемінде сол аймақтағы басқа жерсіндірілген өсімдіктерімен салыстыру жұмыстары жүргізілген. Сыналып отырған сорт ауа-райы қолайсыздықтарына төзімдірек келсе, аурулармен, зиянкестермен аз зақымдалса, жоғары сапалы гүл түзіп жатса, оны сол аймақтың жерсіндірілген өсімдіктер тізіміне енгізіп отырған. Сорт сынауды сарапшы комиссия декоративті өсімдіктің жаппай гүлдеу кезеңінде жүрзізеді. Жыл соңында әр жыл мезгіліндегі сортсынау нәтижелерін шығарады. 3 жылдық сынау нәтижесі бойынша сортты жерсіндіруге үсынады не болмаса сол климаттық аймақтан сынауды алып астауды ұсынады.
Гүлді-декоративті өсімдіктер екі белгісі бойынша бағаланады. Олар: декоративті белгісі және шаруашылық-биололгиялық белгісі.
Декоративті белгілеріне биіктігі, өсімдік формасы, боялуы, көлемі, гүлінің формасы мен орналасуы, гүлшоғыры және жапырағы жатады.
Шаруашылық-биологиялық белгілеріне вегетативті өсіп-өнуіге қабелеттілігі, қолайсыз қоршаған орта жағдайларына төзімділігі (құрғақшылық, аяз, жапырылуға төзімділігі) жатады. Декоративті өсімдіктер үшін ең бастысы, олардың өсімталдылығы, біруақытта гүлдеуі.
Гүлді өсімдіктер үшін ең маңыздысы гүлсидамдарының ұзындығы мен олардың беріктігі, гүлшоғырларының ұзындығы және оны қиюға төзімділігі. Олардың бірдей уақытта гүлдеуі, гүлдерінің орналасуы және жапырақтануы да маңызды саналады. [11]
Гүлзар – бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң. Гүлзарда бір, екі не көп жылдық және кілемтәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі ғана емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының ұзындығы, гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі. Гүл жарып, солған өсімдік орнына жаңасы отырғызылады. Гүлзарлар түрліше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық гүлзарлар. Қазақстанда гүлзар өсіруде, көбінесе геометриялы және көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе, қазақ халқының түс киіз, текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта, гүл, жапырақ, т.б.) қызғалдақ, сарғалдақ, қалампыр, боз кілем, т.б. гүлдердің түрлерімен беріледі.
Гүлзарлардың пішіні әртүрлі (төртбұрышты, сопақ, дөңгелек) болуы мүмкін. Шеттері 10 см, ал ортасы 30-40 см биіктікте болады. Гүлзардың шетіне газоннан шағын (10-20см) жиек жасалуы тиіс. Гүлзар жасау үшін алдымен оның шекарасын сызып алып, топырақты бір күрек бойы қазып, құнарлы топырақ төсеу керек. 10-15 күннен кейін (топырақ нығыздалған соң) ортасынан бастап өсімдіктерді отырғыза бастауға болады. Бедерінің тым кішкентай және күрделі болмағаны дұрыс және клумбаны тым үлкен жасаудың керегі жоқ. Өсімдіктерді таңдап алғанда оның түстерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ жекелеген өсімдіктердің өсу сипаты мен биіктігін ескеру қажет. Өсімдік неғұрлым биік болған сайын ол ортасына таман орналасуы тиіс.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
