Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
disse_zhoba.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

2.1. Жамбыл облысының климаты, өсімдік жамылғысы, топырақтары

Кез-келген аймақтың геологиялық жағдайы сол жердің табиғи ландшафтысының структурасы мен ерекшелігіне және сондағы шаруашылық салаларының әсер етуіне байланысты дамиды. Жамбыл облысы республиканың ертеден халық қоныстанған, экономикасы сан-салалы дамыңан аграрлы-индустриялды аймағы. Шаруашылықтың әртүрлі саласы жергілікті жердің табиғи ландшафтысына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Өлке жер бедерінің 90 % жазық, 10 % таулы болып келеді. Кез-келген жыл мезгілдері ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі шөлді аймақтардың дамуына ықпал жасап отыр. Облыс климатының осы бір қасиеті гиосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу аридтенуге бейім екендігін көрсетеді.

Табиғи ортаның экологиялық жағдайына және оның өзгерістеріне климаттың қосатын үлесі мол. Климаттық жағдайлар біріншіден атмосфераның өз бетімен тазаруына, екіншіден оның ластануына ықпал жасайды. Жамбыл облысы территориясындағы климаттың экологиялық әсерінен осындай байқалып отырған бірнеше табиғи құбылыстардан көреміз: аса құрғақшылық, аңызақ желдердің соғуы, көктемдегі және күздегі ауа температурасының әсіресе түнде күрт төмендеуі, радиациялық үсіктің жүріп кетуіне себеп болады. Көктемдегі жауған нөсер жаңбырлардың зиянды жақтары да бар, ол өсімдіктердің гүлдеп, дер кезінде тозаңдануына мүмкіндік бере қоймайды.

Табиғи ландшафтының тұрақтылығына өсімдік жамылғысының да қосар .лесі мол, ол эрозия мен дефиляцияға кедергі болуы мүмкін не он жеделдетуі мүмкін. Облыстың табиғи өсімдік жамылғысы жұқа, жайылымдық дегрессияға тез ұшырап отырады. Өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар, таулы аймақтарында Қазақстанда өсетін барлық 685 өсімдік түрінің 181 түрі өседі. Мұнда бір мың шаршы шақырым жерге 145 түрлі өсімдіктен келеді екен, бұл Қазақстан үшін ең максималды көрсеткіш. Шу-Іле, Қаратау аймақтары өсімдіктердің жаңа түрлері қалыптасатын орталықтар қатарына жатады, себебі неотектоника әлі де жүріп жатыр. Мысалы, бір ғана Қаратауда ағаштың 25 эндемикалық түрлері анықталған.

Климаты мен ауа-райы құрғақшылығымен, шұғыл континенталдылығымен ерекшеленеді. Бұл жағдайлар, біріншіден территорияның Евразияның дәл ортасында орналасуымен және мұхит бассейндерінен шалғайда орналасуына байланысты. Екіншіден, атмосфера циркуляциясының да әсері бар. Қоңыржай белдеуінің оңтүстігінде орналасуы – күн радияциясының мол келуіне септігін тигізеді. Жыл мезгілдері айқын бірін-бірі алмастырып отырады. Қыс әдетте қарашаның соңында қалыптасады, арктикалық ауа массаларының келуі ауа температурасын -25ºС, кей күндері одан да төмендетіп жібереді. Дегенмен, көктем тез келіп, ауа температурасы бірден көтеріледі, 9,7 ... 11,7 ºС. Жазы өте ыстық, шілде айында орташа температура 26-26ºС, максимум шегі 43-44 ºС дейін барады. Атмосфералық жауын-шашын, жалпы облыс бойынша аз түседі, жылына шамамен 250 мм. Тау бөктерінде 300-350 мм жауын жауады.

0º арқылы орта тәуліктік температураның ауысуы және көктемдік кезең наурыздың екінші жартысында байқалады. Оның ұзақтығы 60-70 күн. Көктемде соңғы қатқақ сәуірдің екінші жартысында-мамырдың басында аяқталады. Суық емес кезеңнің ұзақтығы 120-190 күн.

Тұрақты қарлы қабат желтоқсанның бірінші онкүндігінде түзіледі. Оның жату ұзақтығы 60-100 күн. Қардың онкүндіктік биіктіктерінің ең үлкендерінің орташасы – 20-40 см, қардағы су қоры – 40-75 мм. Тегіс және көтеріңкі жерлердегі температураның ең төменгісі – 320-420, төмен жерлерде -370-470. жердің қатып қалуының тереңдігі 20-25 см, ең тереңі 56 см. 30 Зонада суарылмайтын және суармалы жер шаруашылығы дамыған. Батыс бөлігінің климаттық жағдайлары суармалы жерлерде картоп өсіруге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысының климаты, белгілі су мен топырақ қорының арқасында, ауыл шарушылығының әртүрлі саласын дамытуға экологиялық тұрғыдан өте қолайлы. Күн жарығы мол, вегетациялық кезеңі ұзақ, жылы құрғақ күзі, осында құнды деген қант қызылшасын, жеміс-жидек, бау-бақша дақылдарын, гүлді өсімдіктерді өсіруге қолайлы. Қорытындалай келе:

1. Жамбыл облысының климаты шұғыл континенталды, құрғақ, жылы мерзімі ұзақ, суық мерзімі қысқа болады.

2. Климаты мен ауа-райының қалыптасуына облыстың географиялық орны әсер етеді. Қоңыржай белдеудің төменгі ендіктерінде орналасқандықтан, термикалық ресурстарға бай.

3. Климатының құрғақшылығы, облыс жерінде шөлді табиғат зонасының дамуына себеп болады. Экологиялық зиянды жағдайлардан – аңызақ желдің жиі қайталануын, ылғалдың аз түсуін, булану мүмкіндігінің молдығын, желдің дефляциясы мен құмды жыныстардың көшкінін атауға болады.

4. Жыл ішінде жауын-шашын біркелкі түспегенмен, ауылшаруашылық дақылдарының пісіп-жетілуіне экологиялық мүмкіндігі мол. [13]

Жамбыл облысының жалпы жер көлемі 144,263 км 2 , құрайды. Облыс аумағында келесі негізгі топырақты-мелиоративті зоналар бөлінеді: 1. Биік таулар зонасы. 2. Таулы далалар зонасы. 3. Төмен таулар және тау алды зоналары. 4. Шөл зонасы.

Облыс аймағында әртүрлі топырақ типтері кездеседі, және олар бірін-бірі жиі алмастырып дамыған. Территорияның 90 % алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды, саздақты құнарлылығы төмен топырақтар. Топырақ жамылғысының қалыптасуы, ендік бағытындағы зональды және таулардағы вертикальді биіктік белдеулік заңдылықтарына бағынады. Облыстың жаздық аймағында шөлді зона дамығандықтан, топырақ жамылғысының типтері, шөлді құрап тұрған аналық тау жыныстарына байланысты болады. Шөлдерде аналық тау жыныстары – аллювиальды, теңіздік, пролювиальды болып бөлінеді.

Облыстың топырақ жамылғысы негізінен ашық қара қоңыр және сұр топырақты болып келеді. Ашық қара қоңыр топырақты белдеу жауын-шашын мөлшерінің жыл және жыл мезгілдері бойынша бір қалыпты емес түсуімен, ауаның жаз кезеңдерінде құрғақ болуымен және ылғалдың қарқынды булануы үшін қолайлы жағдайлардың болуымен сипатталады.

Ашық қара қоңыр (карбонатты) топырақтар лесстарда және лессті саз бен құмнан тұратын тау жыныстарында таралған. Егістік қабатта 3 %-дан аспайтын гумус, 0,1-0,15 % жалпы азот, 0,15-0,23 % фосфор бар. Механикалық құрамы шаңды, орташа және ауыр құм-балшықтар мен құмды болып келеді. 31 Ашық қара қоңыр топырақ белдеуінен төмен жайпақ еңісті тау асты жазықтарында сұр топырақтар таралған. Бұл жазықтар Шу-Іле таулары мен Қырғыз Алатауын бойлай орналасқан. Климат ыстық және құрғақ жазбен, салыстырмалы қысқа және суық қыспен, қысқы-көктемгі температуралардың көктемгі-жазғы температураларға ауысуымен сипатталады. Жауын-шашын мөлшерінің ең көбі қысқы-көктемгі кезеңде түседі. Топырақтар жауын- шашынмен қамтамасыз етілмеген суармалы жер шаруашылығындағы аудандарда орналасқан.

Ең көп таралған кәдімгі және ашық сұр топырақтар. Кәдімгі сұр топырақтар Қырғыз, Талас және Қаратау жоталарының тау асты жазықтарын алып жатыр. Сұр топырақтар Шу-Іле тауларына, абсолютті биіктігі 699-800 м болып келетін тау арасы және өзен аңғарларына кіріп кетеді. Грунтты сулар тереңде жатады, олар топырақ түзілу және өсімдік жамылғысының сулы режіміне қатыспайды.

Тың жағдайларында топырақтар лесс және құмды және сазды тау жыныстарынан тұратын лесс саздақтарындағы эфемерлі-жусанды өсімдіктің астында, сондай-ақ тау жыныстарының жамылғы құм-балшықтарында қалыптасты. Механикалық құрамы бойынша топырақтар жеңіл, орта және ауыр құм-балшықты және құмды тау жыныстарынан тұрады, профильдің құрамында көп жағдайда қиыршық тас және қабыршақты ұнтақ (тау жыныстарынан пайда болатын ірі 2-10 мм шамасындағы тас түйіршіктері) бар.

Кәдімгі сұр топырақтардың өзіндік белгісі гумустық қабаттың әлсіз қалыңдығы (35-60 см-ден аспайды), 50-90 см тереңдікте тығыз иллювиальды карбонатты қабаттың болуы болып табылады. Топырақтарда құнарлы элементтер өте аз, топырақты ерітіндінің реакциясы-сілтілі, кейде қатты сілтілі. Су жақсы сүзіледі және бұл топырақтарды тұз баспаған. Кәдімгі сұр топырақтар қарқынды суару және органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданған кезде жақсы өнім береді.

Ашық сұр топырақтарда органикалық заттар өте аз, гумустың мөлшері 0,9- 1,2 %, карбонаттардың мөлшері жоғарғы қабаттарда – 1,2 %, 50-70 см тереңдікте – 5-12 %. Топырақты ерітіндінің реакциясы сілтілі. Топырақтарды әдетте тұз баспаған, механикалық құрамы бойынша жеңіл құмды және сазды тау жыныстарынан тұрады.

Сіңіруші комплекс 70%-ға дейін кальциймен, 20 %-ға дейін магниймен, 5 %-ға дейін натриймен қаныққан. Тереңдіктің және карбонаттықтың ұлғаюымен кальцийдің 45 %-ға дейін түсуі байқалады, ал магний 50 %-ға дейін өседі, бұл өз кезегінде топырақтың физикалық қасиеттерінің нашарлауына алып келеді. Климаттың құрғақтылығы топырақты игеруге қиындық туғызады. Оларды суару және эрозияға қарсы шаралар қолданып, қолдануға болады. Қазіргі таңда олар күзгі-көктемгі және қысқы жайылым ретінде қолданылады.

Сұр топырақтармен қатар тау асты жазықтарының топырақ жамылғысында Қаратау, Қырғыз Алатау және Шу-Іле тауларын бойлай комплекстер және полигидроморфты, кей жерлерде тұзды және сортаңдалған топырақтардың жанасуы созылып жатыр.

Облыс территориясындағы өзендердің төменгі ағысында, сондай-ақ Бетпақдала, Мойынқұмның депрессиялық ойыстарында тақырлар дамыған. Көктемде тақырлар еріген қар суларына толады да, лайланып, қысқа мерзім ішінде болса да, балдырлардың өсуіне жағдай туады. Тақырдың қалыңдықтары 20-40 см, қара шірігі аз – 0,3-0,8 %, тұздары 20-40 см тереңдікте басталады. Тақырлар суды жақсы өткізбейді, ылғалданғанда ісінеді, құрғағанда қайтадан орнына келіп қатады, кебірге айналады. Сонымен қатар, сұр-қоңыр топырақ, сортаң топырақтар қалыптасқан. Сұр-қоңыр топырақтарының ерекшелігі гипс қабатының қалың болуы, 5-50 см тереңдікте гипс горнизонты орныққан, гипс мөлшері 30-60 % шамасында.

Сортаңды топырақтардың ерекшелігі олар карбонатты, саздақты болып келеді. Топырақтың 0-4 см төмен жатқан горизонтында тұздылық – 0,76 %. Одан басқа, құмды сұр топырақ та кездеседі, құмды төбелер арасындағы ойпаңдарда дамиды, құрамында саз, шаңды бөлшектер кездеседі. Қара шірігі аз – 0,3-1 %. Суармалы оазистерде сұр топырақ дамиды. Қара шірігі – 1-2 %, терең қабатында карбонат пен гипс жиналған. Басқа топырақтардан ерекшелегі ұдайы суару әсерінен жоғарғы горизонты тығыздалған. Оның әсерінен су нашар жылжып, топырақ аэрациясы төмендейді. [14]

Таулардың етегінде, бұлақтар мен өзендер маңында сазды-шалғынды шымтезекті топырақ дамиды. Облыста топырақ қабатының қалыптасу ерекшеліктері:

  1. Жамбыл облысының жазық аудандарында топырақ жамылғысының қалыптасуы зональды заңдылыққа байланысты дамыса, ал таулы аудандарында биіктік белдеулік заңдылығына сәйкес дамыған.

  2. Жазық аудандағы негізгі зональды топырақтың типі – сұр топырақ, бірақ аналық тау жыныстар мен климаттық өзгешеліктерге байланысты, облыстың жазықтарында тақырлар, сұр-қоңыр топырақ, шалғынды сұр-қоңыр топырақ, құмды сұр топырақ, сортаңды-сұр топырақ кездеседі.

  3. Қырғыз Алатауында топырақтың белдеулік спекторы әралуан. Шөлдің сұр топырағынан бастап, қара топыраққа дейін дамыған.

  4. .Климаты мен ауа-райының қалыптасуына облыстың географиялық орны әсер етеді. Қоңыржай белдеудің төменгі ендіктерінде орналасқандықтан, термикалық ресурстарға бай.

Кесте 2. Жамбыл облысы ауылшарауашылығына арналған жерлдердің топырақ типтері бойынша иеленетін жер көлемі, мың га.

Атауы

Пайдалануға оңтайлы жерлер

Кебір және сортаңданған жерлер

Эрозияға ұшыраған жерлер

Тұзданған жерлер

Батпақты жерлер

Құмды-тастақты жерлер

Мың га

716,1

306

2774,7

1018,9

177,4

3438,3

Жамбыл облысы топырағының өсімдік құрамы әр түрлі. Жазық жерлер мен тау алды аймақтарының (800 м-ге дейін) топырақтары шөлді сұр-құба болып келеді. Бұл топырақта жусанды-сортаңды өсімдіктер өседі. Кей жерлерде тақырлар мен ақ сортаңдар кездеседі. Құмдарда сексеуіл өседі. Өзендердің жайылма алқапртарында талды-жиделі тоғайлар мен қамысты нулар кездеседі. 800 м-ден 1500 м-ге дейінгі биіктікте топырақ сұр болып келеді. Осы биіктіктегі дала зонасы топырағының өсімдік құрамы жусанды-дәнді және ақ селеулі- бетегелі болып келеді. Бұл зона әрі қарай таулы дәнді-әр түрлі шөпті дала зонасымен жалғасады. 1500-1700 м-ден 2000 м-ге дейінгі аралықта қара-қоңыр топырақтар таралған. Бұл далалы зонаның топырағының өсімдік құрамы дәнді- әр түрлі шөпті. Сонымен қатар осы биіктікте көктерек және Тянь-Шань шыршаларынан тұратын сиретілген ормандар өседі. 2100 м-ден биік Қырғыз жотасында субальпілік және альпілік шалғындар кездеседі.

Қатты бөлшектенген тау алды бедерінің өсімдік жамылғысы мынадай болып келеді: дәнділерден арпа, Дантон арпабасы, бидайық, талас ақ селеуі, ши өседі; геофиттер мен таулы ксерофиттердің арасынан жабайы сәбіз, альпілік қотырот, бұдырмақты жуа, шырыш, аңдыз, қымыздық, Максимович рауғашы, 33 Кауфман жауқазыны (қызғалдақ), сарғалдақ, қаратау қалампыры, тікеншөп, әдемі эспарцет және т. б. өсімдіктер өседі. Тау баурайының төменгі жағында қаратау жусаны басымдық көрсетеді. Бұл жерде көктікен, Траутфеттер сәлбені және т. б. өсімдіктер шашыраңқы таралған.

Қаратау жотасының тау асты жазықтарының өсімдік жамылғысы тау алды өсімдік жамылғысымен салыстырғанда кедейлеу. Жазда қаратау жусаны өседі. Ол ірі бұталар түрінде өседі, бірақ, ол бұталар сирек орналасады. Олардың арасындағы кеңістікте ештеңе өспейді. Сондай-ақ қоңырбастың, арпаның, арпабастың, көкнәрдің бірлі-жарымды даналары өседі. Жер бетінің өсімдік жамылғысы 30 %-дан аспайды. Ландшафттың жалпы келбеті шөл болып келмейді. Бірақ жазықтың жоғарғы бөлігінде қаратау жусанының болмауына байланысты, бұл жерлер шөл болып көрінеді. Солтүстік-шығыс бағытта өсімдік жамылғысы өзгереді. Қаратау жусаны жойылып, оның орнына ландшафтқа шөлді келбет беретін жаңа өсімдіктер пайда болады. [15]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]