Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
disse_zhoba.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

2.4. Гүлді өсімдіктерді көбейту жолдары шырайгүл

Көшетсіз көбейту. Біржылдықтарды көшетсіз көбейту арқылы өсіру еңбек және қаржылай шығындарын қысқартады, сонымен қатар өсімдіктер тез мықты өсуімен және аз ауыратынымен ерекшеленеді. Бұлай өсірудің кемшілігі өсімдік, көшетпен өсірілген өсімдіктермен салыстырғанда кеш гүлдейді және тұқым 2,5-3 есе көп жұмсалады. Гүл тұқымын өсіруге арналған топырақ өте мұқият дайындалады. Жыртылған жер жоспарланады, қопсытылады, тырмаланады. Біржылдықтарды көшетсіз әдісімен өсіргенде тұқымды сәуір айының аяғында – мамыр айының басында себеді. Жылусүйгіш өсімдіктердің тұқымдарын мамыр айының екінші-үшінші жартысында себеді. Өсімдіктің кешірек гүлдеуі үшін осы уақытта тұқымды себе бастайды. Өсімдіктің өзара қашықтығын және қатар арақашықтығын өсірілетін өсімдіктің түріне және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты белгілейді. Тұқымды трактормен дайындалған немесе қолмен дайындалған жүйекке себеді. Егер жер жыртудан немесе қопсытудан бұрын тыңайтқыш енбеген болса, онда қарық жасау кезінде 30-50 г суперфосфат, 20-30 г аммиак селитрасын және 10-15 г калий тұзын 1 м2 жерге енгізеді. Қышқылдылығы жоғары топыраққа извест араластыру ұсынылады. Тұқымдарды жақсы желдетілген шымтезекпен, құммен немесе қарашірікпен жауып қоюға болады. Себілген тұқымды катокпен таптайды, ұқыпты суарды. Үлкен алаңда кең қатарлы ленталы 3-4 қатарлы дән сепкіш қолданылады, қатар аралығы 20-30 см, лента аралығы 60 см болу керек. Қысқы егіс қара топырақсыз аймақта қазан айының үшінші жартысында жүргізіледі. Тұқым себердің алдында топырақ пен қатар орналасқан жүйектерді күні бұрын дайындайды. Күзде сепкен тұқымды шымтезекпен немесе қарашіріндімен 2-3 см қалыңдықта жабады. Кейбір шаруашылықта қыста қиыршық тасты жерді қолданады. Тұқым себуге жерді күз айларынан бастап дайындайды. Қардың қалыңдығы 15-20 см болғанда күні бұрын 1,5-2,0 см тереңдікте жоспарланған қарықтарға тұқым себеді. Содан кейін желдетілген шымтезекпен немесе осыған дейін қатпайтын жерде сақталған қарашірікпен жабады.

Өскіндерді сирету. Уақытында сирету ашық жерде өсірілетін өсімдіктердің өсіп дамуына шешуші ықпал етеді. Тұқымнан өскіндер өсіп шыққанда қалың өскен жерлерін екі рет сиретеді. Бірінші рет - өскіндердің жартысын қалдыра отырып, нағыз жапырақтардың алғашқы жұбы шыққанда. Екінші сиреткенде 3-5 жапырақтар пайда болғанда, яғни екі апта өткеннен кейін. Сиреткенде әлсіз өсімдіктерді алып тастау керек, ал мықтыларын басқа жерге орнату үшін қалдырады. Сиретер алдында өсімдіктерді суарады.

Көшет арқылы көбейту. Гүлді өсімдіктер көшеттерін дайындау үшін жәшіктерге тұқым себеді. Өсіп шыққан өскіндерді жылы жерде екінші сиретуге дейін көшетханаға отырғызады. Жәшіктер мен құмыраларды тұқым себер алдында 40% формалин (1: 300) ерітіндісімен дезинфекциялау керек. Егерде тұқым аз болса жәшікке ірі түйіршікті құм немесе ұсақ тастар мен керамзит, ұсатылған кірпішпен 2-3 см қалыңдықта салады, содан кейін құнарлы бақ топырағын салады. Оның құрамы өсіретін өсімдіктің түріне қарай өзгереді. Топырақтың үстін тегістейді, топырақ бетіне жеңіл жапырақ жері себіліп 1-2 мм тереңдікте оған тұқым себіледі. Өте ұсақ тұқымдарды сеуіп оны жеңіл нығыздайды. Өте ұсақ тұқымды қар бетіне себу жиі кездеседі. Қар ерігенде тұқым ылғалмен бірге топыраққа сіңеді. Ірі тұқымдар себілген жәшіктерді ұсақ сеткілері бар кішкентай лейкамен ұқыптап жіңішкелеп 20-25 0С-ғы жылы сумен суару керек. Одан әрі күтім көрсеткенде топырақты өте ылғалдандырып немесе құрғатып жіберуге болмайды. Гүлді өсімдік тұқымдарын өсіру үшін температура 15 0С-ден 20-25 0С-ге дейін болу керек. Өскіндер пайда бола бастағанда күн көзінің сәулелері тура түспейтіндей қылып жарыққа қояды. Күн жылына бастағанда көшеттері бар жәшіктерді үнемі желдетіліп тұратын жылы және жартыдлай жылы көшетханаға көшіреді.

Біржылдық өсімдіктердің көбеюі. Екі жылдық өсімдіктердің көбеюі. Көпжылдық өсімдіктердің көбеюі

Негізінен барлық бөлме өсімдіктерін тұқым арқылы көбейтуге болады, бірақ бөлме тез және сенімдісі. Оны бөлу, қалемшелеу, ұластыру, сұлама бұтақтары жағдайында бұл процесс көп еңбекті қажет етеді. Сонымен қатар тұқыммен өсірілген өсімдік тек 5-7 жылдан соң ғана жетіледі және өзінің аналық қасиетін жиі жоғалтады. Сондықтан бөлме жағдайында көбеюдің вегетативті тәсілі ең тиімді, арқылы көбейту тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырады.

Көбейтудің ең қарапайым түрі – бұтаны бөліктерге бөлу. Оны жыл бойы қолдануға болады (тек гүлдеу кезінде емес), өсімдікті өсу алдында қайта отырғызу кезінде бөлген жөн. Бұтаны абайлап құмырадан алған кезде топырақ кесегін бұзып алмау керек және өткір пышақпен не бау қайшымен оны бірнеше бөліктерге бөледі. Әр бөлікте 2-3 өркеннен кем болмау керек. Оларды арнайы дайындалған құмыраларға бөлек отырғызады және күн сәулесінен жасырын ашық жерге қояды.

Жер үстілік сұлама бұтақтарын құрайтын өсімдіктерді өсіру одан да оңай. Олар жеке дара өсімдіктер ретінде ұсынылады. Оларды аналық өсімдіктен бөліп, бөлек ыдысқа отырғызады.

Көбеюдің ең кең тараған түрі сабақты қалемшелер. Ол көптеген шөптесін әсемдік өсімдіктеріне (қазтамақ, олеандр, фикус, пальма, қоңыраугүл, қасқыржем, традесканция, наурыз шешек) тән. Аналық өсімдіктен қиғаш кесумен, бүршіктен төменірек 2-3 буынаралық және 8-10 см ұзындықта бірнеше жапырақтары бар өркеннің бөлігін бөліп алады. Жоғарғы кесуді түзу жасайды, бүршіктен 1-2 см жоғары қылып. Шөптесін сабақтың төбесін, ортасын және де бүйірлік өркеннің бөлігін немесе бүтіндей алуға болады. Үлкен жапырақты даралардың астыңғы жапырақтарын алып тастайды, ал жоғарғыларын булануды азайту үшін жартылай кесіп немесе жіппен бекітіп түтік қылып орап қояды.

Бөлінген қалемшені суда, ылғалды ірі құмда немесе шымтезекте тамырлатады. Бірінші жағдайда қалемшені бөтелкеге мақтаның көмегімен бекітеді, астыңғы бөлігін 5-6 см-ге суға түсіреді. Қалемшеде тамыр пайда болғаннан кейін, оны ыдысқа отырғызады. Оның үсті құммен, асты қарапайым топырақ қоспасымен толтырылады.

Субстратта тамырлатқан кезде қалемшені 1-2 см-ге тереңдетеді. Отырғызғаннан кейін үстіне су себеді және үстін шыны ыдыспен немесе полиэтиленді судырлақпен жабады және оны күніне 1-2 рет бірнеше минутқа көтеріп отырады. Қалемше тамыр жіберген кезде, желдетудің уақыты да ұзарады, ал өсімдік күнделікті жағдайға үйренген соң полиэтиленді судырлақты немесе шыныны мүлдем алып тастайды. Қалемшені тамырлату үшін көпшілік бөлме өсімдіктері үшін бөлмеде оптимальды ауа температурасы +(22-26 0С) және ауаның жоғары ылғалдылығы (90-95% шамасында).

Узамбар шегіргүлі, бегония, дримиопсис, сансевьера, каланхоэ, эхеверия және тағы басқа сияқты көптеген өсімдіктер жапырақты қалемшелер арқылы оңай көбейеді. Көбінесе сағағы бар жеке жапырақтарды жиі алады немесе сирек жапырақ бөліктерін алады. Бүтін жапырақтарды сабақты қалемшелер секілді суда немесе кез-келген басқа субстратта тамырлатады.

Жуашықты және түйнекті өсімдіктерді олардың жер асты мүшелерін бөлу арқылы көбейтуге болады. Аналық жуашықтың қолтығынан немесе түйнектен көптеген жас жуашықтар немесе түйнектер пайда болады. Оларды қайта отырғызу кезінде бөліп алып бөлек ыдысқа отырғызады. Оларға деген күтім ересек өсімдіктерге сияқты болу керек. Кейбір жағдайларда түйнек немесе жуашықты бөліктерге бөліп, күнделікті тәсілмен өсіреді.

Вегетативті көбейтудің тағы бір түрі ұластыру болып табылады. Өсімдіктің ұластырушы бөлігі бұл – телінуші, ал бұған ұластырылатын телітуші деп аталады. Телінуші үшін бірнеше бүршікті сабақтың жартысынан сабақты қалемшені немесе бір бүршікті алады. Телітуші үшін төзімді, тез өсетін жас, сау өсімдікті қолданады. Ұластыру арқылы өсіру тәсілдері алуан түрлі. Ең кең тарағаны бүршік телу, қалемшелеп ұластыру. Телітуші мен телінушіде өткір пышақ пен бірдей пішінде кескіндер жасайды. Содан кейін телінушіні телітушіге салады, сол кезде олардың кесілген орындарын қосуға тырысады. Телінушіні жабысқақ лентамен, жіппен, жіңішке резеңкемен бекітеді. Әдетте телітуші мен телінушінің бірігіп өсуі 2-3 аптадан соң болады. Ұластырудың ең жақсы уақыты ол телітуші мен телінушінің белсенді өсу кезеңі. Ұластыру әсемдік бақ өсіруде кеңінен қолданылады. Раушангүлді, шайшөпті, азалияны кактусты ұластыру жолымен көбейтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]