Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пац обучение.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

4 Билет Қабылдау, түрлері, қызметі.

Қабылдау туралы жалпы ұғым және оның негізгі ерекшеліктері. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі.. Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды.Қабылдау — ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нөтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мүны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланысы) заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның түлғасын тануға мүмкіндік береді.Қабылдаудың негізгі түрлері

А) Қабылдаудың тутастыгы

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері қабылданса да, біз бүларды түтас зат форма-сында қабылдаймыз.

Ә) Қабылдаудың магыналылыгы

Бүл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмүнын жақсылап түсінбейінше, белгілі түжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.

Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал жүйесі) берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде үқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінетіндіктен оларды толық қабылдай алады.

Б) Қабылдаудың таңдамалылыгы

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың тацдамалылыгы делінеді. Мөселен, кітап оқығанда ондағы бірер соз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген соз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше коңіл болінетіндіктен, мұндай қателер козге түспей қалады. Ал жеке создерге, жеке өріптерге шүқшия көз салған жағдайда (мәселен, корректорлар) текстің мазмүны үғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.

В) Қабылдаудың турақтылыгы (константтылыгы)

Қабылдаудың константтылыгы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф баларының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай

Г) Қабылдаудагы иллюзия

Әрқашан да қабылданатын затқа, не қүбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.

Д) Апперцепция

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық түрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмүнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция түрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Түрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына . байланысты болып отырады. Мәселен, "түбір" деген сөзді эр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса, шөптің түбірін, математик санның түбүрін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты түрлі жағынан багалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше қөзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты.

Қабылдаудың бұзылуы;

I. Иллюзия

II. Галлюцинация

III.Психосенсорлы бұзылыстар

Иллюзия- шындығында бар объектті қате қабылдау.Психикалық иллюзия дамуының бірден бір себебі сезім мүшелерінен түсетін ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады. Қараңғыда жарық

күнмен салыстырғанда шатасу,бір затты басқа зат ретінде қабылдау оңай. Осыған байланысты иллюзия қандай да сезім мүшесі функциясы әлсіреген адамдар да кездеседі: мысалы саңырауларда есту, көзі нашар көретіндер де көру иллюзиясы. Иллюзияда ақпарат жеткіліксіздігі елестету арқылы толықтырылады.

Галлюцинациялар Объектсіз қабылдау,жалған қабылдау. Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде

жоқ дауыстар естіп,адамдарды көреді. Бірақ науқас олардың бар екендігіне толық сенімді. Галлюцинацияны алғаш рет Ж. Эскироль сипаттаған, ол галлюцинатты қандай да бір жоқ затты көретініне, еститініне немесе басқа жолдар мен қабылдайтынына сенімді адам деп қарастырады.

Психосенсорлы бұзылыстар Сыртқы әлемді және өз денесін қабылдаудың күрделі бұрмаланыстарын

білдіретін бұл ұғымды М.О Гуревич енгізген яғни бұл кезде сезім мүшелерінен тарайтын сезімдер емес олардың синтезі- сенсорлы синтез бұзылады.Дене схемасын қабылдау бұзылысы науқас адамға бүкіл денесі үлкейген сияқты болып көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]