- •1 Билет.
- •2 Билет Психикалық таным процестері, қалыптары, тұлғаның психикалық құрылымы
- •3 Билет. Түйсік, оның физиологиялық негіздері және түрлері
- •4 Билет Қабылдау, түрлері, қызметі.
- •5 Билет
- •8 Билет Қарым қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, құрылымы,түрлері,қызметі.
- •9 Билет. Қиял күрделі психикалық үрдіс. Оның түрлері.
- •10 Билет. Зейін түрлері, қасиеттері, бұзылыстары.
- •12. Ерік. Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдары. Еріктің бұзылуы.
- •11Билет. Эмоционалды қалып және тұлғалық қасиеттер.
- •15 Билет. Психологиялық үрдістерді зерттеу әдістері
- •16 Билет.Коммуникативті үрдіс жөніндегі негізгі түсінік.
- •17Билет. “Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы
- •18 Билет. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні
- •21 Билет. Коммуникативті компоненттілік жөніндегі түсінік
- •25 Билет.
- •27 Билет. Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынас
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
- •31)Дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынас
- •32)Тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін қалыптастырушы факторлар
- •33.Дәрігер тұлғасы.Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
- •34.Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер: үйреншіктік,депрессивтік,интроверттілік.
- •35. Эмоциональды куйреу синдромы. Пайда болу себептерi жане алдын Алу жолдары.
- •36. Медициналык интервью угымынын аныктамасы
- •37 Билет
- •38 Билет
- •39 Медициналық интервьюге кіріспе :Пациентпен сұхбаттасуға дайындалу,алғашқы түсіністікке қол жеткізу ,пациенттің дәрігерге келу себебінің анықтау, Пациентпен сұхбат.
- •40«Дəрігер және пациент» қарым-қатынасын ұйымдастырудың негізгі модельдерді
8 Билет Қарым қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, құрылымы,түрлері,қызметі.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс. Б.Д. Парыгин мұны адамдардың танымдық ақпарат алмасуы, өзара түсінісуі, бірін – бірі қабылдау процесі деп атап өтті. қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды. Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты. Әлеуметтік қарым – қатынасқа коллективтендірілген еңбегін жоспарлап, басқару, орындалғанын қадағалап , тексеріп жатады. Қарым – қатынас мазмұны қарым – қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым – қатынасының негізгі құралына тіл жатады. Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б. Вербалды қарым-қатынас яғни тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі. Вербалды емес қарым – қатынас жүйесі өте маңызды болғанымен , ол тек ойды айқындап, нақтылайды және нақты бір ақпаратты эмоция арқылы білдіреді.
9 Билет. Қиял күрделі психикалық үрдіс. Оның түрлері.
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Оған ес, ойлау, назар, ақыл ой қатысады. Қиял ерекшеліктеріне қарай: Ырықсыз қиял - адамның алдынан мақсат коймай - ақ басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Ырықты қиял - адамның алдына саналы түрде мақсат коя отырып әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы.
10 Билет. Зейін түрлері, қасиеттері, бұзылыстары.
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталыпшоғырлануы. Зейіннің физиологиялық негізі. 3ейіннің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы. 1.Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді. 2. Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады. Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы. Зейіннің қасиеттері. 1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді. 2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді. 3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында. 4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы. 5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.Зейін ерекшеліктері : Тұрақтылық, Бөлінуі,Ауыспалалылығы,Ауқымдылығы,Алаң болушылық.Зейінің бұзылуы:1) Зейінің төмендеуі (hypoprosexia)2) Апрозексия 3) Зейінің жоғарлауы (hyperprosexia)
