Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЖКТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыстар тізімі

№1 зертханалық жұмыс

Оқшаулатқыштар гирляндалары бойымен кернеудің таралуы

Жұмыстың мақсаты:оқшаулатқыштар тізбесі мысалы бойынша оқшаулағыш конструкциялардың элементтерінде кернеудің таралуын оқып-үйрену.

1.Негізгі түсініктемелер және сандық сипаттамалар.

Электр беру желілерінде сымдарды ілу үшін және түйіспелік тораптарды ілу үшін гирлянда түрінде жиналған ілмелік оқшаулатқыштар қолданылады. Оқшаулатқыштар тізбесіне түсірілетін айнымалы немесе импульстік кернеу біркелкі таралмайды. Бұл дегеніміз, мысалы, тізбеде 7 оқшаулатқыш болса, онда жеке оқшаулатқыштарда тізбе кернеуінің 1/7 бөлігі түспейді, 1/7 бөлігінен артық немесе кем болып түседі. Тізбедегі оқшаулатқыштар саны көбейген сайын біркелкі еместігі арта түседі. Егер арнайы шаралар қолданбаса, жоғары кернеу желілерінде (220 кВ және одан жоғары) оқшаулатқыштардың бір бөлігі жұмыстық кернеу кезінде-ақ тәжді разряд пайда болатын кернеу астында қалуы мүмкін, тәж пайда болуы радиокедергілерге және арматураның коррозияға ұшырауын тездетеді.

Кернеудің біркелкі таралмауының себебі, негізінен ғимараттың жерлестірілген бөлігіне қатысты металдан жасалған элементтердің сыйымдылығының орын алуында. 1-суретте оқшаулатқыштар тізбесінің сұлбасы (а) мен маңызды параметрлерді ескеретін ауыстыру сұлбасы (б) көрсетілген. Бағыттаушылар арқылы сұлба көмегімен оқшаулатқыштар бойымен өтетін және жерлестірілген бөліктерге кететін сыйымдылық токтары өтеді.

Тізбелер, әдетте, біртипті оқшаулатқыштардан жиналады, сондықтан, олардың өзіндік сыйымдылықтары бірдей мәнге ие, Со≈50пФ. Таза және құрғақ беттерде (оқшаулатқыштар бетімен) ағып кету болмайды. Әдетте, С1≈5пФ, ал оқшаулатқыштардың металл бөліктерінің сыйымдылықтары жоғары кернеу астындағы сымдарға қатысты алғанда 0,5пФ шамасын құрайды және кернеу таралуының жалпы суреттемесін сәл өзгертеді.

Сурет 1

Сымға жақын орналасқан оқшаулатқыштың өздік сыйымдылығы арқылы шамасы ең үлкен ток, ал жерлестірілген бөліктерге жақын орналасқан оқшаулатқыштың сыйымдылығы арқылы токтың аздау шамасы өтеді, осыдан тізбе бойындағы кернеу таралуы біртегіс болмайды.

Нақты жағдайда сыйымдылықты элементтер С2 де кернеу таралуына әсер етеді, сондықтан аздау кернеу түсуі жоғарыдағы оқшаулатқышқа емес, оған жақын орналасқанына сәйкес келеді. Сақина, сегіз саны және сопақ түріндегі арнайы арматураны қолдану арқылы С2 сыйымдылығын ұлғайтады және осылайша тізбе бойымен кернеу таралуын түзейді.

2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы.

Тізбедегі ақаулы оқшаулатқыштарды анықтау үшін электр беру желілерінің жұмыстық кернеуінде жеке оқшаулатқыштағы кернеуді өлшейтін өлшеуіш штангілер қолданылады.

Зертханалық жұмыста тізбедегі оқшаулатқыштар бойындағы кернеулерді өлшеу мүмкіндігін қарастыруға және электродтарының ара қашықтығы тұрақты шартәріздес разрядтағышты қолдануға негізделген басқа әдіс қолданылады. Оқшаулатқыштардың біріне разрядтағышты параллель жалғай отырып, тізбеге берілетін кернеу шамасын разрядтағыштың ұшқын аралығында тесіп өту пайда болғанға дейін ұлғайтады. Егер Up- разрядтағыштың тесіп өту кернеуі болса, онда тесіп өту құбылысына дейін коэффициентімен анықталатын кернеу үлесі түседі, мұндағы - k-шы оқшаулатқышқа қондырылған ұщқын шашушы разрядтағышты тесіп өту мезетіндегі бүкіл тізбедегі кернеу шамасы. - коэффициенті k-шы оқшаулатқышқа қатысты алғандағы кернеу.

Тізбе кернеуінің өзгеруімен ондағы кернеу өзгермейтіндіктен (егер тәж пайда болмаса), барлық коэффициенттерінің қосындысы оқшаулатқыштардағы қатысты алғандағы кернеулер ретінде бірге тең болуы тиіс,

U шамасын қосынды белгісінің сыртына шығара отырып, төмендегіше өрнек аламыз

Шартәріздес разрядтағыштың тесіп өту кернеуі жанама өлшеулер нәтижесі ретінде анықталады.

коэффициенттерін есептеуден соң тізбе оқшаулатқыштарындағы кернеулерді оңай табуға болады, ол үшін біршама номинал кернеу қосылады: .

Зертханалық жұмыста тізбеге кернеу беру үшін WPT.4.4/100 типті сынау қондырғысы қолданылады (жұмыс принципі мен қауіпсіздік ережелерімен №2 зертханалық жұмыста танысуға болады).