- •Пәннің оқу - әдістемелік кешені
- •5В071800 – Электр энергетикасы
- •Құрастырушы: - Сыдықова Гүлнар Құдайбергенқызы
- •2014 - 2015 Оқу жылына «Жоғары кернеу техникасы» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәрісханалар тізімі
- •1Дәріс Жоғары кернеу техникасы туралы жалпы түсінік
- •2 Дәріс Электр қондырғысының оқшауламасына эксплуатациялық
- •Әртүрлі газдардың молекулаларының иондануына Uиониз. Және қозуына Uвозб қажет энергияның немесе потенциалдың шамалары 1 кестеде келтірілген.
- •Газды разрядтық аралықтардың электрлік беріктігі
- •Газ молекуласының иондануы және қозуы. Электронның атомнан немесе молекуладан бөліну процесі иондану деп аталады. Бұл кезде электрон-вольтпен өлшенетін біршама энергия жұмсалады.
- •1 Сурет. Соққылы ионданудың сұлбасы
- •2 Сурет. Фотонның иондану сұлбасы
- •2 Кесте – Әртүрлі металдардың үстірт иондану потенциалдары.
- •4 Сурет. Үстірт соққылы иондану сұлбасы
- •5 Сурет. Фотоэлектронды эмиссия сұлбасы
- •4 Дәріс Электр қондырғысының сыртқы оқшауламасы
- •5 Дәріс Қатты диэлектриктің бетіндегі разряд
- •6 Дәріс Әуелік желілер мен қосалқы станциялардың оқшаулатқыштары
- •7 Дәріс Электр қондырғыларының ішкі оқшауламасының түрлері
- •Ішкі оқшаулама ескіруінің жалпы заңдылықтары
- •9 Дәріс Жоғарывольтті оқшаулама
- •10 Дәріс Электр тораптарындағы асқын кернеу
- •11 Дәріс Сыртқы асқын кернеулер
- •12 Дәріс Ішкі асқын кернеу және одан қорғау шаралары
- •1. Ішкі асқын кернеудің жалпы сипаттамасы
- •3. Коммутациялық асқын кернеу кезіндегі электр қондырғыларының ішкі және сыртқы оқшауламаларының электрлік төзімділігі
- •4. Квазистационарлық асқын кернеулер
- •13 Дәріс Электр қондырғыларының электрлік оқшауламасын сынау
- •14 Дәріс Оқшаулама кедергісін және сыйымдылығын бақылау
- •15 Дәріс Ішкі оқшауламаны бақылау жүйесі және диагностика
- •Зертханалық жұмыстар тізімі
- •Оқшаулатқыштар гирляндалары бойымен кернеудің таралуы
- •3. Өлшеу жұмыстарына тапсырма
- •Негізгі ұғымдар мен сандық сипаттамалар
- •Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •3. Өлшеуге тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •Қатты диэлектрик бетінің бойындағы электрлік разрядты зерттеу
- •1. Негізгі түсініктер мен сандық сипаттамалар
- •2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •3. Өлшеуге тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •Оқшауламалық конструкцияларды профилактикалық сынау – оқшауламаның кедергісі мен сыйымдылығын өлшеу
- •1. Негізгі түсініктер мен сандық сипаттамалар
- •2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •9. Өлшеулер біткен соң заряд-измерение ауыстырып қосқышын заряд белгісіне қойып, құралды тораптан ажыратады.
- •3. Өлшеулерге тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •Трансформаторлық майдың электрлік беріктігін анықтау
- •1. Негізгі түсініктер мен сандық сипаттамалар
- •2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •4. Бақылау сұрақтары
2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
Жұмыста оқшаулама кедергісін өлшеу үшін 100, 500 және 1000 В кернеулерде 0,03-тен 10000 Мом-ға дейін кедергілерді өлшей алатын немесе 1000 және 2500 В кернеулерде 50000 МОм кедергінің жоғары шегімен, қателігі 30%-дан артық болмайтын Ф4102 типті мегаомметр қолданылады.
Мегаомметр қажетті шамадағы тұрақты кернеу өндіретін кернеу түрлендіргіштен және шығысына магнитэлектрлік микроамперметр жалғанған өлшеуіш күшейткіштен тұрады. Бұл екі блокты тізбектей жалғанған екіплюстілер құрайды, олардың ұштары құралдың қысқыштарына жалғанады. ″-″ белгісі бар қысқыш тұрақты кернеу көзіне, күзеттік сақина қысқышы өлшеуіш күшейткішке қосылады, ал күзеттік сақина өлшеуіш күшейткіш пен тұрақты кернеу көзінің ортақ нүктесіне (Э қысқышы) қосылады.
Өлшенетін резистор екіполюстілермен тізбектей жалғанады. Э қысқышы, мысалы өлшенетін сымдар арасындағы оқшаулама арқылы өтетін артық токтарды шығару үшін қызмет етеді.
Мегаомметрмен жұмыс істеу тәртібі келесідегідей:
1. Зерттелетін нысанның ток жүретін бөліктерінде жерлестіргіш штангіні тигізу арқылы қалдық зарядтардың бар-жоғына көз жеткізу қажет.
2. Мегаомметрдің ″-″ клеммасына бір жалғау сымын жалғау қажет, күзеттік сақинасы бар клеммаға экрандағы жалғау сымын, экранды Э клеммасына қосу қажет.
3. Өлшенетін кернеудің қайта қосқышы қажет қалыпқа қойылады. Жалғау сымдары ажыратулы күйінде ИЗМ1 белгісіне басып, УСТ∞ көмегімен құрал бағыттағышы ∞ белгісіне келтіріледі. ИЗМ1 белгісін баспас бұрын маңайдағы адамдарды «Жоғары кернеуді қосамын!» деп ескерту қажет.
4. Мегаомметрдің қосу сымдарының ұшын тұйықтап, ИЗМ1 белгісіне басып, УСТ.0 бұрағышымен құрал бағытағышы 0 белгісіне қойылады.
5. Нысан мегаомметрдің жалғау сымдарына қосылады. ИЗМ1 кнопкасын басып, нысанға кернеу беріп, өлшеулер жүргізіледі. Өлшеу кезінде кнопка басулы болуы тиіс және өлшеу шкала I бойынша жүргізіледі. Шкала II өлшеу дәлдігін жоғарылату үшін шкала I-дің бөлігін созуға қызмет етеді.
6. Жерлестіргіш штангімен өлшеу біткен соң нысаннан қалдық зарядты түсіріп, мегаомметрдің өткізгіштерін ажырату қажет.
Зертханалық
жұмыста оқшаулағыштың
сыйымдылығын өлшеу үшін
сыйымдылығын,
сыйымдылықтарының айырмасын және ΔС
сыйымдылығын өлшеу диапазонының жоғары
шегінен бес диапазонда 5%-дан
артық емес қателігімен 0,1 нФ-дан 100 нФ-ға
дейін өлшетін ПЕКИ-1 құралы қолданылады.
ПЕКИ-1 құралының жұмыс принципін
2-суреттегі ықшамдалған сұлба түсіндіреді.
Сыналатын
кедергінің сыйымдылығы тұрақталған
кернеу көзінен
1
мин ішінде зарядталады. Содан соң, егер
сыйымдылығы өлшенетін болса, S1
ауыстырып қосқышы 5 мс уақытқа (шамамен
50 Гц период ширегі) сыналатын оқшауламаны
эталондық конденсаторға
қосады. Осы уақыт ішінде конденсаторға
оқшауламаның геометриялық сыйымдылығы
ғана заряд беріп үлгіреді (1,в-сурет).
сыйымдылығының шамасы
>>
шартына сай болады, сондықтан эталондық
конденсатордағы кернеу
сыйымдылығына пропорционал болады.
Эталондық конденсатордағы кернеу үлкен кірістік кедергілі электрондық вольтметр көмегімен өлшенеді.
ΔС өлшеу үшін сыналатын оқшаулама қайтадан қорек көзіне қосылады да, содан соң ажыратылады және 5 мс уақытқа геометриялық сыйымдылықты разрядтау үшін S2 ауыстырып қосқышымен қысқа тұйықталады. Содан кейін S1 ауыстырып қосқышымен сыналатын оқшаулама эталондық конденсаторға 1 с уақытқа қосылады және соңғысы ΔС шамасына пропорционал кернеуге дейін зарядталады.
айырмасын өлшеу келесі тәртіппен
жүргізіледі. Алдын-ала зарядталған
сыналатын оқшаулама қоректендіру
көзінен S1
ауыстырып қосқышымен ажыратылып,
геометриялық сыйымдылықты разрядтау
үшін S2 ауыстырып қосқышымен 5 мс уақытқа
қысқа тұйықталады. Содан соң S1 ауыстырып
қосқышымен оқшаулама эталондық
конденсаторға 0,15 с уақытқа (шамамен 2
Гц жиіліктің период ширегі) қосылады.
айырмасын өлшеп болған соң
/
қатынасы
теңдігінен анықталады.
Құралмен жұмыс реті келесідегідей:
1. Жерлестіруші штангімен сыналатын нысандағы қалдық зарядтың бар-жоғын тексеріледі. Құрал корпусы мен сыналатын нысанның бір ұшы жерлестіріледі.
2. Өлшеу нысанын құралдағы ОБЪЕКТ қысқышына қосады.
3. Құрал шнурын торапқа қосады.
4. ЗАРЯД-ИЗМЕРЕНИЕ ауыстырып қосқышын ЗАРЯД белгісіне келтіреді.
5. Жұмыс тегінің ауыстырып қосқышын Uзар белгісіне келтіріп, УСТ Uзар тұтқасымен микроамперметр бағыттағышын 25 белгісіне келтіреді.
6. Құрал бағыттағышының шкаладан асуын болдырмау үшін диапазондар ауыстырып қосқышының тұтқасы 100 нФ белгісіне қойылады. Сыналатын оқшауламаның сыйымдылық мәні шамамен белгілі болса, қажет диапазонды бірден қоюға болады. Жұмыс тегінің ауыстырып қосқышының тұтқасын , белгісіне немесе талап етілетін өлшеу тегіне байланысты ΔС белгісіне қойылады.
7. Құралды ауыстырып қосқыштарды қондырылған күйінде өлшегенде 20-30 с және өлшегенде 60 с кем емес уақыт ұстап тұрылады. Осы кезде микроамперметр бағыттағышын УСТ.0 тұтқасымен шкаланың нольдік белгісіне қрйылады.
8. ЗАРЯД-ИЗМЕРЕНИЕ ауыстырып қосқышын ИЗМЕРЕНИЕ белгісіне ауыстырып қояды және құрал шкаласының көрсеткішін түсіріп алады. Егер өлшеулер кезінде таңдалып алынған диапазон өлшенетін сыйымдылық шамасына сәйкес келмесе (құрал көрсеткіші шкаланың 20%-нан аз немесе нольдік болса), онда диапазондар ауыстырып қосқышының тұтқасын келесі белгіге (төменірек өлшеу шегіне) қойып, өлшеулерді қайталайды.
