Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЖКТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3. Өлшеу жұмыстарына тапсырма

3.1. Тұрақты ұщқындық аралықты шартәріздес разрядтағыш көмегімен тізбе оқшаулатқыштарына қатысты алғандағы кернеулерді өлшеу және шартәріздес разрядтағыш аралығындағы разрядтық кернеуді есептеу қажет. Разрядтағышты оқшаулатқышқа қондырғанда диэлектрлік қолғаптарды қолданып, аяқ астына диэлектрлік кілемше төсеу қажет. Трансформатордың жоғары вольтты шығысы жерлестіргіш штангіге қосулы болады. Кернеуді өлшеу кезінде шартәріздес разрядтағышты тесіп өту құбылысына дейін біртіндеп, байыптап ұлғайту қажет. Тесіп өту үздікті, тұрақсыз сипатта болуы тиіс. Кернеуді тесіп өту құбылысы біткенге дейін азайтып, содан соң қайтадан кернеуді көбейту қажет – барлығы үш рет өлшеу жүргізіп. Орташа мәнін табу қажет. Нәтижелерін 1- кестеге енгіземіз.

1-кесте

Оқшаулатқыштың

№

Ақаусыз тізбе, кВ,

Uk , Uk Uk ,Uф, Up,,

Ақаулы тізбе, кВ, Uk ,Uk Uk ,Uф,

есептеу, кВ

3.2. Оқшаулатқыштардың біреуін сым арқылы қысқа тұйықтап, ақаулы оқшаулатқыштың тізбесі үшін өлшеулерді қайталау қажет.

3.3 Әрбір жағдай үшін алынған қатысты кернеулер бойынша, оқшаулатқыштардың абсолюттік кедергісін есептеу қажет (U = 63кВ деп алғанда). Тізбе бойындағы кернеу таралуының таралу графигін салу қажет.

Бақылау сұрақтары

  1. Жұмыстың мақсаты мен міндетін атаңдар.

  2. Тізбе бойындағы оқшаулатқыштар бойындағы кернеу таралуының біркелкі болмауының себептерін түсіндіріңдер.

  3. Тізбе бойындағы кернеу таралуы қалай өлшенеді?

  4. Жоғары кернеулі қондырғының құрылысы, жұмыс принципін, ондағы басқару органдарының арналуын және негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңдер.

№2 зертханалық жұмыс

ЭЛЕКТРЛІК ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН ЭЛЕКТРЛІК СЫНАУ

Жұмыстың мақсаты: қорғаныс құралдарын сынау әдістерін және сынақ жүргізуге арналған қондырғыларды оқып-үйрену.

  1. Негізгі ұғымдар мен сандық сипаттамалар

Электрлік қорғаныс құралдары деп электрлік қондырғылармен жұмыс істеушілерді электр тогынан жарақаттанудан, электрлік доға мен электромагниттік өріс әсерлерінен қорғауға арналған құралдарды айтады. Электрлік қорғаныс құралдары оқшауламасы электр қондырғысының жұмыстық кернеуіне ұзақ уақыт бойы шыдайтын негізгі құралдар және кернеу астында жұмыс істеп тұрған осы қондырғылардың ток жүретін бөліктеріне жанасуға мүмкіндік беретін қосымша электрлік қорғаныс құралдары болып бөлінеді. Қосымша электрлік қорғаныс құралдары өзінше электр тогынан толық қорғай алмайды, негізгі құралдармен бірге қолданылады.

Электрлік қорғаныс құралдарына келесілер жатады:

• оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және электрөлшеуіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштер және т.б.;

• 1000 В жоғары кернеуде жөндеу жұмыстарына арналған оқшаулағыш құрылғылар мен құралдар және 1000 В дейінгі электр қондырғыларындағы жұмыстарға арналған оқшаулағыш тұтқалы слесарлық-жинау құралы;

• диэлектрлік ботылар, галоштар, кілемшелер, оқшаулағыш төсеніштер;

• жеке экрандаушы жинақтар;

• тасымалданатын жерлестіргіштер;

• қоршау құрылғылары және диэлектрлік қалпақтар;

• плакаттар мен қауіпсіздік белгілері.

1000 В жоғары кернеуде жұмыс істейтін электр қондырғыларында негізгі электрлік қорғаныс құралдарына оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және электрөлшеуіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштер және әуелік желілерде электромонтердің ток өткізетін бөліктермен тікелей жанасуымен жүретін жұмыстарға арналған оқшаулағыш құралдар жатады. Қосымша электрлік қорғаныс құралдарына диэлектрлік ботылар, галоштар, кілемшелер, оқшаулағыш төсеніштер, жеке экрандаушы жинақтар, тасымалданатын жерлестіргіштер, қоршау құрылғылары және диэлектрлік қалпақтар жатады.

Электрлік қорғаныс құралдары пайдалануға қабылданғанда және пайдалану кезінде эксплуатациялық сынақтардан өтеді, олардың біріне электрлік сынақтар жатады. Барлық сынақтар, әдетте, 50 Гц жиіліктегі айнымалы токта 15-20°С температурада жүргізіледі. Кернеуді көтеру жылдамдығы сынау кернеуінің 1/3 бөлігіне дейін еркін түрде жасалады, одан әрі көтеру бір қалыпты, әрі тез және сынау кернеуінің 3/4-нен артығын прибор көрсетулерінен тіркеу қажет. Талап етілетін мәнді алған соң кернеу бірқалыпты түрде нольге дейін азайтылады немесе сынау кернеуінің 1/3-не тең немесе аз бөлігіне дейін бірқалыпты нольге дейін азайтылып, ажыратылады. Сынақтан өткен қорғаныс құралдарына, оқшаулағыш тұтқалы құрал мен 1000 В дейінгі кернеу көрсеткіштерінен басқасына арнайы штамп қойылады.

Өткізілген сынақтар келесі үлгідегідей хаттамамен толтырылады.

_________________________________________________________________________________

(зертхананың аты)

№___ ХАТТАМА

____________ 200__ г.

_________________________________________________________________________________

(қорғаныс құралының аты)

саны _____________ дана _________________

50 Гц айнымалы токтың кернеуімен, тұрақты токтың кернеуімен (қажеттісін сызу керек):

оқшаулайтын бөлігі _____кВ уақыт ішінде ____мин;

жұмыстық бөлігі____ кВ уақыт ішінде ____ мин;

бұйым арқылы өтетін ток, _____ мА.

жеке талаптар, қорытындылар: ____________________________

Келесі сынақтың уақыты: ___________

Сынақты өткізуші: _____________________

Жұмыстың жетекшісі____________________

1000 В-тан 110 кВ-қа дейінгі қондырғыларға арналған негізгі қорғаныс құралдарын желілік кернеуден үш есе үлкен, бірақ 40 кВ-тан төмен болмайтын кернеумен, ал, 110 кВ және одан жоғары кернеулі қондырғыларға арналғандарын үш есе фазалық кернеумен сынайды. Қосымша қорғаныс құралдарын қондырғы кернеуіне тәуелді емес кернеумен сынайды. Бұйым арқылы өтетін токтар кернеу көрсеткіштері, резеңкеден жасалған бұйымдар мен оқшаулағыш құралдар үшін мөлшерленеді. Сынақтардың периодтылығы қорғаныс құралдарын сынаудың мөлшерімен белгіленеді; кейбір қорғаныс құралдары бойынша берілгендер 1-ші кестеде көрсетілген.

Қорғаныс құралдары

Электр қондырғысының кернеуі, кВ

Сыналатын кернеу, кВ

Ұзақтығы, мин

Бұйым арқылы өтетін ток, мА

Периодтылығы

Резеңкелік диэл.қолғап

Барлық кернеулер

6

1

6.0

6 айда 1 рет

Резеңкелік диэл.ботылар

-

15

1

7.5

36 айда 1 рет

Резеңкелік диэл.кілемшелер

-

тексеру

-

-

6 айда 1 рет

Толығырақ мәліметтер [1], 75-64 б., [5], 366-421 б., [6], 70-89 б. келтірілген.