Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКЭТУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Тәжірибе нәтижелерін өңдеу.

  1. Сәйкесінше шамалар үшін масштабтық коэффициентті қолдану арқылы әртүрлі уақыт мезетіндегі αГ, αГ1, αГ2 цилиндр жылубергіштігінің үш түрлі мәні үшін qГ жылулық ағынның тығыздығын TПГ,TПЦ,TС температураның мәндерін, кесте мәндерінің негізінде есептеп шығару керек. Есептеулер нәтижесін 2 кестеге апарып қою керек.

  2. Берілген кесте негізінде, α цилиндрдің әртүрлі температура өткізгіштік коэффицентін арқылы әртүрлі топтармен алынған αГ орташа мәні үшін кестеге толтыру.

  3. Кестедегі берілгендер бойынша жылу ағынын q(t) температураға Т(t) тәуелділігін координаттық торға уақыт функциясы ретінде толтыру. Сурет 10. Әр қисықты өзінің белгісімен белгілеу.

  4. Кестедегі берілгендер бойынша жылу беру Т(α) коэффиценттік функциясын координаттық торға цилиндрдегі температура графигінің өзгерісі бойынша толтыру. Сурет 11 бастапқы, ортаңғы және соңғы тордағы қыздыру режимі.

  5. Кестедегі берілгендердің қабырғаның қалыңдығы бойынша температура өткізгіш Т(а) функциясы ретінде цилиндрдің бастапқы, ортаңғы және соңғы қыздыру режимін және теңесуі үшін координаттық торға температура құлауының графигін салу ∆T=TПГ -TПЦ . Сурет 12.

  6. Кестедегі берілгендер бойынша цилиндрдің қалыңдығы Т(r) арқылы жеке қыздыру режимі және бастапқы, ортаңғы және соңғы теңестіру процесстерін қарастыратын температураның таралу графигін салу. Сурет 13. Радиус үшін де дәл осындай біріншісінен үлкендеу етіп жасау керек.

  7. Цилиндрдің қалыңдығы бойынша берілген кестеге температураның төмендеуінің графигін салу.

  8. Алынған нәтиже бойынша талдау және қысқаша қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

  1. Қандай материалдардың жылулық физикалық қасиеттері жылуөткізгіштің стационарлық және стационарлық емес процесстерінің сипатын анықтайды?

  2. Неге қабырғаның үстіңгі бетіндегі суық температураның өзгеруі уақыт бойынша үстіңгі бетіндегі ыстық температурадан қалып қояды?

  3. Осының қалуына қабырғаның температураөткізгіштігі, жылу өткізгіштігі, қалыңдығы және жылу берудің интенсивтілігі қалай әсер етеді?

  4. Қабырғаның ыстық және суық үстіңгі қабаттарында қыздыру және салқындату режимдері үшін жылу ағыны уақыт бойынша қалай өзгереді.

  5. Қабырға қыздырылуының стационарлық режимі қанша уақыттан кейін болуын графиктер арқылы қалай анықтаймыз?

  6. Қабырғадағы процесті егер оның жылу беру коэффициенті немесе ыстық газдың температурасы өзгерсе, оның қалыңдығы кішірейсе(өртенуі,балқуы) қалайша моделдеуге болады?

  7. Егер қабырғадағы ауаны суыту температурасының өзгеруін ескерсек, онда моделдің сұлбасы қалай өзгереді?

  8. Жылу өткізгіштіктің стационарлық тапсырмасын есептеу үшін моделдеу сұлбасы қалай жеңілдейді?

  9. RC – торлық моделінің негізі артықшылығы неде?

  10. Егер қабырғадағы ауа ағынының жылжу жылдамдығының өзгеруін ескеретін болсақ, электрлік моделдің қандай параметрі өзгереді?

  11. Электрожылулық аналогиясының аналогтық шамасын көрсетіңіздер.

  12. Стационарлық емес жылулық процестерді электрлік моделдеу тәсілі неге негізделеді?

  13. Қабырғадағы температураның өзгеруіне, градиентіне, сонымен қатар қабырғаға әсер ететін жылу ағынына жылу берудің интенсивтілігі қалай әсер етеді?

  14. Қыздырудың жылдамдығына, қабырғаның салқындауына және температурасының теңесуіне жылуөткізгіштік қалай әсер етеді?

  15. Қабырғаның қалыңдығы бойынша температураның төмендеуіне жылу өткізгіштік өзгеруі қалай әсер етеді?

  16. Тордағы температуралық өрісті теңестіруді қандай жерде қолдануға болады?

№5 ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.