Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКЭТУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8 Сурет – диэлектриктің электрлік полярлану түрі

Диэлектрлік қыздырғыш қондырғыларды екі топқа бөледі: өзіндік диэлектрлік қыздыру қондырғысына, үлкен жиілікте жұмыс жасайтын (ҮЖ-құрылғы жиілігі 66 кГц - 100 мГц) және үлкен жиіліктен тыс қондырғы (ҮЖТ-қыздырғыш- жиілігі 1000 мГц және одан үлкен). Диэлектриктерді қыздырып коэффиценттің жоғалуын азық-түлікті қыздыра отырып салыстырады.

Материалдардың жануынан физикалық жағдайына қарап қондырғының жұмыс жасау параметрлерін анықтайды.

Тораптың технологиялық құрлысы маңызды жанындағы және қыздыратын материалдардың түріне байланысты анықталады. Қыздырғыш диэлектрик қондырғының тораптың технологиялық сұлбасының айырмашылығы 9 суретте көрсетілген.

9 Сурет

Үлкен көлемдегі жасалған өнімдерді қыздыру, кептіру және ұнтақ тәріздес материалдардың технологиялық сұлбасы 9а,б суретте көрсетілген. Диэлектрик қыздыру кезінде қыздырып жатқан материалдың температурасы ылғалдылық кетірудегі температурадан үлкен.

9,а суретте пенепласттан жасалған өнімнің сұлбасы көрсетілген. Диэлектрлік қыздырудың бірнеше қондырғылары бар мысалы, прессматериалдарды қыздыру үшін, термореактивті жабыстырмамен жапсырмалау және резинкаларды қайта өндіру.

Үлкен жиілікті диэлектриктерді қыздыру үшін лампалы генераторлар (5,28-300 мГц) қолданылады. Олардың құрлысы индуктивті қыздыру генераторы сияқты, бір айырмашылығы оларда қыздыратын материал жұмыс генераторының ішінде орналасқан.

Жұмыс барысында сыйымдылық Сн мен активті кедергісі Rн өзгергесін, контурдың эквивалентті кедергісі мен генератордың жұмыс жасау жағдайы да өзгереді.

Барлық жұмыс жасау жағдайында жиіліктің диапазонын сақтау үшін эквивалентті кедергінің тұрақтылығын қалдыру керек.

8 дәріс

Электр доғалық қондырғылар

8 1. Доғалық разрядтың теориясы мен қасиеттерінің негіздері

8.2 Электрдоғалық пештердің түрлері

8.3 Электрдоғалық пештердің жабдықталуы

8.4 Вакуумдық доғалық пештер

Дәрістің мазмұны:

- электродғалық термиялық пешті зерттеу.

Дәрістің мақсаты:

- доғалық пештердің түрлері мен құрылғылары туралы танысу.

Доғалық разряд – бұл үлкен ток тығыздығымен және разряд номиналының жоғары температурамен сипатталатын газдардағы өздігінен электрлік разряд. Электр термиялық қондырғыларда доғаның қызуы кернеулі электродтардың аалғашқы жанасуынан басталады. Қысқа тұйықталған мезетте электродтар қызады. Электродтарды тартып алу кезінде газдың электрондық қолдануын есебінен анод пен катод материалының газдары мен буларының күшті иондалған қоспасынан тұратын электрлік доға пайда болады. Доғаның каналы ұзындық бойымен біртекті емес және үш тізбектелген учаскелерден тұрады.

1-катодмаңайлық учаске

2-доғаның негізгі бағаны

3- анодмаңайлық учаске

Катодмаңайлық учаскенің ұзындығы 10 м. Оның электр өрсінің кернулігі 10 В/м. Катодтың кернеу түсуі 10.........20В аралығында (электрод материалы ток тегі мен газ күйіне байланысты). Катодтың температурасы оң иондардың интенсивті соққылауының нәтижесінде 2500....2800 К жетеді.

Доғалық ұзындық үлкейтілген сайын, оның кернеуі де өседі және қисық статистикалық вольтамперлік мінездемесі жоғары көтеріледі. Ал, доға ұзындығы кішірейген сайын өзінің пішінін жоғалтпай төменге түседі. Қисық статистикалық сипаттамасы 3 аймаққа бөлінеді: құлаушы, қатаң, өсуші. 1-аймақта токтың өсуі доғалық тіректің кесу аймағы және оның электр өткізгіштігі өседі. Бұл аймақ режимінде доғаның жануы аз ұстамдылықпен ерекшеленеді.

Электрлік доғаның құрылымы және ондағы кернеу тарату