- •4. Диагноз және дифференциальды диагностика.
- •Предварительный диагноз: сахарный диабет, кетоацидотическая кома.
- •План лечения:
- •2. Анықталған синдромдар негізінде болжам диагноз қойыңыз;
- •3. Лабораторлы инструменталды зерттеулердің жоспарын анықтап, интерпретациялаңыз;
- •4. Дифференциалды диагноз жүргізе отырып клиникалық диагноз қойыңыз;
- •Дифференциалды диагностика
- •2. Анықталған синдромдар негізінде болжам диагноз қойыңыз;
- •3. Лабораторлы инструменталды зерттеулердің жоспарын анықтап, интерпретациялаңыз;
- •4. Дифференциалды диагноз жүргізе отырып клиникалық диагноз қойыңыз;
- •Дифференциальды диагностика :
Дифференциальды диагностика :
Клиникалық диагноз:диффузды токсикалық зоб III дәреже, тиреотоксикоз орта ауырлық дәрежелі.
Емі:қалқанша безінің тироидты гормондарының өндірілуін төмендету мақсатында тиреостатикалық препараттар қолданылады – тирозол 20-45 мг/тәу. немесе мерказолил 30-40 мг/тәу, пропилтиоурацил 300-400 мг/тәу.
ТТГ тиреотоксикоз емі кезінде ұзақ уақыт (6 айға дейін) өндірілуі төмендетіледі.Сол себепті тиреостатик дозасын коррекциялау үшін ТТГ дәрежесін анықтау қолданылмайды. ТТГ алғашқы анықтау 3 айдан кейін эутерозға жеткенде жасалады. Тиреостатик дозасы бос Т4 дәрежесіне байланысты коррекцияланып отыруы қажет. Т4 алғашқы тексерілуі емді бастағаннан кейін 3-4 аптада. Тиреостатик дозасын бос Т4 дейңгейі қалыпты болған соң демуші дозаға дейін (7,5-10 мг) төмендетеді. Тиреостатиктермен терапияны тоқтатар алдында ТТГ рецепторларына антидене дәрежесін анықтау қажет, себебі бұл емнің нәтижелілігін анықтауға көмектесед: тұрақты ремиссия сатысы АТ-рТТГ дәрежесі төмен науқастарда болады. [3]. Медикаментозды емде бета-блокатолар (анаприлин 40-120 мг/сут, атенолол 100 мг/сут, бисопролол 2,5-10 мг/сут) тағайындалады. Субклиникалық және аз симптомды тиреотоксикозда β-адреноблокаторлар егде жастағы науқастарға, және ілеспелі жүрек қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастарға тағайындалады.. Эндокринді офтальмопатиямен бірлескен кезде кортикостероидтытерапия жүргізіледі. Бүйрек үсті безі симптомдары бар болғанда да кортикостероидтармен емдейді:преднизолон 10-15 мг немесе гидрокортизон 50-75 мг бұлшық етке.
Тапсырма №7
Науқас К., 27 жаста. Бас ауырсынуы,әлсіздік,дене салмағының артына шағымданады.
2 жыл көлемінде ауырады, жасанда түсік тастауда кейін.
Қарап тексергенде: Бойы 164 см, салмағы 95кг. Май қалдықтарының артық жиналуы, іш және шүйде аймағында. Беті домалақ, ай пішінді, беті қызарған. Іш және бөксе аймағында кызғыш түсті жолақтар, жағында, бетінде және жоғарғы ерін аймағында аз түктені анықталады. Бетінде және арқасында бөрітпелер. Жүректің шала шекарасы солға ығысқан. Пульс - 80 рет/мин.,АҚҚ - 190/100 мм.сын.бағ. Етеккір тұрақты емес.
Жалпы қан анализі: Нв — 138 гл, эритроцит — 3,6 х 1012 л, лейкоцит — 6,8 х 109 л, ЭТЖ — 8 мм/сағ.. Лейкоцитарлы формула өзгеріссіз.Зәр анализі— қалыпты.. Қан электролиттері — Na — 128 ммольл, К — 4,0 ммоль/л. Биохимия: креатинин, мочевина,қалдықты азот қалыпты. Глюкоза — 6,8 ммоль/л. гормондар: АКТГ жоғары, кортизол және альдостерон —аз жоғарылаған. СынамаДексаметазонмен 2 мг 2 тәулікке жүргізілгенде кортизол канцентрациясының 2 есе төмендегені анықталды.ЭКГ — тісшелер вольтажы төмендеуі, миокардта спецификалық емес өзгерістер.
Тапсырма:
Тапсырма:
1. Негізгі клиникалық синдромдарды анықтаңыз;
2. Клиникалық синдромдар бойынша болжам диагноз койыңыз;
3.Лабораториялық-аспаптық зерттеу жоспарын жасаңыз және нәтижелерін интерпретация жасаңыз;
4. Дифференциальды диагностика жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеңіз;
5. Ем жоспарын жасаңыз, амбулаторлы ем этапына ұсыныстарды жазыңыз;
Жауатар эталоны:
1.Синдромдар: гиперкортицизмсиндромы, катаболикалық синдром, гипергликемия, гипертензивті синдром. Жетекші синдром:гиперкортицизмсиндромы
2. Иценко – Кушинг синдромы. Гипоталамикалық синдром. Болжам диагноз: Иценко – Кушинг ауруы.
3.Зерттеу жоспары: 1) Жалпы қан анализі, 2) Жалпы зәр аналиізі, 3)қанның биохимиялық анализі: Жалпы белок және белокты фракциялары, холестерин, глюкоза, натрий, калий, хлориды, кальций, Қан сарысуындағы АКТГ дәрежесін анықтау сағат8 және 22-де., қан құрамында картизолды, кортикотропинді, 11-ОКС, 17-ОКСанықтау. 4) тәуліктік зәрмен 17-ОКС, 17-КС экскрециясын анықтау, , 5) десометазонды тест, 6) радиоизотопты және ультрадыбысты бүйрекүсті безін сканерлеу, 7)бас сүйегі және түрік ершігі аймағын рентгенограммасы (МРТ). 8) көз түбін және көру алаңын зерттеу, 9) ЭКГ.
АКТГ-ның синтезделуінің артуы бүйрекүстілік және бүйрекүстілік емес каскад әсерлер шақырыады. Бүйрекүсті безінде глюкокортикоидтардың, андрогендердің синтезделуі артады, аз мөлшерлі минералокортикоидтардың синтезі артады. Глюкокртикоидтардың артуы белоктыы-көмірсулы алмасуға катаболткалық әсер көрсетеді, ол бұлшықет және дәнекер тіннің атрофиясына, гипергликемияға, инсулиннің салыстырмамлы жеткіліксіздігңмен және стеройдты қант диабетінің дамуына алып келеді. Май алмасуының бұзылуы семіздікке алып келеді.
Минералокортикоидты белсенділіктің артуы Иценко-Кушинг ауруы кезінде ренин-ангиотензин-альдостерондыжүйені белсендіреді.Осылайша гипокалиемия және артариальды гипертензияны дамуына алып келеді. Сүйек тініне катаболикалық әсері асқазан ішек жолдарында кальций реабсорциясын төмендетеді және остеопороз дамуына алып келеді. Стероидтардың андрогенді құрамы ұманың қызметінің бұзылуына әсер етеді.
Скрининді тестер қолданылады: тәуліктік зәрде кортизол экскрециясын анықтау: картизолдың 3-4 есе артуы Иценко–Кушинг ауруы дәлелі.
Аз дексаметазонды сынама: қалыптыда дексаметазонды қабылдау картизол дәрежесін жартысынан көбіне төмендетеді, ал Иценко-Кушинг синдромы кезінде төмендеу болмайды.
Иценко-Кушинг ауры және синдромы арасындағы дифференциальды диагностиканы жүргізу үлкен дексамитазонды пробамен жүзеге асырылады. Иценко-Кушинг ауруы кезінде дексаметазонды қабылдау картизол концентрациясын 2есеге төмендетеді, ал синдромында картизолдың төмендеуі болмайды.
Зәрде 11-ОКС (11-оксикетостероидов) артады және 17-КС төмендейді. Қандагипокалиемия, гемоглобин, эритроцит және холестерин артуы болады.
4.
Клиникалық диагноз: Иценко – Кушинг ауруы, орта ауырлық дәрежесі, өршімелі ағым.
Диагностикалықкритерилер:
Шағымы: басының ауырсынуы, әлсіздік, дене салмағының артуы.
Объективті тексеру мәліметтері: майдың іш және шүйде аймағында артық майдың жиналуы. Беті домалақ, ай тәрізді, беті қызарған. Ішінде және бөксе аймағында қызғыш түсті түктер, жақ, бет және жоғарғы ерін аймағында аздап түктер пайда болған. Бетінде және арқасында бөрітпелер.
5. Емдәм №8, гипокалориялы. Бүйрекүсті безінде стероидогенез ингибиторы – кетоконазолішке по 400 – 2000 мг/тәу. 1-4 рет тәулігіне. Ісікке қарсы - аминоглютетимидішке по 250 – 2000 мг/тәу. 3-4 рет тәулігіне.Сәулелі терапия -гамма-терапия: суммарлы дозасы 50 Грей 20-25 сеансқа,бұл әдетте гипофиз ісігіне рентгенологиялық мәліметтері жоқ науқастарға жасалады. Гипофиз функциясын блокадалау мақсатында парлодел, резерпин, бромокриптин тағайындайды.
Хирургиялық ем: транссфеноидальды аденомэктомия – АКТГ продукциялаушы ісіктерге арналған алғаш таңдаулы әдіс.
