Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дильмухамед.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

2.2 Эксперименттік зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.....……….….

2.3 Психокоррекциялық бағдарламалар және оның нәтижелерi

Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны жеткіншектердің мінез–құлықауытқуларын, өзiн-өзi бағалау, талаптану деңгейi мен мазасыздану деңгейі сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Психокоррекция, — депжеткіншектердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиеленушіге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік-психикалық ауытқулардын алдын алуын ұйымдастыру. Зерттеу мәселесінің шеңберіне байланысты жүргізілген түзету жұмысытарының эксперименталдық нәтиже-лерін ұсынамыз.

Бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін жасөспірімдер тобындағы психотерапияның ұсынылып отырған үлгісі «уақыты өтіп кеткен» ауытқулардың алдын алып, түзетуге мүмкіндік береді.

Бейімделудегі ауытқулар мен ауыр есеңгіреулерге реакция білдіретін, девиантты түрлері мінез-құлықтары бар жасөспірімдер тобындағы психотерапияның мақсаты — психикаға зақым келдіретін жағдайдың жауап қайтаруына қатысты психодинамикалық үрдістерді енгізу. Оның барысында травматикалық тәжірибелер толықтырылып, тұлғаның әлекметтік және жекелеген қызметтерінің үйлесімділігі орын алады. Бұл ішкі және сыртқы келіспеушіліктерді өнімді шешуге әкеледі.

Топ ішіндегі психотерапия барысында төмендегідей мәселелер шешімін табады:

  • Қабылдау мен қауіпсіздікке керек негізгі қажеттілікті мойындау, әлемге деген негізгі сенімді қалыптастыру, психофизикалық қалыптылық мен бой алдыруды меңгеру;

  • Өзіндік сезімдерге, ойларға, қажеттіліктерге ие болу, күшті сезімдер қорқынышынан құтылып, жақын қарым-қатынастарды айналып өту, ұят пен күмәнділік сезімін қалыптастыру. Өзіндік ойы мен сезіміне, мінез-құлқына жауапкершілік алу;

  • Өзінің бойындағы кекшілдік ызалықты мойындап, ызалықты көрсетудің қолданбалы және қолданылмайтын тәсілдерін бөлшектеп беру. Қолданбалы түрдегі ызалықты білдру амалдары әдетте жағымды нәтижелерге әкеліп соғатынын қабылдау. Агрессиялықты жоюдың жаңа амалдарына үйретіп, күнәні сезінуді қалыптастыру;

  • Бойлап алғантолыққансыздық сезімінен айыру. өзіндік бағалауды жоғарлату, өзіндік құзырлық сезімін қалыптастыру;

  • Өзіндік ерекшелікті қабылдау (белгілі бір шектеулері бар өзіндік «Мен»-ді қалыптастыру). Құрдастары арасында мойындалғаны жайлы анықтама алу, яғни жанұядағы «біз» бен мектептік деңгейдегі «біз»-ден басқа тағы да бір «біз»-ге ие болу.

Қойылып отырған міндеттер Э.Эриксонның (1996) жас шамасының дамуын кезеңге бөлу теориясынан туады. Мұндағы әрбір кезеңде тәуелсіз, пісіп-жетілмеген тұлғаның қалыптасуында аяқталмаған эмоциялық реакциялар болады.

Түзете дамыту бағдарламасы

Мақсаттары:

Басқа адамдармен әрекеттесу арқылы өзідегі күшті және әлсіз жақтарды мойындау.