Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дильмухамед.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Бала аутизімі – баланың психикасындағы ауытқулар. Бала аутизімі дегеніміз шындықтан ауытқу, өзі-өзімен болу, немқұрайлық немесе сыртқы құбылыстарға қимыл әрекеттердің болмауы, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Осы кеселмен ауратындардың мінезі тұйық, ешкіммен тілдеспей, өздерінің түсініксіз әлемінде өмір сүреді. Мұндай ауруға шалдыққандар адамдармен араласу, айналасымен қарым - қатынас орнату қабілетінен айырылады. Оның сөйлеу қабілеті бұзылып, психикасы мен ақыл-есі дұрыс жетілмейді. Бірақ аутизммен ауыратындардың интеллектуалдық деңгейі әртүрлі болады. Кейбірінің санасы мүлде дамымай, кенже қалса, енді біреулері білім мен өнердің жекелеген салалары бойынша дарынды болып келеді. Аутизм симптом ретінде көптеген психикалық ауруларда кездеседі. Көбінесе баланың туғаннан кейін бірінші жылы немесе бірінші айларында білінеді. Бұл ауру психикалық дамуының бұзылуының ерекше түрі болып табылады. Бұл ауруда жекеше психикалық функциялары жай дамиды, ал басқа функциялар керісінше тез дамиды. Кейде жасына сай емес сөздік қоры өте бай болса, сөйлеу қабілеті төмен болуы мүмкін. Бала аутизімі диагнозын қою үшін клиникалық көріністер көбінесе толық байқалмайды.

Осы уақытқа дейін аутизмнің пайда болу себептері толық және анық емес. Синдромның негізінде генетикалық факторларының маңызы зор. Сондықтан қазір көптеген зерттеушілер аутизм тұқым қуалау арқылы тарайтын ауру екендігін дәлелдеп отыр. Тұқым қуалау арқылы тарау механизмі толық белгісіз, бірақ симптомның дамуы бір геннан емес гендік топқа байланысты. Бұл жағдайда гендік топтама ауытқудың өзін емес оның дамуына бейімталдығы арқылы дамиды және арнайы емес факторлардың барында ол экгзогенді (жарақаттану, инфекция, улану, психикалық жарақаттану т.б.) және эндогендік (ішкі жастық криз, конституциялық ерекшеліктер т.б.). Бірақ оны дәлелдеу, қортынды жасау үшін жиналған ғылыми медициналық деректер аз. Отандық әдебиетте психогенді аутизм болуы жөнінде пікірлер болған, бірақ бұл түрге нақты тұжырымдар жоқ.

  Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса да дыбыс шығармайды, үндемейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен, анасымен байланысы симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.

Қазақстан Республикасында психикалық ауруға шалдыққан балалардың саны күн өткен сайын артып келеді.

Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсеткен, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзеудің әдістемелік, ғылыми негіздемесі болмаған. Тек әлемде емес, бұл ауру түрінің бүгінгі таңда Қазақстанда да меңдеп бара жатқаны байқалады. Қазақстанда мұндай дертке қанша баланың тап болғанын нақты басып айту қиын. Себебі елімізде аутизмге шалдыққандарды анықтау жұмыстары дұрыс қолға алынбаған. Бұл мәселемен көбіне психолгиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар(ПМПК) мамандары, ПМПК жанындағы түзеу диагностикалық топтар(ТДТ) мамандары, аудан орталықтарындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері(ППТК) мамандары айналысуда.

  Негізінен, аутист балаға үш жасқа дейін ем қолданса, оны аталған дерттен құлан таза айықтыруға болады. Ал дер кезінде шара қабылдамаса, бала өсе келе қоғамға бейімделе алмайды. Бастапқыда ата-ана баланың мінез-құлқын түсінбейді. Аутист бала да өзінің айналасында не болып жатқанын ұқпайды. Ол үнемі басқа әлемде жүргендей мінез танытады. Мұндай балалардың барлығына нақты көмектер керек. Аутизмге шалдыққан балалардың мінезі басқа қатарластарына қарағанда өзгеше болады. Олар қоғамға араласқысы келмейді емес, дұрыс араласа алмайды. Оның себебі, орталық жүйке жүйесі бұзылған. Мұндай дертке шалдыққан балаларды тәрбиесі қиын балаларға жатқызуға болады. Мұндай ауруды емдеуге болады. Тек мемлекеттің толық, жан жақты қол-дауы және ата аналардың келісімі қажет. . Балаларын ПМПК қаратпай жүрген ата-аналар қаншама, балабақшаға немесе мектепке барар кезде ғана ата-аналар амалсыздан ПМПК тексеріске әкеледі, бірақ, психиатрға апарып емдетуге асықпайды. Ауылдық жердегі бала аутизімі бар балалардың ата-аналар түгіл, отбасылық дәрігерлердің, бала дәрігерлерінің бұл дерт туралы қаншалықты білетіні беймәлім.

Бала аутизіміне шалдыққан балаларды неғұрлым ертерек анықтап, ем алса, медициналық, әлеуметтік, психологиялық - педагогикалық түзеу көмектерді дер кезінде беруге болады. Ата-аналар балаларының қылығында өзгешелік, яғни сөйлесудегі қиындықтар, тіке қарамау, адамдармен араласа алмау және қайталана беретін қимыл - қозғалыс, баланың ұзақ уақыт бойы тек бір нәрсемен айналысып отыра беруі, өзімшіл әрекет жасауын байқаса, бірден бала дәрігеріне тексеруден өткізгендері дұрыс. Бала дәрігерлері ата-аналарға түсіндіріп айтып, психиатр дәрігерге көріну қажеттігін ұғындырулары керек. Көбінесе аутизм 3-5 жас аралығында анық көрінеді. Соның нақты көріністері төмендегідей: аутист бала көзін бір жерге тоқтатпайды, әсіресе қарама-қарсы отырған адамның түріне ол адамның бет-әлпетіне, тіке көзіне тура қарамайды. Алғашқы жымыйуы уақытылы пайда болады, бірақ нақты адамға арнамайды және де ол бала күлмейді, қуанбайды және басқадай қуаныш белгілерін білдірмейді. Көбінесе аутист бала жанындағы адамға немқұрайлы қарайды: көтер деп сұранбайды, көбінесе өз төсегінде немесе манежде, каляскада отыра беруді жөн көреді. Өзіне ыңғайлы отырыс іздемейді. Аутист бала өзінің жақындарын таниды, бірақ ұзақ эмоционалды да іс-әрекет білдірмейді. Еркелетуге аутист бала әр түрлі қарайды, кейде немқұрайлы немесе жақтырмай, кейде ұнатса да тез жалығады. Мысалы, тамақ ішу уақыты бұзылса көтермейді немесе немқұрайлық білдіреді. Жақын адаммен қарым-қатынаста болу да әртүрлі. Кейде оны қажет етеді, кейде қарым-қатынастан қашады, әдетте күрделі жағдайда немқұрайлы мәнсіз қарайды. Немқұрайлық ойындар да пайда болады, бір іс-әрекетті неше рет қайталап, мәнсіз ойнайды. Мысалы: бос шөлмекті айналдырады, саусақтар арасынан жіпті өткізеді. Ойыншықтармен ойнаса да, мәнсіз ойнайды аутизммен ауыратын балалар бір ыдыстан бір ыдысқа суды құйғанды, құм құйылатын заттармен ойнағанды ұнатады, бірақ ойындары мәнсіз, құммен ойнағанда оны төгіп отырады, еш нәрсе жасамайды. Қимыл-қозғалыс дамуында да ауытқушылық білінеді. Аутист балалардың жүруінде ебігейсіздік көрінеді. Кейде бала қиын деңгейдегі қимылдарды жеңіл қимылдарға қарағанда сәтті орындайды, кейде қолдарының қимыл қозғалысы жалпы қозғалыстан ерте дамиды. Өздігінен қозғалғанда баланың қимылдары епті болғанымен, қорқыныш сезімі ерте оянады. Қорқыныш тудыратын заттардың тізімі шексіз(қол шатыр, электр құралды жұмсақ ойыншықтар, иттер, ақ заттар, машиналар, жер асты жолдары және т.б.). Қорқыныштар әртүрлі. Кейде қорқыныш қоздырғышы шын мәнісінде қорқыныш туғызуы мүмкін. Оны аутист бала өте ауыр қабылдайды. Егерде сау балаларда қорқыныш бірте-бірте ұмытылып кетсе, керсінше аутизммен ауыратын балада ол ұмытылмайды, қайта үдейе түседі. Мысалы: емханада укол алған кезде ақ халатты медбикенің бейнесі есінде қалады, сондықтан өмір бойы ақ түстен қорқу пайда болады.

Аутизмі бар балалармен ойын процесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар: 1. Аутизмі бар бала бір орнында отырып ойнай алмайды, сондықтан әрбір істі оның ыңғайына келтіріп, ойын арқылы өткізуге тырысыңыз;

2. Ойын баланың даму деңгейі мен мүмкіншілігіне сәйкес келуі керек және балаға үнемі көмек көрсетілуі қажет;

3. Ойында еркіндік элементтері болуы керек;

4. Әрқайсысы қызықты әрі жаңадан болуы үшін, үнемі ойын барысын өзгертіп отыру қажет;

5. Аутизмі бар бала ұзақ уақыт бір нәрсемен шұғылдана алмайтынын ескеру; 6. Баланы басқа балалармен ойнауға үйрету;

7. Баланың ұсақ моторикасын дамыту үшін: жіпке моншақтарды өткізу, пішіні, көлемі және түсі бірдей заттарды іріктеу, заттарды ыдысқа салу және оларды қайтадан шығару;

8. Көлемді басқатырғыштар мен құрылыс кубиктері де заттардың пішіні мен түсін ажыратуға көмектеседі және ұсақ моторикасын дамытады. Ескерту: ойыншықтар таза және қауіпсіз болуы қажет. Аутизмi бар баланың әлеуметтік табыстылығы көп жағдайда, оның отбасының психологиялық қолдауына байланысты. Сонымен бiрге баланың проблемаларын дер кезiнде анықтап, оған дәрiгерлер, психологтар, педагог-дефектологтар, әлеуметтiк қызметкерлер, тәрбиешілер тарапынан көрсетiлетiн көмектер және қолдауды ерте жастан қажет болған уақытта көрсету және ата аналардың қолдауы, келісімі, үйден қайталауы маңызды.

Аутизмi бар балалар өздерiнiң мүмкiндiктерiне және мiнез - құлықтарының ерекшелiктерiне қарай, жалпы бiлiм беру бағдарламаларымен бiрге арнайы(түзеу) бiлiм беру ұйымдарының бағдарламалары бойынша тәрбиелене алады. Бірақ медициналық көмектер қатар орындалуы керек.Аутизмі бар балаға өзiнiң басты проблемаларын, яғни қарым-қатынастағы және өзара әрекеттiк жағдайдағы қиындықтарды жеңу үшiн қатарларының, құрбыларынын, құрдастарының, кластастарының, достарының әдеттегi ортасы ауадай қажет екенін ескерген жөн.

Балабақша мен мектеп оған тек тәрбие мен бiлiмді ғана берiп қоймайды, сонымен бiрге ең алдымен, басқа адамдармен бiрге өмiр сүру мүмкiндiгiн де үйретеді. Сондықтан, мұндай балаларды үйде оқу түрiне көшiрмей, мектепте қалдыру, яғни инклюзивті оқыту өте маңызды.Аутизмі бар баланы ауру немесе ауырады деп санаудың орнына, оның дамуы мен оқуына белгiлi бiр жайлы жағдай мен тәсiл қажеттiктен «өзгеше бала» деп санаған дұрыс.

Қоғамның мiндетi – аутист балалардың құрдастарынан қалмай балабақшада тәрбиеленуіне, мектепте мүмкіндігіне қарай оқуына және оған қажеттi тәсiлдердi пайдалануына жағдай тудыру қажеттілігіне түсіністікпен қарау.