Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс протез Лекция 1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5. Сұрақ ;Тіс протездерін дайындауда қолданылатын зерттеу әдістері.

Ортопедиялық стоматологияда тіс протездерін дайындау, белгілі бір кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдердің бір бөлігі шеберханада, ал бір бөлігі пацентің ауыз қуысында жүргізіледі. Әрбір орындау кезеңінде қателіктерді түзетіп отырады.

Нысанға алынған жұмыс объектісінің зерттелуі үш түрлі болады:

1. Өлшеу арқылы. Істелетін жұмыстың өлшемдерге сәйкес келуі

сызғыш, транспортир және микрометр көмегімен жүзеге асады. Бұл

зерттеудің мақсаты:

а) өлшемдердің қысқа, кем немесе аз мөлшерде болмауы үшін.

б) өлшемдердің шамадан тыс ұзын, кең, немесе үлкен болмауы

үшін.

2.Бақылау арқылы сәйкестендіру. Егерде объект қалыптың ішіне

немесе мүсіннің үстіне орналасатын болса, бұл жұмыс жиі-жиі

бақылауды қажет етеді.

3.Көзбен бақылау. Объект беттерінің өзгешеліктерін сипаттау

үшін, мүсінді көз арқылы зерттелуі тура және сенімді әдістердің бірі

болып саналады.

Көз арқылы тексеру:

а) бір көз арқылы (құс көзі) қарасымен тексеру;

б) екі көзбен тексеру;

в) көз деңгейінде тексеру.

Бірінші, не болмаса екінші жағдайларда зерттеу әдістерімен

әдетте цилиндр секілді немесе конус-цилиндр түрінде таңдалған

мүсіндердің зерттелуі іске асады.

Тістердің бір-біріне параллельдігін немесе дивергенциялығын екі көзбен бақылау әдісі қолданылады. Үшінші жағдайда мүсін гұра көз деңгейінде тексеріледі. Цилиндр түріндегі мүсіннің кенерелерінің параллель және түзулігін бақылайды. Томпайған немесе қисық жақтар түзетіледі.

Машықтану (манипуляция) сабағының мақсаты

Манипуляция сөзі - латынша колдың көмегімен іске асатын

амал-әрекет түсінігі ретінде стоматология кәсібінде жиі қолданылады.

Стоматология мамандығын игеруде студенттердің қол әрекет

істерін жетік меңгерулері кәсіптік қабілетті арттыруда өте қажет

болып табылады

Тіс технигінің зертханасында

қолданылатнын аппараттар, материалдар және жабдықтар:

Аппараттарға;

Микроматор,шлифматор, самсон аппараты, газ дәнекерлеуші, ауа үрлеуші компрессор, керамика пеші (Аверон),индукциялық пеш блогы,электрлік шпательдер,құмшашқыш аппараттар, гипсті кесуге арналған мотор(триммер) қондырғы, гипсті вакуммды араластырғыш (Херку Кульцер фирмасының) CL VMR W ФОРМАТИВІ , вибросаттар(вибробой, вибробеби, вибромистер), металқанқаларды құюға арналған Formax қондырғысы, вибропресс қондырғысы, лазерлі перфорат( гипс мүсіндерге штифтерді орнатуға арналған лазерлі қондырғы), «воскотоп» (еріген балауызды белгілі бір тұрақты(температура) дәрежеде ұстайды), муфелді пеш, вакуммді кострюль, центрафуга, , вакуммдік полимеризаторлар КУ-ПЛЦ полимеризация қондырғысы , параллеломет. және басқа құрал саймандар сақталады.

Жабдықтары;

Жұмыс үстелі, айналмалы орындық, шкафтар, жасанды жарық, кювета, оккюлдатор және артикуляторлар,пішінге келтіруші(наковольник) пресстер, мүсінге келтіруші шпатель,гипс шпательдер,резиналы кесе,мүсін алушы қасықтар,резиналы дисктер,мәсуек(щетка), техник балғасы,бром штром, спиртті шам,таразылар,тронспортир,сызғыштар,аралар,металл ерітетін қасық, гипс кесетін пышақ,

Материалдар;

Гильза,балауыз(воск),припой,бура,пемза,отқатөзімді қағаз, тұз қышқылы,Фторакс,изакол,акрил,пластмассалы жасанды тістер, акрилді тістер, биопласт, керамиклық порошоктардың жинағы,гипс, пастагой, тез еритін металдар, фильц, сигма,синема, қалып-өлшем алатын эластик материалдар, жапқыштар, ажратқышта, ағартқыштар.

Дәріс № 2