Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс протез Лекция 1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Жоғарғы және төменгі тіс қатарының құрылысы.

Қалыпты жағдайда тістер үздіксіз тығыз қатар құрайды. Олардың пішіні жоғарғы жақ сүйегінде жартылай эллипс түрінде, ал төменгі жақ сүйегінде парабола түрінде кездеседі. Тістердің тығыз түйісуімен тіс сауытының шығынқы пішіні (экватор) қызыл иекті шайнау процесі кезінде зақымдалудан қорғайды. Тістер жақ сүйектерінде жантайып орналасады. Жоғарғы тістер сыртқа, ал төменгі тістер ішке жантаяды. Тік сызықтан

(вертикальды) ең үлкен ауытқу бұрышы – жоғарғы күрек тістерінде (20-30 градус), ең кішісі 0-5 градус (төменгі күрек тістер), тістердің жантайып орналасуына байланысты жоғарғы тіс қатары төменгі тіс қатарын жауып тұрады. Сонымен қатар тістердің жантаюы тіс ұяшығының сыртқы және ішкі қабырғаларының қалыңдығының әр түрлі болуына себебін тигізеді. Тістің жантайған жағында қабырға жұқа болады. Хирургтер осы жағдайды, тіс жұлғанда ескереді. Сондықтан, тістер кедергісі өз жағдайына қарай жұлынады. Сол себепті жарақаттың жазылуы кезінде тіс ұяшығының жұқа бөлігі мүжіледі де, жоғарғы жақ сүйегінің көлемі кішірейіп, ал төменгі жақ сүйегінің көлемі ұлғаяды, механикалық заң тұрғысынан алғанда тіс ұяшығындағы тісті иін ретінде қарауға болады. Тіс сауытын шайнау қысымы түсетін иіннің иығы ретінде қарасақ,тіс түбірін иіннің кедергі иығы ретінде қарауға болады. Тіс сауыты ұзындығының тіс түбірі ұзындығына 1:2 қатынасы тістің шайнау процесінде пайда болатын қысымына қатысты беріктігін қамтамасыз етеді. Тіс қатарларының шайнау беттерінің пішіні көлденен және түзу бағыттарда қисайып келеді. Олар тіс қабысуы бетінің сагитальды және трансверзальды қисаюы деп аталады. Бұл қисаюлар тек үлкен адамға тән, балалардың тістерінің қалыптасуы кезінде кездеспейді және алғашқы қауым адамдарында да болмайды, олардың тістері горизантальды орналасқан. Бұл құбілісті шайнау аппараттарының эволюциялық дамуының және оның шайнау мен сөйлеу қабілетіне байланысты пайда болған төменгі жақ сүйегінің күрделі қозғалыстарына бейімделуі деп санауға болады. Тіс қабысуы беттерінің сагитальды және трансверсальды қисаюының маңызы жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Тіс қабысуы қисаюының бірінші болып швед анатомы Шпее жазды. Ол шайнау беттерінің трансверсальды және сагитальды қисаюының дәрежесі, буын ойығының тереңдігіне, буын төмпешігінің биіктігіне және алдыңғы тістердің бір-бірін жабу дәрежесіне байланысты екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, сагитальды буын жолымен сагитальды шайнау беттерінің қисаюы ортасында көз шарасы бар шеңбердің доғасының кесіндісі. Осындай өзара тәуелділік трансверсальды окклюзиялы қисаю мен трансверзальды буын жолы – Беннет бұрышында бар. Шпее өзара тәуелділікті анықтау арқылы окклюзиялық қисаю-компенсаторлық қисаю деген тұжырымға келді. Окклюзиялық қисаюдың компенсатрлық қасиеті төмендегідей. Төменгі жақ сүйегінің окклюзиялық қозғалысы кезінде тістердің арасында көптеген түйісу сақталады. Шпеенің ойынша, бұл төменгі жақ сүйегінің буын басы мен тістердің шайнау беттерінің бір қисықтың бойында бір-біріне параллель болып келетін қозғалыс жасауына байланысты.

Түйісудің сақталуы шайнау қысым күшінде тістер арасында біркелкі тарылуын қамтамасыз етеді дейді. Окклюзиялық қисықтар туралы Шпее

ұғымы (Х1Х ғасырдың соңы) біздің мемлекетте Катц пен Курляндскийдің жұмыстарында қайта қаралып, сыналды.

Катц адамның бас сүйегін өлшеу және клиникалық тексеруі нәтижесінде Шпеенің ұғымын теріске шығарды және окклюзиялық қисықтар мен буын төмпешігі беткейінің бір шеңбер доғасының кесіндісі емес екендігін дәлелдейі. Окклюзиялық қисықтар бірнеше бөлек қисықтардан тұратын ойыс бетті құрайды. Осы қисықтар әр тістердің шайнау беткейлеріне дәл келеді. Төменгі жақ сүйегінің буын басы қозғалыстың буын төмпешігінің қисайған жерімен бұл қисықтың ортақ орталығы жоқ. Клиникалық байқаулар Катцтың корытындысын растайды. Осыны әрқайсымыз өз бойымызда байқауынызға болады. Төменгі жақ алға немесе бүйірге (оң және сол) жылжығанда алдыңғы тістердің арасында саңылау пайда болады. Окклюзиялық қисықтардың компенсаторлық қасиеті туралы Шпееның ұғымы табиғи үйлесуге негізделмегенімен толық алмалы салмалы протездерді жасағанда тіс доғасын құру туралы негіз болып табылды. Бонвильдің тіс доғасымен жақ қаңқасы жөніндегі мәліметінде осы жағдайлар көрсетілген Бұл ғалымның қорытындысы: екі буын бастары арақашықтығының және олармен күрек тістердің медиальды бұрыштарының арасы 10см тең, осы нүктелерді қосқанда тең үшбұрыш пайда болады. Оқулықтарда оны Бонвиль үшбұрышы деп атайды. Ол анатомиялық артикулятордың құрылысына негіз болып қаланды. Артикулятор – төменгі жақ сүйегінің қозғалысын дәл қайталайтын және толық алмалы салмалы протезге тістерді орналастыру қызметін атқаратын аспап-құрал. Келесі бір ұғым мынадай: окклюзиялық қозғалыс кезінде тіс қатарлары арасында көптеген немесе кем дегенде үш пунктік (біреуі күрек тістерде жйне бір бірден оң және сол жақ азу тістер аймағында түйісу сақталғанда ғана алмалы салмалы протез қызыл иекке біркелкі жәнетығыз отырады). Мұндай түйісу болмаған жағдайда протез жақ сүйекке біркелкі отырмайды. Иін (рычаг) заңы бойынша ауытқып кетеді. Бұндай протездер қолдануға келмейді. 3 пунктік немесе көптеген түйісуді жасанды проездерде сақтап қалу үшін жуық арада тістердің қарым-қатынасын түзету керек.

Тістердің тістесуінің физиологиялық және патологиялық түрлері.

Тістердің тістесуі дегеніміз (төменгі жақтың ) орталық окклюзияда төменгі және жоғарғы тіс қатарларының қабысуы.

Орталық окклюзияда тістердің түйісуін тістесу деп айтамыз. Барлық тістесудің түрлері екі топқа бөлінеді – физиологиялық және патологиялық.

Физиологиялық тістесуге: толығымен шайнау қызметін, сөйлеу және эстетиканы қамтамасыз ету жатады. Тіс қатарының түйісуінің, шайнау

қызметінің, сөйлеу және адамның сыртқы бет әлпетінің бұзылуы патологиялыққа жатады. Түйісулер патологиялық және физиологиялыққа шартты түрде бөлінеді, қалыпты түйісулер кейбір жағдайларды мысалға: парадонтопатияда немесе жекелеген тістерді жоғалтқанда және олардың ығысуында паталогиялыққа ауысуы мүмкін. Физиологиялық тістесуге ортогнатиялық, тура, физиологиялы прогения, опистогнатикалық тістесулер. Патолгиялыққа прогнатиялық, терең, ашық және айқас тістесулер жатады.

Ортогнатиялық тістесу.

Ортогнатикалық тістесу қазіргі адамдарда ең кең таралған болып табылады. Тістесу түрлерін анықтағанда тіс түйісулерінің 3 бағытта өтетіндігін көреміз: вертикальды, сагитальды, трансверзальды. Ортогнатиялық тістесу мынадай түйісу белгілерімен сипатталады. Олардың бірі барлық тістерге алдыңғы тістерге және үшіншісі тек шайнау тістеріне қатысты болып мінезделеді.

Барлық тістерге қатынасты түйісу белгілері.

Әрбір тіс екі антогонистпен түйіседі – негізгі және қосымша. Төменгі орталық күрек және жоғарғы жақтағы ақыл тіс бұған кірмейді, бұларда бір-бір антогонистен әр бір жоғарғы тіс төменгі аттас тіске қарағанда үлкен. Бұл себепке байланысты төменгі тіс қатарына қарағанда жоғарғы тістер дистальды ығысқан.

Алдынғы тістерге қатынасты түйісу белгілері.

Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің арасынан өтетін ортаңғы сызық бір сагитальды жазықтықта жатады. Бұл этетикалық оптимумды қамтамасыз етеді. Симметрияның бұзылуы жымиюды көріксіздендіреді. Жоғарғы алдыңғы тістер төменгі тістердің сауытын шамамен 1/3 жауып тұрады. Төменгі алдынғы тістердің кескіш қыры жоғарғы тіс төмпектерімен қабысады.

Шайнау тістерінің алдыңғы артқы бағытта түйісу белгілері.

Жоғарғы азу тістің алдыңғы ұрт төмпегі төменгі аттас азу тістің ұрт төмпектреі арасындағы көлденен сайда орналасқан. Бірінші жоғарғы азу тістің артқы ұрт төмпегі аралығында және екінші азу тістің алдынғы ұрт төмпегінде орналасқан. Жоғарғы және төменгі азу тістерінің төмпектерінің бұлай орналасуы көбіне мезио-дитальды қатынас деп аталады.

Шайнау тістерінің ұрт-таңдай бағытындағы түйісу белгілері.

Жоғарғы кіші және үлкен азу тістердің ұрт бұдырлары, аттас кіші және үлкен азу тістердің аттас бұдырларынан сыртқа қарай орналасқан. Бұның арқасында жоғарғы тістердің таңдай төмпегі төменгі көлденен жүлгеге сай келеді, ал төменгі ұрт – жоғарғы тістердің көлденең жүлгесіне келеді.Алдынғы төмен және бүйір тістердің жоғарғылармен жабылуы жоғарғы тіс доғасының төмеңгіден кең екендігімен түсіндіріледі. Бұның арқасында бүйір қозғалыстар және окклюзионды алаң ұлғаяды.

Тура тістесу.

Ортогнатиялықтан айырмашылығы тура тістесуде жоғарғы тістердің кескіш қыры төменгі аттас тістерді жауып тұрмайды. Олармен тік түйіседі. Бүйір тістердің түйісуі ортогнатялық тістесуден еш айырмашылығы жоқ.

Физиологиялық прогнатия және физиологиялық опистогнатия.

Бұл тістесулер ортогнатиядағы сияқты барлық түйісу белгілерімен мінезделеді. Айырмашылығы тек физиологиялық проүгнатияда альвеолярлы өсінді және алдыңғы екі жақтағы тістер алдыға еңкейіңкі болады, ал опистогнатиялықта – артқа қарай болады.

Патологиялық тістесу.

Ортогнатиялық және тура тістесудегі тіс қатарындағы қарым-қатынсатардың өзгерістері аномалияға әкеледі. Патологиялық тістесу тіс қатарының қарым-қатынасының және шайнау қызметінің, сөйлеу және науқастың келбетінің бұзылуымен мінезделеді. Патологиялық тістесуге: прогнатия, прогения, терең, ашық және айқас тістесу жтады.

Прогнатия.

Прогнатия жоғарғы жақтың алдыға жылжуымен сипатталады. Төменгі жақтың дистальды жылжуынан және жоғарғы жақтың алдыңғы және бүйір тістердің тістесуі бұзылады.

Прогнатия кезінде жоғарғы тістер арасында қуыс болады (жоғарғы және төменгі тістер арасында саңылау болады). Жақтарды түйістіргенде жиі төменгі тістер жоғарғы жақтың шырышты қабатына тиеді, оларды зақымдайды. Прогнатияда азу тістер аймағындағы қатынастың бұзылысы:

бірінші азу тістің алдыңдағы ұрт төмпегі бірінші төменгі азу тістің аттас бұдырша, кейде жүлгесіне, екінші кіші азу тіс, төменгі бірінші азу тістің алдыңғы ұрт төмпегіне сай келеді. Айқын байқалатын прогнатияда алдыңғы жоғарғы тістер қатты алдыға шығып тұрады. Жоғарғы ерінді итеріп Соның салдарынан тістердің кескіш қыры көрініп тұрады. Төменгі ерін керісінше жоғарғы тістердің астына кіріп тұрады. Бұның бәрі науқастың келбетін бұзады және бұнымен бірге сөйлеу және шайнауы бұзылады.

Прогения.

Прогениялық қаынаста тіс қатарына төменгі жақтың алдыға шығуына орын болады, соның саалдарынан төменгі алдыңғы тістер жоғарғы аттас тістерді жауып жатады. Төменгі жақтың аздап қана жылжуында алдыңғы тістер аралығында түйісу сақталады. Егер осындай жақтардың қарым-қатынасында тамақ алдынғы тістермен тістеліп алынады. Егер төмеңгі жақтың жылжуы көлемді болса, тістер арасында саңылау болады, тамақты алдыңғы тістермен тістеу мүмкіндігі болмайды да, бүйір тістерге ауысады. Төменгі жақта мезиальды жылжу болғандықтан жоғарғы бірінші азу тістің төмпегімен түйіседі. Прогения кезінде тіс доғасы төменгі жақтікі, жоғарғы жақтікіне қарағанда үлкен болады. Соның салдарынан төменгі азу тістердің ұрт бұдыры аттас жоғарғы тістерге қарағанда сыртқа қарай жатады. Прогения кезінде науқастың келбеті өзгереді, сөйлеуі және шайнауы бұзылады.

Терең тістесу.

Терең тістесу жоғарғы алдыңғы тістердің төменгі тістердегі кескіш төмпектерімен түйісу болмағандықтан жауып тұратындығымен сипатталады. Жоғарғы тістердің мойын бөлігіне төменгі тістердің кескіш қырлары тиіп тұруы мүмкін. Кейде контакт болмайды, сондықтан тістер қызыл иекке тиеді, оны жарақаттайды. Бүйір тістер ортогнатялық тістесудегі сияқты түйіседі. Терең тістесу мен терең қабысуды ажырата білу керек. Терең қабысуда жоғарғы төменгі тістердің сауытын 1/3 – нен көбін жауып жатады, бірақ кескіш төмпешіктермен контакт болады. Терең тістесуде контакт болмайды. Терең қабысу ортогнатиялық тістесудің анатомиялық варианты болады. Терең тістесу керісінше ауытқуға жатады.

Ашық тістесу.

Бұл тістесуде алдыңғы тістер түйіспейді, ал кейде кіші азу тісте, тек үлкен азу тістер ғана түйіседі. Сонымен бірге үлкен функциональды бұзылыс болады. Алдыңғы тістермен контакт болмағандығы науқастарғы тамақты азу тістермен тістеуге әкеледі. Қажетті шайнау алаңының қысқарғандығы (окклюзионды алаң) тамақты шайнауды қиындатады. Науқастың сөйлеуі, сонымен бірге келбеті бұзылады.

Айқас тістесу.

Айқас тістесу дегеніміз төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпешіктері жоғарғы аттас тістердің сыртына қарай орналасуы. Алдыңғы тістер дұрыс түйіседі. Бұл тістесу жоғарғы тіс қатарының деформациясы негізінде пайда болады. Ол екі түрлі бола алады: бір жақты, екі жақты.