Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс протез Лекция 1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.2.12. Дара жеке қасықтарды жасауға арналған пластмассалар.

3.1.13.Дара жеке қасықтар функционалды өлшем алуға арналған.Бұл қасықтар жартылай және толық алмалы салмалы протездерді дайындауда қолданылады. Дербез қасықтарды дайындағанда қолданылатын материалдар: базисті, тез қатаятын пластмассалар, полистирол.

3.1.13. Дербез(жеке) қасықтарды дайындау базистик пластмассадан және термопластикалық материалдан вакуумдік мүсіндеу технологиясы.

-базистик пластмассаны қолданғанда, гипс мүсінге балауыз базис дайындап, оны кюветаға гипспен отырғызып, балауызды әдеттегі технология бойынша пластмассаға ауыстырамыз. Бұл технологияға кететін уақыт 2,5 -3 сағат.

- тез қатаятын пластмассаны қолдану ретінде полимер мономер композициясын ажыратқыш лак жағылған гипс мүсінге жағуға болады. Композициясын қамыр тәрізді кезеңде алдын ала біркелкі қалындықта жаяды. Осыдан кейін полимеризация гидрополимеризаторда жүргізіледі. Дайындау уақыты 40- 50 минут.

- полистиролды қолданғанда гипс мүсінді қаптау термовакуум аппаратында жүргізіледі.

Ол үшін арнайы аппарат қажет болады. Гипстик мүсінді ғаныштап, шегерасы сызылған соң, ыстыққа шыдамды пластмасса қапталады, термоплатикалық пластинка алып (еркопор), аппаратта арнайы температурада қыздырылып( апптаматты түрде) вакуумде мүсінделеді, аппараттың өзі суытып жеке- дара қасықты дайындайды. Жеке- дара қасық дайындалды. Кемшілігі, мұндай жолмен дайындалған қасықтар, қымбаттау болады және вакуумдік аппарат қажет етеді.

Фотополимерлік композитпен жеке- дара қасық дайындау технологиясы.

Гипстик мүсінді ғаныштап, шегерасы сызылған соң, балауызбен мүсінделіп, онда терезе ашылады. Арнайы фотополимерлік композиттің пластинкасы(индивидо немесе фастари ЛС) алынып, гипстик мүсін қапталады да, диод лампасында қыздырылады. Бұл ең тез және арзан дайындалатын жеке дара қасық.

3D сканер арқалы жеке дара қасықты дайындау технологиясы.

Ауызқуысынтық 3D СКАНЕР аппаратының жәрдемінде, ауыз қуысының цифровую мүсіні алынады немесе гипстик мүсіннің сканері алынады. Арнайы программа (технология CAD), жәрдемінде жеке дара қасық мүсінделеді. CAD технологиясы автоматты тұрде протездің шегарасын сызып, болашақ жеке дара қасқпен гипстик мүсіннің арасында қашықтық қалдырады, сликонды материал үшін. Жеке дара қасықты компьютерде мүсінделіп болғаннан соң, 3D принтерге жіберілді, онда жеке дара қасық мүсіделіп шығарылады. Жеке дара қасық дайын.

сурет.  SLA Аппараты әдісімен мүсінделген жеке дара қасық .3D мүсіндеуші.

3D мүсіндуші аппаратың түрлері

  1. MJM аппараты ;

  2. SLA аппараты ;

  3. FDM аппараты;

  4. SLS аппараты.

Артықшалығы:

  • Дайындалудың қарапайым ;

  • Мүсіндеудің оңайлығы;

  • Улы заттардың жоқтығы;

  • Өңдеуді талап етпейді;

  • Дәлдікпен дайындалуы ;

  • цифрлық мүсінді клиникадан лабораторияғы интернет арқылы жіберу мүмкіндігі.

Кемшілігі:

  • компьютер 3D принтерінде арнайы программаның болуын қажет етеді.

  • Ұзақ дайындалады;

Тез қатаятын Корбопласт(Украина) құрамында пластификатор дибутилфталатты ұстайды. Ұнтақ пен сұйықтықтың қатынасы 3:1, полимеризация уақыты 6-10 минут.

Дуракрил екі компонентті метакрилді құйма пластмасса, құрамында минералды толықтырғышы бар, химиялық реакция негізінде қатаяды, қыздыруды қажет етпейді.

Дербез қасықтарды дайындау үшін басқада акрилды пластмассалар пайданылады: Трей, Формтрей,Индивидо, Острон .Қасықтарды дайындау үшін пластинкаларда шығарылады, мысалы:АКР –П,Кавекс, Тессекс.

Штампталған жеке тіс протезін дайындау технологиясы.

Клиникалық кезең:

Штампталған жеке тіс протезін дайындаудың көрсеткіштері.

А) тіс сауыты бұтіндігі бұзылғанда

Б. Тіс сауыты штифталған металл салмамен қапталғанда

В. тірек тіске кламмер орнатқанда.(алмалы салмалы протез)

Г. Штамталған дәнекерлі көпір тәрізді протездерге тірек тіс ретінде пайдаланылады.

Штампталған жеке тіс протезін дайындауда тірек тісті егеу.

Алдымен паценткпен танысап, атқарылатын жұмыстың көлемін және протездің констукциясын, оны орындауға кететін уақытты, диагнозын қойылып, келісіледі. Одан соң, қажеттілігіне қарап.

1. жансыздандырылады

2. Тірек тістің сауыт бөлігін конус немес цилиндір тәрізді етіп егеулу.

3. Қалыптық қасық таңдалып, шақтап көріледі, қос қабаты қалыптық өлшем (силиконды материалмен) алынады тірек тістерден және антогонист тістерден.

Қос қабатты қалыптық өлшем-дегеніміз эластик қалыптық өлшем материалдарынан тұрады. Олардың элементері: 3.1.10 базистик материал және екі түсті катализатор. Бірінші катализатор базистик материалмен араласып оның қатуын қамтамасыз етеді. Екінші катализатор бірінші катализатормен араласып базистик материалдың екінші қабатын құрайды. Осылайша қос қабаты қалыптық өлшем алынады.

3. Орталық окклюзия анықталады

Зертханалық кезең:

  1. сұйық қарылған гипісті қалыптық өлшемге ауа түйіршіктері қалмау үшін ұрғылап тұрып құйылады және үстелдің үстіне гипс блок құйылады, оның ұстіне гипс құйылған қалыптық өлшем аударылады.

  2. Анықталғн орталық окклюзия бойынша окклюдаторға ғанышталады, артықша гипсті ұқыптылықпен жиналад 10-15 минут қатуы күтіледі. Қатқаннан кейін техниктің балғасымен жайлап қалыпы ұрып гипс пен қалыптық өлшем ажыратылады.

  3. Ажыратылға қалыптық өлшемге екінші рет гипстик мүсін құйылады.

  4. Екінші гипстік мүсін штапмталған жеке тіс сауытын дайындауға қажет болады.

5. Екінші гипстік мүсінде тірек тістің мойын бөлігі сызып алынады да балауызбен мүсінделеді.

6. жасалған( модельді) мүсін техник арасымен столбик етіп кесіп алынады;

7. Техник столінің үстіне гипстен қаймақ тәрізді блок құйады, балауызды мүсін оған жартылай көміледі. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабатын құйылады, ол 10-15минут қатады .

8. Гипстік блокті техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып ашады. Ондағы балауыз мүсін алынады, шетке қойылады.

9. Гипстік блокті қайталап жинап, балауызды мүсіннің орнына тез қататын металл құйылады. Осылайша тірек тістің гипстік мүсіні металл штампикке айланды. Екі металл штампик дайындалады; біреуі жұмысшы, екіншісі соңғы штампик.

10. ММСИ әдісімен, қатты резинадан жасалған, табаны ашық дөңгелек ыдысқа соңғы штампикті шайнау бетін ашық қалдырып,вестибуляр және апроксимал беттеріне лейкопластер оралады. Ыдыстың ішіне тез қататын металл құйып, дайындалған штампикті соның ішіне батырады. Металл қатпай тұрғанда үш жерінен сызып ,сынатын орындары белгіленет.(Металл қатқаннан соң балғамен ұрып сындырылады.)

11.Жұмысшы штамтике гилзаны шақтап алынады. Гилза сабан тәрізді сары ренге кіргенше қыздырылады (600º-900º).

12. Гилзаны төске(наковальник) қойып,балғамен жоғарыдан төмен қаратып ұрып мүсінделеді. Осы процесс бірнеше рет қайталанады.

13.Гилза тағы бір рет сабан тәрізді сары ренге кіргенше қыздырылады (600º-900º).

14. Гилзаны жұмысшы штампикке кигізіп,окклюзиялық бетімен қорғасын жастықшаға қойып ұрғылап, тістеу беткейінің мүсінін шығарады (фиссура).

15. Жоғарыда жасалған соңғы штамтик, ( тез қататын металлдан) металдан ажыратып алынады (тез қататын металды балғамен ұрып сындырады, бірнеше бөлшекке бөледі), штампиктен лейкопластер алынып тасталады. Гилза соңғы штампике кигізіледі. Резина ыдысқа тез еритін металдың сынықтарын жиып,орнына қойылады. Оның арасына гилзаны(соңғы штампикке кигізіп) қойып, балғамен ұрып кіргізеді. Гилза соңғы штамптаудан өтті.

16. Гилзаны соңғы штампиктен металды қыздыру арқалы ажыратылады.

17. Тіссауытының пішіні берілген гилзаны гипстік штампке кигізіп клиникаға, шақтап көруге жіберіледі. Ол үшін тіс протезін ағын суда жуамыз, антисептикпен өңдейміз, спирт 70% өңдейміз, мақтамен және ыстық ауамен кептіреміз.

Клиникалық кезеңі:

4.Тіссауыт медициналық өңделіп ,тірек тіске шақтап көріледі. Тіссауыты жоғарыдағы талаптарға жауап берсе:

А. Металды тіс сауыты тіске тығыз отыру керек;

Б. Қызыл иекті жарақаттаму;

В. Тістің мойын бөлігі толық жабу ;

Г. Қызыл иектің ішіне 0,2-0,3 мм кіріп тұру;

Д. Қалыпты тістемді бұзбау;

Е.Антогонист тістермен және қатарлас тістермен жанасу.

Металдық тіссауыты айтылған талаптарға толық жауап берсе, зертханаға ағартып, тегістеп және жылтыратып өңдеу үшін жіберіледі.

Зертханалық кезең:

Тіс протездерін өңдеу үшін арналған материалдар.