Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулайхан курсты ж9мыс.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245 Кб
Скачать
☆
    1. Баланы дамытудағы балалар ұжымының рөлі

Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше рөль атқарады. Атап айтқанда, мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады.

«Ұжым» деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді.

Жалпы ұжым – жас өспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы - сынып ұжымы. 7[16]

Оқушылар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан - жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.

Оқушылар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш- қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.

Баланың тәрбиелеуiнде әркiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай алуы ерекше орны алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп «Мен өзгелерден артықпын» деуден болады, мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.

Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс - шаралардың бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не жетекшiсi, т. б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекшеден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым - қатынасына шек қойылмайды.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi - ұжым деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр - бiрiмен ұштасып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу - ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай топта келеңсiз жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.

Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк - жiгер, қажыр - қайрат, қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара - бара беделiнен айрылатын болады. 8[26]

Оқушылар ұйымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында. Балалар ұйымы өсіп келе жатқан адамды біріктіре отырып, бұл тұрғыда тәрбие функциясын жүзеге асырудың шарты мен құралын жасайды. Қоғамның неғұрлым белсенді де мақсатты түрде ықпал ету шарты бола отырып балалар ұйымы өз мүшелерін тәрбиелеу функциясын атқарады.

Балалар ұйымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынада: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типіне тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Әрине, сондықтан да коллектів ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар.

Қоғамда балалар ұжымы — баланың барлық қарым-қатынасын қалылтастырып қана қоймайды, сонымен бірге өріс жайып, сапалы өзгеріп отыратын ерекше әлеуметтік орта мен жағдай болып табылады. Осы қатынастарды дұрыс құрып, ұйымдастыру — тәрбие міндеттерінің бірі. Баланың ерекше икемделгіштігі коллективтің оған белсенді ықпал жасауына мүмкілдік береді. Атап айтқанда, коллектив — мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты. Баланың өткен буынының тәжірибесін, жилақталған білімдерді, ұғымдарды қабылдау процесі дегеніміз өту жағдайлары бойынша да, сондай-ақ механизмдері бойынша да жеке-дара тәжірибені қалылтастыру процесінен ерекшеленетін өзгеше бір процесс. Бұл процесс баланың айналасындағылармен қарым-қатынасында, өріс жаятын іс-әрекетінде, өскелең адамды тәрбиелеуді, оны жеке адам ретінде қалыптастырып, дамытуды мақсат тұтқан қарым-қатынастардың үлкел де арнайы ұсынған жүйесінде жүзеге асады.

Іс-әрекеттің көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді. Балалар бірлескен іс-әрекеттің алуан түрлеріне түрлі бірлестіктер де қатысады. Алайда бұл бірлестіктердің балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға психологиялық ықпалы бірдей емес.

Психологтар мен педагогтар балалар конгломераты, ассоциациялық топ, кооперативтік топ және қоғамның рұқсатымен құрылған іс-әрекет пен дамудың әр түрлі деңгейіндегі бірлестіктер, ақырында балалар коллективі деп бөледі. Жеке адамды тәрбиелеудегі қоғамның міндеті балалардың кез келген кездейсоқ бірлестігін құру емес. Тек оның жоғары формасы — қалыптасқан-дамыған балалар коллективі ғана қоғамның қойып отырған міндеттерін аша алады, сонымен бірге балалардың бір-бірімен араласу қажеттігін іске асыруға мүмкіншілік береді. 9[31]

Дамыған балалар коллективі тек қана толық белгілі бір жас кезеңдеріндегі баланың психикасын қалыптастыратын іс-әрекеттерінің белгілі түрлері негізінде қажет және мүмкін болады. Шын мәніндегі әрі дамыған балалар коллективі үшін қоғамның пайдасына мақсатты түрде бірлескен мазмұнды іс-әрекеттің үйлесімді мотивтері мен мақсаттарының ортақтығы, жалпы нәтижеге жету қамы, белгілі бір ұйымдастыру мен байланыстар тән. Сонымен бірге оған барлық мүшелерінің жоғары өзіндік іс-әрекет ету дәрежесі, коллективтік өзара қарым-қатынастың жоғары дәрежесі мен кеңдігі тән. Дамыған коллективке баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет құралы емес, мақсаты ретінде болуы тән. Мұндай коллективті қалыптастыру — іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапасын өзгертуге негізделген ұзақ процесс. I—II кластардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың коллективтік қызметін ұйымдастыратып, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. III—IV кластарда балалардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде балалар коллективінің құрылуы басталады. Жеткіншектік шақтағы балаларға өзара қарым-қатынасы кең құшақ жайған өзіндік іс-әрекеті бар коллективті ұйымдастыру тән. Бұл осы кезеңде баланың әлеуметтік позициясының сапа жағынан өзгеруіне, оның басқа адамдармен қарым-қатынасының қайта құрылуымен байлаыысты, ол қарым-қатынас әр түрлі ситуацияға сәйкес құру, реттеу, бөгде адамның позициясын ескере отырып, өзінің қимылын бағалау мен бағыттау іскерлігін үйренеді. Өзін шыңдаудағы талабы саралау үстінде 10—16 жасар мектеп оқушысыныц бұл ерекшеліктері дәл осы тұста оны қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің түрлі формаларының ішіндегі көп жақты қатынасқа неғұрлым икемді етеді. Оны іске асыру жеткіншектердің қоғаммен қарым-қатынасының сапа жағынан жүзеге енгізілгендегі негізгі психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Бұл іс-әрекеттің ішінде коллективті шыңдауың психологиялық шарты болып табылатын жеткіншектердің өзін белсенділікпен бекітуі жүріп жатуы мүмкін.

Сонымен дамыған коллектив өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп-тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. 10[28]

Балалар коллективін дамыту дәрежесі балалардың өзара қарым-қатынастарын дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Балалардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі — олардың іс-әрекеттерін мақсатты бағытта ұйымдастыру.

Мектеп оқушысы, әдетте, бір қатар түрліше, бірдей жастағы (мысалы, оқу), түрлі жастағы (спорт, керкемөнер, қоғамдық-ұйымдастыру) тұрақты, уақытша және басқа коллективтерге кіреді. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырса, негізгі міндеті мен функциясы қоғамдық пайдалы іс-әрекет, қоғамдық өмір мен қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру деп есептелетін, коллективтер, шәкірт үшін неғұрлым референтті болады. Барлық бұл коллективтерде бала басқа балалармен және үлкендермен белгілі қарым-қатынасқа түседі, өзіндік орын алады, оның жеке басын қалыптастыратын, жетілдіретін белгілі бір талаптар жүйесінде болады. 11[17]

Балалар ұжымын мектеп оқушыларының өміріндегі негізгі орта деп қарай отырып, біріншіден олардың ұжымдық қызметін өзіндік іс-әрекет сипатына ие болатындай, яғни іс-әрекет түрінде ұйымдастыру қажет, онда мақсаты балалар үшін тартымды болғандықтан әрбір оқушының белсенділігін оятатындай мотивке айналуы керек. Екіншіден, істі ұйымдастыру әрбір коллектив мүшесінің творчестволық, тең праволық позициясын, оның даму, өзгеру мүмкіншілігін қамтамасыз етуі керек. Тұрақты күрделіленетін бірлескен іс-әрекет алғаш қатысы бар коллектив үшін, содан соң мектеп үшін, кейіннен аудан, қала үшін орындалады. Үшіншіден, мектеп оқушыларыныц бірлескен жұмысын, әрбір оқушынық іс-әрекетінің нәтижесін жалпы нәтижеге жетудегі қажетті буын болатындай етіп құрған жөн. Коллективтік іс-әрекетті осылай ұйымдастыру балалардың ынтымақтастығын, жауапкершілігін, демеуді сезінуін, көмектесуге ұмтылысын оятады, қоғамдық пікірді пәрменді түрде қалыптастырады. 12[17]

Балалар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. Әрбір бала — осы ұжымның мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Жеке адамға балалар коллективінің тәрбиелік ықпалы, баланы белгіленген қатаң талаптарға бағындыруға мұқтаж ететін қысыммен емес, балаларды олардың творчестволық белсенділігін жан-жақты ашуға итермелеуімен анықталады. Әрбір баланың дербестігін, инициативасын көрсету, даралығын дамыту үшін жағдай жасау жеке адамның адамгершілік өрісінің байлығын ашып, оның моральдық-ерік сапаларын қалыптастырады.

Ұжымшылдық — жеке адамның өзінің нақтылы іс-әрекетіне көзқарасының бірден-бір маңыздысы — қоғамдық іске творчестволық көзқарас, бірақ тек өз тобының жай қоғамдық ісіне ғана емес, жалпы барлық іс-әрекетке творчестволық көзқарас. Нақ осы жағдайда қоғамдық іс-қажеттілік болып есептелетін қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі көрсетуі болып өтеді. Мұндай қажеттілікті тұйық топта, оның тар шеңберлі істеріне ғана көзқарасып қалыптастыру арқылы қалыптастыруға болмайды, өйткені жеке адамды жан-жақты дамыту бір бөлігі ұжым болып табылатын кең шеңберлі мақсаттарға бағдар алумен қамтамасыз етіледі. 13[39]

Жеке адамның нақтылы коллектившілдік қасиеттерін қалыптастыру жеке коллективтің істері мен мақсаттарын белгілі дәрежеде абстракциялауды, бұл істер мен мақсаттардың біздің қоғамды құратын коллективтердің неғұрлым кең міндеттерімен байланысты екенін сезінуді қажет етеді. Нақ осы жолда ғана мектеп оқушыларының жалпы істер үшін дара жауапкершіліктері қалыптасады. Демек, арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің бағытына сүйене отырып, балалардың қарым-қатынастарының берілген жүйесін дамыту үшін негіз жасайтындай, коллектив аралық сан алуан байланыстарының торабын құру елеулі мақсат болады.

Балаларды жалпы біртұтас, көп салалы коллектив құратын, тұрақты және уақытша коллективтердің бірлестіктерінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттің әр түріне бір мезгілде енгізудің маңызы өте зор, себебі, бұл мектеп оқушыларының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай, балалардың сан алуан қарым-қатынастарын жетілдіреді. Мысалы, коллективтер арасындағы байланыстарды нығайтуда уақытша бірлестіктерді мақсаттылықпен құру маңызды орын алады. Бұл жерде балалардың іс-әрекеттері қысқа мерзімді істерді орындауға тапсырма алатын шағын топтарда ұйымдастырылады. Бұл бірлестіктердің психологиялық ролі мынада: әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың өзіндік іс-әрекеттерін кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. Шағын бірлестіктер шеңберінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы өзін жеке адам ретінде «жариялай алады», мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара жетістіктерге жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан қолдау және қуаттау мүмкіншілігін алады. Нақ осы жағ-дайда бала барлық жолдастары мен өзі үшін маңызы бар топтағы өзара қарым-қатынасты ұғынады. 14[156]

Балалардың бірімен бірге оқитын, екіншісімен бірге еңбек ететін, үшіншісімен сурет салып, ән айтатын, төртіншісімен туристік жорықтарға жол тартатын және т. б. балалардың сан алуан уақытша және тұрақты, көп және аз мөлшерлі бірлестіктеріне өте отырып, мектеп оқушысы әр топтың ықпалын сезінеді, онда белгілі бір орын алумен қатар, оның әрқайсысында ерекше роль атқарады. Мұндай бірлестіктердің көп қатарлы жүйесінде әр бала өзін қанағатталдыратын орын табуына мүмкіндік бар. Демек, балалар коллективін құрудағы шешуші сәт, оның қандай да бір нақтылы міндеттерімен шектеліп қоймай, кең көлемді қоғамдық мақсаттарға шығуы болуға тиіс, мұның өзі жеке адамның коллектившілдік қасиетін белсенді қалыптастыру негізін – балалардың көп салалы қатынастарын кең өрістетуді қамтамасыз етеді. 15[17]

2-тарау. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің рөлі