2.2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Мемлекеттік машықта Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылындағы «Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сінің 6 сыныбында өткізілді. Сол уақыт аралығында сыныптың ұжымдық қарым-қатынасын, сыныптағы рухани-психологиялық ауа-райының ерекшелігі: оқушылардың қарым-қатынастық мінезі (сыпайылық, бір-біріне сыйластық, ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынасының басымдылығы, сынып оқушыларының эмоционалды басым көңіл күйлерін , қоғамдық белсенділігінің дамуын «олардың шығармашылығын, талаптылығын, ұйымдастырғыштығы, іс-әрекеттегі дербестігі, сыныптағы өзін-өзі басқаруын бақылай келгенде сыныптағы 20 оқушының 1еуін ұжымнан алшақ екенін, ұжыммен жұмыс жасай алмайтындарын байқадым. Ұжымнан тысқары қалған оқушы Төлегенов Мақсат. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын Мақсатқа сауалнама жүргізілді.
Мектепке келген күннен бастап Төлегенов Мақсатқа бақылау жүргізу арқылы қаңтар айынан наурыз айына дейінгі аралықта өткізілген тәрбие сағаттарынан оқушының бойындағы қабілеттердің бастапқы қалыптағы жағдайын атап көрсету керек. Ол яғни тәртібі – 3, ұжымшылдығы – 2, қызығушылығы – 3 болды.
Мақсаттың ұжымшылдығын арттыру, ұжыммен жұмыстануға үйрету мақсатында тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, өткіздім.
Алғаш өткізген шарм сыныптағы қарым-қатынасқа оқушыларды жұмылдыру, достық сезімдерін арттыру, оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, баланы ұжыммен жұмыс жасатып, ұжым арқылы өз ойын жеткізуге мүмкіндік беру мақсатында «Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас» атты тәрбие сағатын өткіздім.
Ұжымға ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, кайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және баланың ұжымдығы орнын, ұжыммен бірге жүргендегі іс әрекетін, ұжыммен жұмыстанғанда алған әсерін бақылап білу міндетім болды. Тәрбие сағатым дөңгелек үстел түрінде өтті. Шарамда ұлы ойшылдардың достық туралы айтқан ойларын , достық тақырыбында түрлі суреттер, ертегілер, кітапшаларды көрнекіліктер ретінде қолдандым. Сынап 20 оқушыдан құралған, шара 17 оқушымен қамтылды. Оқушыларды 3 топқа бөліп жұмыстандым. Шарамның негізгі бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында алдымен ұжымға Дос деген кім? деген сұрақ қойдым. Оқушылар:
Сыр бөлісетін адам
Мені
өте жақсы түсінетін адам
Көмекке
әрдайым дайын адам
Сенімді
адам
деген жауап беріп, схема бойынша тақтаға жазып шықты. Достық, дос ұғымының мәні ашылып, досқа тән қасиеттер анықталады.
топтың дастық сезімдерін білу мақсатында әр топқа тапсырма бердім.
1-тапсырма: Достық дегенді қалай түсінеміз? Осы ұғымды немен бейнелеуге болады. Әр топ плакатқа өз тобындағы достықты сурет салу арқылы бейнелеп , суреттерін таныстырады.
1
топ өз суреттерінде жүрек
бейнесін салған. Біздің жүрек салған
себебіміз достық ол жүрекпен сезінетін
сезім. Дос болу үшін мейірімділік,
адалдық, қамқорлық, түсінушілік, сыпайылық
сезімдері керек және осы сезімдердің
барлығы жүректен шығады. Біздің топта
осындай мейірімді жүректер көп осы
мақсатпен салдық деген жауап берді.
2 топ оқушылары күн бейнелеген. Күн салған себебіміз біздің топтың достығы әрқашан шуақ шашып тұрады, айналасын әдемілегеніміз адемі боп жүреміз дененді білдіреді деп түсіншіріп шықты.
3 топ суреттерінде биік тауларды бейнелеген бейнелеген. Суреттерін біздің топтың достығы осы таулардай биік, бұзылмайтын берік деген адемі жауаптарымен түсіндіріп шықты. 1 тапсырмада топтар өздерін белсенді көрсетіп,ойларын ашық ортаға сала білді.
2-тапсырма: Жағдаяттардан шығу. 3 топқа 3түрлі жағдаят берілді топ болып осы жағдаяттардан шығу тапсырылды.
Топтар бұл тапсырманы өте жақсы орындап шықты. Өз топтарымен жағдаяттарды көрініс арқылы қойып шешімін тауып белсенділік танытты.
3- тапсырма: Мақалдарды жалғастыр. Әр топқа 5 мақалдан жасырылады.
1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».
4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».
5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».
Бұл тапсырмада оқушылар асқан белсенділік танытты.
Шараның соңында 3 топтың ішінен достыққа ең берік анықталды. 2-ші топ өздерінің достықтарының ажырамастай беріктігін көрсете білді.
Шараны қорытындылау мақсатында жеке орындайтын «Дос іздейміз» газетінің атынан оқушыларға өз хабарландыруларын жазып реакцияға жиберуге мүмкіндік береміз. Ол үшін сіз өзіңіз жөнінде қысқаша ақпарат бере отырып, өзіңіз қалайтын, өзініздің жеке талаптарыңызға сай қандай досыңыз болғанын қалайтыныңызды ескеріп хабарландыруыңызды жазасыз. Оқушылар жазып шықты. Бүгінгі шара бойынша рефлексия жасалды. Оқушылар тәрбие сағатының ұнағанын, көптеген тәлім- тәрбие алғанын, достық сезімдеріның артқанын, шара арқылы сыныптастарын түрлі қырларынан тани білгенін айтып шараны мақсатына жеткізді.
Екінші өткізген шарам «Мен және менің отбасым» тақырыбында болды.
Мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі. Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.Өзін және сыныптарын бағалайды.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, смайликтер, бәйтеректің суреті және көбелек, алма стикерлері, рефлексия парағы, «Перзент парызы» видеоклипі, «Мерейлі отбасы» байқауының үзінділері
Қолданылатын әдіс – тәсілдер:Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.
Оқушылармен амандасу көңіл күйлерін сұрау. Тәрбие сағатын бастамас бұрын оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып аламын.
Ойсергек: «Сәлемдесу»
Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың? Т.б
Оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөліп аламын.Мақал-мәтел қиындыларын оқушыларға таратып беремін,
Мысалы: «Әке-асқар тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ»
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі»
«Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
Тұсаукесер -Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?
Оқушылар отбасы туралы пікірлерін ортаға салады. Отбасы туралы кіріспе сөз оқып өтемін.
Негізгі бөлімде топтарға тапсырма беріледі 1-топ: «Отбасы татулық негізі» атты постер жасайды.
2-топ: «Әке- алтын діңгек»
3-топ: «Отбасы бақыты-ел бақыты»
Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа флипчарт,бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.
Көрсетілім: Орал қаласындағы қарттар үйі мен балалар үйінде тәрбиеленушілер туралы статистикалық мәліметтер келтіру.
«Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы слайд не бейне таспа арқылы әңгімелейді) Жантолы Н, Тусип И, Есекеш Н.
Видеоклип: А.Жорабаеваның «Перзент парызы».
Осыдан кейін оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.
1-топ: «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
2-топ: Венн диаграммасы: Отбасы және мектеп
3-топ: 5 жолды өлең.
Әр топқа тақырып төңірегенде мәтіндер беріледі.
Әр топ тақырыптың мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды. Жұмыстану үшін топ басшысын сайлап алады. Әрбір топтан шыққан 3 көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «бағдаршам», «2 жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.
Қорытынды «Жақсы тілек – менен» әр оқушы көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады. Бүгінгі шара бойынша рефлексия жасалды. Оқушылар тәрбие сағатының ұнағанын, көптеген тәлім- тәрбие алғанын, отбасының құндылықтарын ойларына түйгендерін, шара арқылы сыныптастарын түрлі қырларынан тани білгенін, отбасының мақтанышы болуға тырысатындарын айтып өтті.
Оқушыны ұжым арқылы дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп болған соң ұжымнан оқшауланған оқушым Төлегенов Мақсатқа жұмыс нәтижесін білу мақсатында сауалнамыны кері өткіздім.
Қаңтар айынын Наурыз айы дейінгі жүргізілген жұмыстардан кейін Төлегенов Мақсатқа алғаш өткізген сауалнама кері өткізілді.
Өткзілген тәрбие сағаттарының нәтижесінде Төлегенов Мақсаттың қаңтар айындағы қабілеттерімен салыстырғанда 50%-ға артты. Зерттеу нәтижесі бойыншы ұжымның жеке адамның жағымды қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпалын тигізетіні дәлелденді.
Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс барысныда пәнге деген қызығушылық артатындықтан, бұндай іс шараларды жиі ұйымдастыры, немесе әр сабақта кішігірім ойындарға көп көңіл бөлу;
Ұжымдық шығармашылық істі тек бір сыныптың аясында ғана емес, басқа сыныптар арасында жиі ұйымдастырып тұру, бұл әдіс бір сыныптың жұмыла жұмыс істеуіне және өз сыныбының абыройын сақтауға, әрі жауапкершілікті сезінуге жетелейді;
Ұжымдық шығармашылық іс барысында кемсітушілікке жол бермеу;
Шығармашылық істе көрнекі құралдарды кеңінен пайдалану, әрі оқушылардың осы көрнекі құралдарды қамтамасыз етуге атсалысуға тарту;
Ұжымдық шығармашылық істің тақырыбын алдын-ала оқушыларға баяндап, осы тақырып бойынша оқушылардың өз ойларымен бөләсуге шақыру немесе, үйде өз алдына ізденіс жүргізіп, өз ұсыныстарын ұсынуға мүмкіндік беру керек;
Қорытынды
Қортындылай келе, зерттеу жұмысымыз көрсеткендей жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын,белгілерін көрсетті.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы- мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек, т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп педагогикалық ұйымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. бұлардың барлығын бастаушы ұжымдар деп атайды.
Курстық жұмысты орындау барысында алға қойылған мақсат жүзеге асырылды.
тақырыпқа байланысты «балаға » және «оқушылар ұжымына » сипаттама берілді;
тақырып мазмұнына бағытталған ұлы педагогтар мен ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынды;
үлгілі, тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибелерінен мысалдар келтіріліп, сұрыпталды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетті. Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінді. Сондықтан, оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын байланыстыра ұйымдастыруына тығыз байланысты. Қорыта айтқанда, ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.
