Бизнес объектісінің сипаттамасы
Қоян шаруашылығы агросектордағы ең кірісті саланың бірі болуы тиіс деп есептеймін. Сөздің шыны керек, жылдар күткізбей жылдам өнім беретін өндірісті дамыту керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Қалқанқұлақтардың көл-көсір табыс көзі екеніне енді көз жетіп, қолға алына бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ. Өз уақытында қоян өсірумен айналысқан адамдардың пікірінше, бұл саланың экономикалық тұрғыдан өте тиімді екендігін атап өткенді.
Сөздің шыны керек, жылына 3-4 мәрте төлдейтін қоянның еті де терісі де тиімді екендігіне дауа жоқ. Яғни, «басынан бақайшағына» дейін тұнып тұрған ақша. Қоян шаруашылығының тағы бір, өзге де шаруашылықтармен салыстырғандағы артықшылығы, егер жаңа технологиямен өңдесе, қоян терісі құнды шикізатқа айналады. Одан түрлі сырт киімдер тігуге болатындығы баршаға аян. Осылайша «бір оқпен екі қоянды атып алуға» болады. Демек, «Бір жылға қоянның терісі де жарайды» деген қазекемнің ескілікті көзқарасының күні өткен. Бүгінде Алматының түбіндегі «Қоян» ЖШС-ның іскерлері қоян терісінен балалар тонын тігуді меңгергендігі соның айғағы іспетті. Қоян терісінен тігілген тондардың қай кезеңде де сәннен қалмайтынын ескеріп өткендігім артықтық етпес.
Жеке шаруашылықта үй қояндарын ұстаудың көптеген тәсілдері бар, соларға жеке жеке тоқталып өтсек. Бір өңірлерде кең қораларда оларды еркін ұстау әлі де қолданылады. Бірақ бұл тәсілдің өз кемшіліктері баршылық. Ең біріншісі - көжектеудің бақылаусыз қалуы, өйткені әртүрлі жастағы еркектері мен ұрғашылары бір жерде ұсталады, сондай‑ақ ұрғашы қояндар өздерінің ұяшығын терең ін етіп жасайтындықтан, жаңа туған көжектерді алу да оңайға соқпайды. Үй қояндарын бұлай асырау тиімсіз.
Ең тиімдісі - үй қояндарын жеке немесе топтық торларда асырау, және де бұл менің «Калифорниялық» элиталы қояндарды ұстауға пайдаланылатын шешімім болып табылады.
Қоян торларын ағаштар отырғызылған құрғақтау учаскелерге орналастыру қажет. Торды аймақтағы қолжетімді кез келген құрылыс материалынан жасауға болады. Тор конструкциясы жағынан қарапайым, жануарларға ыңғайлы, әрі оларды асырауға, яғни жем беруге, қояндарды бақылауға, астын тазалауға қолайлы болуы керек. Ең дұрысы - жерден 0,8 -1,0 метр биіктікке орналастыру. Торлар бір немесе екі орындық болуы мүмкін, бірақ сәйкесінше 1 орындық тиімді деп есептеймін.
Ендігі кезек үй қояндарының көбеюге дайындығына тоқталсақ. Жалпы бұл көбею кезеңі 3-3,5 айында басталады, бірақ оларды бұл жаста шағылыстыруға болмайды, өйткені олардың ағзасы әлі де толыққанды қалыптасып бітпейді. Ірі тұқымды ұрғашы қояндарды бес айлығында салмағы 3,5 кг. болғанда, ал орташа тұқымдыларды төрт айдан асқанда, салмағы кемінде 2,5 кг- ға жеткенде шағылыстыру ұсынылады. Қояндардың өмір сүру ұзақтығы 5-8 жыл, бірақ олардың өнім беруі үш жылды құрайды, өйткені жасы ұлғайған сайын қояндардың көбею мүмкіндігі төмендейді.
Қояндар көбеюінің жоғары интенсивтілігі олардың көп көжектеуімен (бір ұрғашысы 8, жекелеген жағдайларда 14-ге дейін көжектей алады), буаздылығының қысқа мерзімдігімен (30 күн), ерте физиологиялық жетілуімен және буаздық пен сүттілікті қатар алу мүмкіндігімен байланысты, бұның бәрі бір ұрғашы қояннан жылына 3-4 көжек алуға мүмкіндік береді. Ұрғашылары жыл бойы төлдей береді, тек күзде ғана олардың шағылысу белсенділігі біршама төмендейді.
Қысқы мезгілде көжектеуге дейінгі бес күн бұрын қораны жылылайды, тордың бұрышына аналық ұяны - ауқымы 55х30х20 см болатын жәшікті орналастырады және оны сабанмен толтырады. Ұядағы төсеніш құрғақ, жұмсақ, таза болуы керек.
2-сурет. «Қоян діңі»
Қояндар әдетте (негізі оншақты) жалаңаш, көзі жұмулы және құлағы естімейтіндей туылады. Ұрғашы қоян туғаннан кейін ұя жәшігінен шығысымен көжектердің тірі екенін тексеру керек. Ұрғашы қоян өзінің көжектерін қорғау үшін біршама ашулы болуы (бұл сирек кездеседі) немесе долдануы мүмкін. Оны ызаландырмаңыз, оның назарын басқа жақа аударыңыз, мысалы көжектерден алысырақ әкету үшін сүйікті тағамын (алма) беруге болады. Өлі көжектерді (суықтарын) немесе қатты ауруларын алып тастаңыз, осы арқылы сіз қалған сауларын қорғай аласыз.
Енді Сізге тордағы тазарту жұмыстарын, әдеттегіден бөлек, екі есеге арттыру қажет, өйткені жаңа туған көжектерге гигиена өте маңызды.
Алғашқы күндері көжектерді тамақтандыру туралы бас қатырудың қажеті шамалы, олар ана сүтімен қоректенеді. Бірақ бірқатар маңызды мәселелер баршылық. Қоректендіру процесі кезінде ұрғашы қоянның назарын аударатын адамдар, шу секілді факторлар болмау керек, себебі бұл жануардың өз көжектеріне деген қарым-қатынасына жағымсыз әсер етеді.
Көжектер сүтке тойып жүргенін қалай білуге болады? Жеткілікті деңгейде сүт ішкен көжектің іші томпақ, шымыр, тартылған, қатпарсыз болып тұрады. Егер көжектерге сүт жеткіліксіз болса, оларға сурогат ана бола тұруға тура келеді.
Жасанды жемді әзірлеу үшін қоспаны 53% құрғақ майсыз сүттен, 32% іркіт ақуыздан, 12% кокос және күнбағыс майынан 1-дің 3-ке қатынасы бойынша және 3% мультивитаминдер және минералдық заттар қоспасынан жасауға болады. Қоспаны 37-38 C температурада жылытып, күніне бір‑екі рет тамызғышпен немесе шприцпен беруге болады. Егер жақын маңда құнарлы сүт алмастырғыш сатылса, ветеринармен кеңесіп көріңіз, бәлкім оны көжектерге беруге де болатын шығар.
Көжектерге негізгі жем беруіне тоқталар болсақ:
-Көк (шөптер, тамыржемістілер сабақтары, қырыққабат, күнбағыс жапырағы, топинамбур, жүгері сабағы мен жапырағы);
-Сөлді (тамыржемістер, бақша дақылдары мен бақша шаруашылығының қалдықтары, сүрлем);
-Қатты (сабан, собық, бұта жемі);
-Концентрлендірілген (арпаның, сұлының, бидайдың, жүгерінің, ірі бұршақтылардың астықжемі және қалдықтары: жом, шрот, аралас жем, кебектер);
-Ұсақталған (шөп ұны, жом, астық үгінділері, етсүйекті немесе балықты ұн және микроэлементтер);
-Минералдар (тұз, бор, сүйек ұны).
Қазіргі таңда, Дүниежүзінде қояндар мен кроликтер тұқымдасының 11 тобы тіркелгендігі мәлім. Әлем бойынша салпаң құлақтардың 100-ге тарта түрі мекендейтін көрінеді. Қоянға қатысты мақал-мәтел шығарудан алдына қара салмайтын қазекемнің «Қоянның өзін көр де қалжасынан түңіл» деген нақылы бүгінгі күнге жүрмейді. Расында қалжаға қарап қапа болуға болмайды. Тез көбейетін, жылына үш мәрте көжектеп, әр жолы 8-ден 14-ке дейін көжек табатын өсімтал жануарға бет бұрып, мол табыс тауып отырған шарауашылықтар бар бүгінде. Осы орайда оңтүстікте қолға алынып жатқан ілкімді істер баршылық. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында қолға алынған тың жаңалықтың бірі қоян шаруашылығы жуырда өзінің рекордтық көрсеткішін жария етпек. Олай болатын да жөні бар. Бес айдың ішінде қоян «отары» жеті есеге өскен. Көптен бері сұраныссыз мамандықтардың қатарынан орын алған зоотехниктер де осында екі қолға бір күрек тауып отыр. Құнды да диеталық етпен оңтүстікқазақстандықтарды ғана емес, өзге өңірлерді де толық қамтуға мүмкіндік бар дейді мұндағылар. Әзірдің өзінде бірлесе жұмыс жасауға Италия, Франция, Финляндия, Германиядан ұсыныстар түсіпті. 28 қосымша құнарлы дәрумендер қосылған жемді Ақтөбе облысынанда сатып алуға болады. Оны алыстан арбаламай-ақ, жақыннан дорбалауға мүмкіндік бар, осында-ақ өндіруге болады. Бірақ қолдау болмай тұр. Сапалы әрі экологиялық таза өнімге сусап отырған шақта қоян еті таптырмайтын деликатес болары сөзсіз. «Халал» стандарты бойынша диеталық өніммен демалыс орындары, балалар бақшасы, ауруханаларды қамтамасыз етуге болады. Балаларға арналған тағамдардың қосымша өндіріс ошағын ашуға да болар еді. Бірақ бұл әзірше өзегімдегі тұнған сұрақ болып табылады. Және де дәрігерлер бала 6 айға толғаннан кейін қоян етін беру қажет деп есептейді. Мұнда акселерациялық қояндардың «Калифониялық», «Кеңестік шиншилла» және «Күміс түсті» деп аталатын түрлері Қазан қаласынан жеткізіліпті. Мамандар «МИАКРО» технологиясы бойынша оқып, білімдерін жетілдіріргенді. Мұндағы жұмыстың басым бөлігін «ақылды автоматтар» атқарады деседі. Сондай-ақ, Түлкібас ауданына қарасты Керейт ауылында да қоян өсіру қолға алынғанды. Бұл өзге бизнес түріне қарағанда аса табысты іс. Экологиялық таза ет болған соң емдік қасиеті де мол. Аталмыш шаруашылық «Оңтүстiк» ӘКК жанындағы «Оңтүстiк» асыл тұқымды шаруашылығы ЖШС-інің ықпал етуімен ашылған. Бұл қояндар бұрынғы қояндардан өзгешерек, 3 есе жылдам көбейеді. Ретро-қоянның бiр жылда қосатын 4-6 келi салмағын акселераттар 4 айда жинайды екен. Бұл дегенің аз ғана уақыт ішінде ет өндірісін жолға қоюға болады деген сөз. Қалқанқұлақ қояндардың бір ерекшелігі - ешқашан ауырмайтындығында дейді-мыс. Яғни вакцина салынбайды. Сондықтан да, артық шығын шығарылмайды. Ал етiнiң дәмді болатыны да сол дәрі «жемегендіктен» екендігін мәлімдейді.
Бірақта, жоғарыда аталып өткен «МИАКРО» технологиясы бар болғаны маркетингтік қадам есептеймін. Өзінің өнімін өткізу үшін іс шара деп қарастырамын. Я осы тәсіл арқылы экологиялық таза өнімге жетуге болады. Бірақ «МИАКРО» технологиясы арқылы жетістікке жеткеніңмен, шаруашылықты одан әрмен дөңгелетіп, жетістіктерге жетуіңе кепіл бола алатындығымен, бірақ ондай қаражатты көбісінің қалтасы көтере білмейді. Ретро-қояндар генетикалық сараптаулар жүргізу арқылы қол жеткізгендігі мәлім. Бірақта бұл қалқанқұлақтардың ешқашан ауырмайтындығы шындыққа жанаспайды. Қоянға егілген вакцинаның адам денсаулығына ешқандайда зиян тигізбейтіндігін айқындап өтейін. Вакцинаны кезі келген жануар атауына салынатындығын мүлтіксіз шындық екендігі белгілі. Бұл жоғарыда аталып өткендері бизнес объектісінің қағаз жүзіндегі сипаттамасы болып табылады. Шынайы өмір келбетіндегі, яғни іс жүзінде және де теория жүзіндегі қоян шаруашылығын ұштастыра білуді жөн санадым. Неліктен 2 бір-біріне қарама-қарсы пікірді жазғандығым туралы, потенциалдық тәуекелділіктер бөлімінде қарастыратын боламын.
Вакцина салудың өзі іс жүзінде артық шығынға батпайтындығыңызға кепіл бола алады. Яғни кейбір дерт түрлеріне қарсы ең негізгі, жалғыз амал, шипа бола алалатындай күйде болып отыр.
Қоян шаруашылғымен айналысатындардың қатарымен, әзірше бұл шағын кәсіпкерлікті қолға алмағандардың пікірін ұштастыру арқылы жүйелі түрде осылайша көзқарас білдіргім келеді.
