Өндіріс жоспары
Бұл шағын кәсіпкерлікті ашу үшін қоянның саны 15 ке жетуі тиіс, 12 ұрғашы және де 3 еркек қоян болуы тиіс. Бұл процесті 1 жыл күту арқылы яғни 3 ұрғашы және де 1 еркек арқылы өтуге де болады. Немесе бірден қоян шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардан сатып алуға болады. Бұл процесс қоянды сатып алынған кейін немесе сәйкесінше түрлі сұрыптаулар жасалған сәттен кейін бастау алады. Ескере кететін бір жағдай, егерде 1 өндірістік циклда көжектердің саны 100 ден асып, 200 ге жетсе, яғни бұл сәтте шығындардың саны 3 еселенеді. Жалдамалы жұмысшыларға еңбекақысын төлеу бұған 1 мысал есебінде болады.
Қоян шаруашылығын ұйымдастыру үшін 15 клетка қажет, олардың әрқайсысының құны 15000 тенгені құрайды. Осы клеткалар үшін 12 ұрғашы және 3 еркек қоян қажет. Клеткалар жабық, желдеткіш (вентеляция) орнатылған жерде орналасады. Клеткаларды орналастыру үшін бетонмен жабылған жер керек, себебі жердің ағаш едендері шіріп, астында лай жабысады.
Қояндарды орналастыру үшін 48 м2 барлық клеткаларды орналастыру үшін жеткілікті мөлшерде.
4-сурет. Қояндарды сарайда ұстау (илюстрация)
Қояндарды сатып алу шығындары. Әдеттегідей ұрғашы мен еркек қояндар керек. «Калифорниялық» тұқымы элиталы, себебі оның салмағы орташа болғанымен, бірақ салмақ жинауы өте жоғары дәреже де. Бұл жерде неғұрлым көп болса, соғұрлым тиімдірек нарықтың заманға сай сөзі пайдаға аспайды. Атап айтар болсақ, алып тұқымды қоян өсіру шаруашылықты одан әрмен жүргізу үшін басты кедергі қатарынан.
Таңдап алынаған көжектерді іріктеуден өткізіп, соны біз өсіреміз. Бір қоянның құны 5000 теңге. Бізге қажет:
12 бас Х 5000 тенге = 60 000 тенге
Бір еркектің құны 2000 тенгені құрайды.
12 қоян ұрғашысы үшін 3 еркек қоян жеткілікті.
Олардың құны: 3 бас Х 2000 тенге = 6 000 теңге.
Өндірістік циклдың жалпы сипаттамасы.
Өндірістік цикл 122 күнді немесе 4 айды құрайды. Осы уақытта көжегі 4,5 кг тірі салмаққа жетеді, соның ішінде 2,5 кг таза ет. Осыдан кейін өнімді сою және өткізу басталады. Бір жылда 3 өндірістік цикл бар, оның ішінде ұрғашы қоян 24 қоянды шығарады, яғни 1 көжектеген сәтте орта есеппен 8 көжек дүниеге алып келеді.
Кәсіпорынның жоспарлы өнімділігі - 288 жылына бас. 12 қоян 1 жылда 3 өндірістік циклдан өтеді. Бұл сандарды қайдан алды десеңіз. Яғни 12 х 3 х 8 =288. Айналым қорларын талдау. Айналым қорларына келетін болсақ, оларға өнімнің қорытынды шығуына қажетті материалдар жатады. Осы шағын кәсіпкерлікте айналмалы қорларға қоянға арналған жемдер жатады. Қояндар тек шөп пен түйіршектелген жеммен қоректенеді. Бір қоянға 12 кг түйіршектелген жем мен 6 кг шөп бір циклға (122 күн) қажет.
2-кесте. Бір қоянды ұстауға кеткен шығындар
Өнім түрі |
1 кг бағасы |
1 өндірістік цикл нормасы, кг |
Күндік норма, кг |
Айлық норма, кг |
1 цикл құны, тенге |
Түйіршектелген жем |
55 |
12 |
0,100 |
3 |
660 |
Шөп |
4 |
6 |
0,050 |
1,5 |
24 |
Барлығы |
|
|
|
|
684 |
Бір циклде қояндарды өсірудің жоспарлы шығындары: 96 Х 684 = 65664 тенге / Цикл.
Бұл технологияны қолданған кезде қояндар ешқашан ауырмайтындығына кепіл болады, оны потенциалдық қауіптер және де қаржылық жоспар бөлімінде қарастыратын боламыз. Бұдан өзге егуге деген және дәрумендерге деген қажеттіліктерді келесі бөлімдерінде қарастыратын боламыз. Ал мұнда бар болғаны құрама жемі мен шөбі есепке алынған. Түйіршектелген жемге және шөпке деген қажеттілік бір өндірістік циклға есептелінген.
