Қаржылық жоспар
Бұл операция орындау барысында ұсынып отырған бизнес планның тиімділігін анықтау болып табылады. Табыс пен шығындардың жиынтық балансын қарастыратын боламыз:
Табыстар: 1 өндірістік цикл кезеңіндегі табыстарды есептеу болып табылады. 1 жыл ішінде 3 рет өндірістік циклдан өтеді, яғни әрбір өндірістік цикл 4 ай немесе 122 күнді құрайды. Төменде көрсетілген кестеде 1 өндірістік циклдағы табыс есепке алынған. 96 қоянға байланысты.
5-кесте. 1 өндірістік циклдағы табыс (96 қоянға байланысты)
Өнім |
Өткізу көлемі, бірлік |
Өткізу бағасы |
Табыс теңге |
Ет (кг) |
240 |
1200 |
288 000 |
Тері (шт) |
96 |
200 |
19 200 |
Компост |
1728 |
3 |
5 184 |
1 өндірістік циклдағы табыс |
|
|
312 384 |
Ендігі кезек 1 жыл ішіндегі, яғни 3 өндірістік циклден түсетін табыстар. 288 қоянға байланысты.
6-кесте. 3 өндірістік циклдағы табыс (288 қоянға байланысты)
Өнім |
Өткізу көлемі, бірлік |
Өткізу бағасы |
Табыс теңге |
Ет (кг) |
720 |
1200 |
864 000 |
Тері (шт) |
288 |
200 |
57 600 |
Компост |
10 800 |
3 |
32 400 |
1 жыл ішіндегі табыс |
|
|
954 000 теңге |
Шағын кәсіпкерліктің шығындарына тоқталсақ, төмендегі кестеде бастапқы жылға, яғни 1 жылға шығындарды есептейтін боламыз:
7-кесте. 1 жылдағы шығындар
Шығындар |
Көлемі, теңге |
Түйіршектелген жем және шөп |
196 992 |
Қоянға арналған клеткалар, 15 дана |
225 000 |
«Ниппельді су ішкіш», 15 дана |
1 500 |
«Бункерлік астаулар», 15 дана |
15 000 |
«Калифорниялық қоян», 15 дана |
66 000 |
«Миксаматоз» және «ҚВГА» қарсы вакцина 1х10дана=30 дана |
30 000 |
Барлығы |
534 492 теңге |
Келесі жылдар үшін тек қана жем мен шөпке және «Миксаматоз» бен «ҚВГА» қарсы вакцинаға шығындалады.
8-кесте. Келесі жылдарға шығындар
Шығындар |
Көлемі, теңге |
Түйіршектелген жем және шөп |
196 992 |
«Миксаматоз» және «ҚВГА» қарсы екпе 1х10дана=30 дана |
30 000 |
Барлығы |
226992 |
Табыс - Шығын = Таза пайда
Осы формуланы пайдалану арқылы таза табысты есептеп шығарамыз. 954 000 - 534 492 = 419 508
Келесі жылға таза табысты табу үшін дәлме дәл осы формула пайдаланылады.
954 000 - 226992 = 727 008
Таза табыс жалпы = 1жыл + 2жыл + 3жыл + N + …
Осы формула арқылы бұл қоян шаруашылығына байланысты, бұл шағын кәсіпкерліктің таза табысты бірнеше жылдарға есептеп шығаруға болады.
419 508 + 727 008 = 1 146 516
Қоян шаруашылығына байланысты шағын кәсіпкерлік өзіндік құнын 2 ші өндірістік цикл кезеңінде, яғни 8 айда ақтап шығады. Бұл шамамен 244 күнді құрайды деуге болады, бірақ бұл жоғарыда атап өтілгендей 12 ұрғашы және де ұрғашы және де 3 еркек қоянды іріктеуден өткізген сәттен соң орын алады. Яғни өндірістік цикл орын алады.
Егерде мүмкіндік болса, неше түрлі маркетингтік қадамдарға баруға болады. Бұл жоғарыда аталып өткен қаржылық жоспардан тыс жүзеге асады.
Өйткен себеп калифорниялық қоян элиталы тұқымды болғанды себеп, әрбір өмір сүрген 1 айы үшін 1500 теңге талап ететіндей жетістіктерге жетуге болады. Бұл қаржылық жоспардан тыс болуы тиіс болуы деп санаймын. Өйткен себеп мұны арнайы математикалық немесе арифметикалық формулаға салу қиын болады. Әсіресе калифорниялық қоян көжектеріне деген сұраныс көктем айларында жоғары дәреже де болады. Егерде басқа тұқымдармен қан аралыстырар болсаң осы кезеңде бармақ тістер жағдайға тап боларың айдан анық. Тұқымдардың араласу себепті де, өзіндік құнын жоғалтып алады. Тұқым жалғастыру үшін іріктеулер жүргізуге болады. Нарықтық талаптарға сәйкес сапаның жоғары дәреже болуы, өнімнің өтімділігіне кепіл бола алады. Тұқым жалғастырар бөлігін көжек кезеңінен іріктеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл шамамен әрбір 100 көжектің 30% болып табылады. Осы 30% сатылымға жөнелтілетін көжектердің қатарынан болуы тиіс. Бірақта арнайы формуланың болмауы қанжылтқанымен, бұл уақыттың еншісіне тапсырылады. Осылайша іс жүзінде толассыз қауіп қатер жағдайлар орын алса, мәселені шешудің қаржылық жоспардан тыс мүмкіншіліктері бар.
Қоян шаруашылығы барынша қиыншылық тудырғанымен, мұны іс жүзінде жүзеге асыру, кез келген азамат пен азаматшаның қолынан келетін іс екендігі ақиқат. Осылайша әрбір қазақстандық қазақстан нарығын экологиялық таза өнімге толтыратын болса. Яғни әрбір қазақстандық шағын және де орта кәсіпкерлікті қолға алатын болса. Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруіне кепіл бола алады. Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына кіруіне бірге қадам жасайық!
