- •1.Көздің сәуле сындырғыш орталарынан сәуле қалай өтеді? Рефракция, аккомодация құбылыстары, олардың кемістіктері.
- •2, Жарықты, түсті қабылдаудың механизмін сипаттаңыз, олардың қарапайым бұзылыстары.
- •3. Фоторецепция механизмы (торлы қабаттадағы фотохимиялық процестер).
- •4.Ортаңғы құлақ құрылымдары арқылы дыбыс берілуінің механизмі.
- •5. Кортиев мүшесінің құрылысы. Перилимфа мен эндолимфаның құрамы мен қасиеттері.
- •6. Вестибулоспиналдық, вестибулоокулярлық, вестибуломишықтық жүйе, олардың организмде вегетативтік қызметтерді реттеудегі маңызы.
- •7. Дәм сезу, иіс сезу сенсорлық жүйелерінің рецепция механизмдері. Организмдегі маңызы.
- •8. Тері рецепциясы, оның механизмі.
- •10. Ұйқы мен гипноз ерекшеліктері. Ұйқының кезеңдері (орто- және парадоксальдық ұйқы). Ұйқының нейрохимиялық механимзі.
- •9. Зерденің түрлері және қалыптасу механизмі.
- •1.Көздің торлы қабығының қабаттарының физиологиялық маңызы неде?
- •2. Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.
- •3. Ұйықтау мен оянудағы нейромедиаторлардың, пептидтердің және биологилық активті заттардың маңызы.
- •4. Шартты рефлекстердің жіктемесі. Шартты рефлекстің түзілу заңдылықтары (шарттары).
- •5. Есту анализаторын сипаттаңыз. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың оррганизмдегі маңызы.Есту анализаторының адамның сөйлеу қабілетімен байланысы туралы.
- •6. Дәм сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы
- •7. Аносмия, паросмия, дизосмия, иістік галлюцинациялар.
- •9. Тілдің дәм сезу картасы. Дәм сезу емізікшелерінің жіктемесі.
- •10. Иіс сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы.
- •11. Теріде орналасқан рецепторлардың құрылысы мен жіктемесі.
- •2. Қарашық рефлексін зерттеу
- •3. Ольфактометрия жүргізу
- •4. Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өткізгіштігін анықтау
- •5. Аудиометрия жүргізу
- •6. Температуралық сезімталдылықты анықтау (эстезиометрия)
- •7. Дәм сезу табалдырығын анықтау (густометрия)
- •8. Тері терморецепторларының жоғарғы және төменгі температуралар әсеріне бейімделуін анықтау
- •9. Түстерді араластыру тәжірибесін жүргізу
- •10. Көз аккомадациясын анықтау
- •11. Мариотт тәжірибесін жасау (соқыр дақты анықтау).
- •12. Есту өткірлігін ориентациялық бағалау
- •13.Дәм сезу рецепторларының функционалдық мобильділігін анықтау
- •14.Иіс сезу,дәм сезу және көру сенсорлық жүйелерінің байланысын анықтау
9. Зерденің түрлері және қалыптасу механизмі.
Ми қызметінің ең тартымды құбылыстарының бірі, оның қабылдаған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделік қабілеті. Зерде дегеніміз жүйкенің ақпаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үрдістерінен тұрады. Еске қалдыру кезінде сыртқы және ішкі орта әсерлерінен мида ізжазбасы қалады. Оның ерікті және еріксіз түрлері болады. Біріншісі адамның санасы арқыклы тқарылады. Еске сақтау кезінде мәліметті түйсік басталған сәттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап тұрады. Еске сақтау үрдісі адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне, ниеттеріне байланысты.
Еске түсіру сақталған ақпаратты тауып, ойға алу қасиеті. Бұл белсенді және күрделі құбылыс. Осыған орай зерденің күші және деңгейі анықталады. Зерденің генотиптік және фенотиптік түрлерін жіктейді. Генотиптік зерде шартсыз рефлексті, ырықсыз сезімді және имиритингті қалыптастырады. Фенотиптік зерде тірі организмнің жеке дамуы кезінде иемденген мәліметтерін өңдеу және сақтау қасиетін жүзеге асырады. Зерденің көлемі 60 жаста 10(13) – 10(16) бит болғанда, оның тек 5-10%-і пайдаланылады. Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай , мезеттік қысқа мерзімді және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Мезеттік зерде әсердің іздерін қабылдағыш құрылымында бірнеше секунд сақтай алады. Мұндай іздердің ұзақтығы жеке ауқымды тітіркенгіштің әсер етуші күші мидағы қабылдаушы құрылымдардың күйіне байланысты болады. Қысқа мерзімдік зерде ағымдағы өтіп жатқан мінездік және ойлау амалдарын қамтамасыз етеді. Қысқа мерзімді зерденің жуырдағы және амалдаудағы – оператимвтік түрлерін ажыратады. Адам зердесінің барлық түрі қисындық-мағыналық және сезімді-бейнелік болып 2 топқа бөлінеді. Бұлардың біріншісі елестетуге сүйеніп іс жүргізеді. Есте сақтау сипатына қарай фенотиптік зерденің бейнелік, қимыдық, эмоциялық және шартты рефлекстік түрлерін ажыратады. Сонымен қатар зерде ерікті және еріксіз деп те бөлінеді. Зерде ми қыртысының маңдай бөлігі, сезгіштік және ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Зерде қалыптасар кезде жасалатын нейронаралық уақытша байланыстардың тетіктері әлі белгісіз. 1. Нейрофизиологиялық себепкерлік. Серпіністің үйіріліскен ізжазбасы ми қыртысы мен лимбия жүйесіндегі нейрондардың тұйықталған шеңберінде айналма қозғалысынан қалыптасып, кейін оларда нейроглия қатысуымен берік бекітіледі. 2. Нейромедиаторлық жүйелер. Ұзақмерзімді зерде қалыптасуында синапстың өткізгіштігі үшін биологиялық дәртті заттар маңызды орын алады.3. Биогендік аминдер. Моноаминергиялық жүйелер ұзақмерзімді зердені қалыптастырады.
10. Ұйқы мен гипноз ерекшеліктері. Ұйқының кезеңдері (орто- және парадоксальдық ұйқы). Ұйқының нейрохимиялық механимзі.
Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. ¥йқыға мұқтаждық адамның жасына жэне жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент-21,6 айлық жэне 1 жастағы бөбектер шамамен-14, 2-4 жастағы сэбилер 16, 4-8 жастағы бүлдіршіндер 13-12, 8-12 жастағы естиярлар – 10-11, 12-16 жастағы жеткеншектер 8-9, ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
¥йқыға мүқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың үйқысының мерзімі әртүрлі келеді. Тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдарда байқалады.
Ұйқы кезіндегі физиологиялық өзгерістер.
Организмнің үйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы түрлері, олардың сипаттамалары.
Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.Сонымен қатар ұйқы баяу жэне жылдам болып бөлінеді. Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік жэне ЭЭГ белгілері мен сипатталады.Жылдам ұйқы сатысы бет және мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тиылуымен ерекшеленеді, көздің шапшаң қимылдары кездеседі.
Ұйқы механизмі.
Ұйқы орталығы қағидасы мидің қыртысасты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы орталықтарыың барлығын мақұлдайды.Ұйқы организмді сақтау жэне оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік жиі қолданылады.
Гипноз сергектік жағдайды жасанды түрде өзгертуден туындайды. Гипноз ерік білдіру бостандығын шектеп, біреудің еркіне бағынуды күшейтеді. Егер жауап алынушы адам келісім берсе де, гипнозды тергеу кезінде қолдануға жол берілмейді.[1]
Гипноз (лат.hypnos -ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырландыруымен сипатталады, мұның өзі индивидуумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Гипноз гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде немесе мақсаткерлікпен өзін-өзі иландырудан пайда болады. Гипноздық жағдайдың өздігінен болатын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тән сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан кейінгі амнезияның болуы (Гипноз сеансының мазмұнын, сондай-ақ гипноздау фактісінің өзін еріксізден ұмыту). Гипноз жағдайында субъектіге оған сананың әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін. Мұның қабылдау саласына (жағымды және жағымсыз иллюзиялар), ес саласында (бүған дейінгі өмірде болған оқиғалар мен фактілерді ұмыту не еске түсіру, жаңа материалды есте сақтау процестерінің белсендірілуі), зейін саласында (зейіннің шоғырлануы мен бөлінуінің артуы), ойлау саласында (қалыпты логиканың бұзылуы немесе шығармашылық сипаттың артуы), тұлғаға қатысты әсері болуы мүмкін (мотивацияның, дағдылардың, көңіл-күйдің, кейбір тұлғалық сипаттамалардың өзгеруі, басқа адам бейнесінің иландырылуы, субъективтік уақытты ауыстырып-түйістіру). Мұндай өзгерістердііі бар екендігін арнаулы физиологиялық сынамалар мен психологиялық тестілер растайды. XIX ғасырдың ортасына дейін гипноз туралы түсініктер гипноздаушы ерекше "флюидтер" немесе толқындар таратады деп ұғынуға негізделді. И.П.Павловтың еңбектерінде гипнозға материалистік түсінік берілді. Физиологиялық теориялар гипнозды орталық жүйке жүйесінің тән сипатты күй деп қарастырады. Психологиялық теориялар гипнозды субъектінің қалыпты санасының ерекше жағдайларда өзгерген түрде функция атқаруы деп пайымдайды. Психотерапияда жанжалдарды және тұлға ұстанымдарын гипноанализдеу секілді арнаулы әдіс қолданылады. Гипноз техникасын қолдану субъект санасының функция атқаруының әр түрлі деңгейлері кезінде мінез-құлықты эксперименттік әдіспен зерделеуге мүмкіндік береді. 1. Гипноз, арбау; 2. Гипноз арбап ұйықтату, еркінен айыру; гипнозбен емдеу. Сендірудің ықпалымен сананың уақытша бөлініп тасталуы немесе өзінің қылықтарын саналы бақылаудан айыру. Гипноз — жасанды жолмен келтіретін ұйқыға ұқсас күй.
ОРТАША ДЕҢГЕЙ
