Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-blok_fiz_zhauaptary-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆

5. Есту анализаторын сипаттаңыз. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың оррганизмдегі маңызы.Есту анализаторының адамның сөйлеу қабілетімен байланысы туралы.

Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұраұы. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ — қабылдаушы бөлімі. Сыртқы қулақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан түрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жарғағы бөліп тұрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері — балғашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал узеңгі — ішкі құлаққа баратын солақша тесікті жауып түратын жарғаққа бекиді. Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекгі қалқанда екі тесік болады. Олар жүқа дәнекер үлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім тутіктер (улу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікгі -саға (кіреберіс) терезесіді деп атайды. Сүйекті лабиринт үш құрылымнан — сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (үлудан) және жартылай дөңгелек түтікгерден, — тұрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай доңгелек түтіктер тепе-теңдік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.Саға — кішқентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға болінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелектүтіктермен, ал дөңгелек қапшық — иірімді түтікпен жалғасады.Иірімді тутік (улу) — орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айнальш жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембранасы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға — сопақша тесіктен басталаіын сага өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді тутік өзегінс, — бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің тобесінде бір-бірімен тар тесік — геликотрема, — арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мүнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.Корти мушесі — күрделі құрылым. Ол негізгі мембра-наның ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен суйеніш жасушалардан қүралады. Есту жасушаларының үшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір үшы сүйекті түлғаға жалғасқан, екінші үшы бос жататын жабынды табақша орналасады.

6. Дәм сезу сенсорлық жүйесінің морфофункционалдық құрылысы

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]