Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-blok_fiz_zhauaptary-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆

1.Көздің торлы қабығының қабаттарының физиологиялық маңызы неде?

Торлы қабық күрделі көп қабаты құрылымы бар көздің ішкі қабығы болыпс аналады. Осы жерде әрекеттік мағынасы өзгеше екі түрлі көру қабылдағыштары-таяқшалар мен сауытшалар орналасқан ж/е көптеген өсінді бұтақтары бар жүйке клеткаларының бірнеше түрлері кездеседі. Жарық сәулесінің әсерінен қозу рецепторларында фотохимилық әсерленіс пайда болады,ол көздің жарық сезгіш пигменттерінде болатын өзгерістер.Бұл көру рецепторларын қоздырады ж/е одан әрі таяқшалар мен сауытшалар байланысқан нейрондарда қозу шығарады.Осы клеткалар көздің негізгі жүйке жүйесін құрастырады,ол арқылы көру хабарларын мида орналасқан орталыққа жеткізеді ж/е оның талдануы мен өңделуіне қатысады.Сөйтіп көздің торлы қабығы мидың шеткі бөлімі болып табылады. Торлы қаб-ң сыртқы қабаты пигменттік

Эпителиймен жабылған оның ішінде фусциндеген пигмент бар.ол жарықты сіңіріп, оның шағылысуына ж/е шашырауына кедергі жасайды, көру түйсігін анық етеді.Пигменттік эпителийдің ішкі жағынан фоторецептор қабаты жалғасады,олардың жарық сезгіш мүшелері жарыққа қарама-қарсы бетке орналасады.Адам көзінің торлы қабығында шамамен 6-7млн сауытша ж/е 110-125млн таяқша болады.Олар торлы қабық бетінде әркелкі орналасады.Сауытшалар әртүрлі түстерді қабылдайды.Көру жүйкесінің көз алмасына кірген жерінде жарық қабылдағыш клеткалар болмайды,сондықтан ол жарық сезбейді, осы жерді соқыр нүкте деп атайды.Торлы қаб-ң жарық рецепторлары орналасқан қабаттың ішкі жағында биполярлық нейрондар жатады,оған ішінен ганглиоздық нейрондар жалғасады.Адам көзінің торлы қабығында шамамен 6-7 млн сауытша және 110-125 млн таяқша болады.Таяқшалар мен сауытшалар торлы қабықта әркелкі орналасады.Торлы қабықтың орталық шұңқырында тек қана сауытшалар болады, осы жерді сары дақ деп атайды. Торлы қабықтың шеттеріне қарай сауытшалар азайып, таяқшалардың саны көбейеді.

2. Эмоцияның мінез-құлықтық және вегетативтік сипаттары.

Эмоция – жоғары жүйке іс-әрекеттерінің көріністеріні бірі. Адам мен жануар психикасының ерекше көріністерінің бірі –эмоция. Эмоция мінезді бағыттау жэне жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады. Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы кейпі, мәнерлі күрсіну, дауыс ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама қарсылықтан байқауға болады. Эмоция қалыптсуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады. Эмоция кезінде адамның есте сақтау қоршаған орта әсерлерін қабылдау қабілеті жоғарылайды. Эмоция түрлері, эмоциялық реакцияларды тудырушы факторлар. Эмоцияның бір неше түрі бар :

1.Биологиялық эмоция- әртүрлі тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады.

2.Жоғары эмоция – әралуан рухани әрекеттерінен туады.

3.Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептермен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады.

4.Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі.

5.Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.

6.Нағыз эмоция ұзақ уақыт жэне әлсіз түрде болады.

Эмоцияның организм тіршілігіндегі орны.

Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс жэне эмоциялық көрініс іспеттес әсерленістерден тұрады. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін өзіндік сезінісін айтады. Организмнің дененің сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі: симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңееді, организмда тотығу жэне энергия құбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламин, пептидтер жэне глюкоза мөлшері көбейеді. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары. Эмоция қалыптасуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады. Эмоция кезінде гипоталамус – гипофиз- бүйрек безі, сондай-ақ симпато – адреналдық жүйелердің белсенділігі жоғарылап, қанда катехоламиндер және стероидтардың мөлшері артады. Бұл жағдайорганизмніңвегетативтікреакцияларыдамуынаәкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]