Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kds_emtikhan_2016.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

5. Ауылдық жерде ана мен баланы қорғаудың ерекшелігін түсіндіріңіз.

Ауылдық жерлердегі елді мекендерде орналақан тұрғындарға акушерлік гинекологиялық көмек фельдшерлік пункт , фельдшерлік – акушерлік пункт, ауылдық дәрігерік амбулатория , ауылдық аймақтық аурухана , аудандық әйелдерге кеңес беру емханасы аудандық перзентхана және орталық аурухана мекемелері арқылы көрсетіледі.

Аул тұрғындарына акушерлік гинекологиялық көмекті ұйымдастыру кезеңдік принцип бойнша жүргізіледі.

1-кезең. Көмекті фельдшерлік акушерлік пункттың , ауылдық дәрігерлік амбулаторияның және ауылдық аурухананың акушеркалары көрсетеді. Бұл сатыда акушеркалардың атқаратын жұмысы негізінен профилактикалық бағытта жүргізіледі. Оған гинекологиялық ауруларды, жүкті әйелдерді ерте анықтап есепке алу, алдын алу және жүктілік жағдайлар мен гинекологиялық аурулар асқынғанда оларды аудандық е деу алдын алу мекемелеріне дер кезінде емделуге жіберу жатады. Сонымен қатар қажетті жағдайда акушерка жедел жәрдем көрсетуге , ауыр жағдайда ауданнан жедел түрде маман дәрігер шақыртуға және науқаты аудан оралығына өзінің тікелей бақылауымен сүйемелдеп жеткізуге міндетті.

2-кезеңде акушерлік гинекологиялық көмекті ауылдық аймақтық аурухана мекемесеінің дәрігер акушер – гинекологы көрсетеді. Бұл мекемеде тұрақты акушер гинекологтың бақылау жүргізуі мүмкін болмағандықтан науқастар көбінесе стационарлық ем алуға аудандағы алдын алу мекемелеріне жіберіледі.

3-кезеңде акушерлік гинекологиялық көмекті аудандық әйелдерге кеңес беру емханасының , аудандық емхана , аудандық перзентхана және аудандық аурухана дәрігер акушер гинекологтары көрсетеді.

Жоғары мамандандырылған акушерлік – гинекологиялық көмек қажет болған жағдайларда жүкті әйелдермен гинекологиялық науқастардың аурулары асқынып жергілікті жерде емдеу шараларынан нәтиже болмаған жағдайда облыстық әйелдерге кеңес беру емханасына , облыстық перзентханаға және ғылыми зерттеу институттарының мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық орталықтарына жіберіледі.

Ауылдық жерлерде акушерлік гинекологиялық қызметті жақсарту бағытында орта буын медицина қызметкерлерінің акушерлердің, мамандық сапасын , біліктілігін арттырудың маңызы зор.

6.Менеджмент пен маркетингтің анықтамасын атап айырмашылығын түсіндіріңіз

Менеджмент- халықтың бірлескен еңбегі нәтижесінде пайдалы әрі тиімді болатын еңбекті басқарудың табиғатын, себебі мен салдарын, факторы мен жағдайын зерттейтін ғылым. Менеджмент тәжірибелік шығармашылықта қолдануға болатын көптеген ғылыми әдістері бар және халықтың басқару үрдісінде мақсатты түрде бағыталған шығармашылықтың заңы мен заңдылықтарына, теорияларына сүйенетін басқару ғылымы. Оның құрамына: сандық есептеулер, коммуникациялық жүйелер, әртүрлі технологиялық мәселелердің шешімі, талдау әдісі және тағы басқалары кіреді.

Ұйымдастыру үрдісі олардың өзара байланыстылығын, жүйелілігін және қажетті іс-әрекеттерін көрсететін жеті бөлімнен тұрады:

1. Ұйымдастыру жүйесінің мақсатын қалыптастыру.

2. Ұйымдастыру жүйесінің құрамын анықтау және мақсатқа жету үрдісін талдау.

3. Жүйенің құрылымын және қызметін жасау.

4. Басқару іс-әрекетін және басқару технологиясын жасау.

5. Құжат айналымының ретін, мәліметтердің өту жолдарын және көлемін, байланысын анықтау.

6. Техникалық заттарды қолдануды ұйымдастыру және таңдау.

7. Басқару қызметкерін және жетекшісін оқыту және іріктеу.

Менеджменттің элементтері:

1. Мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекемелердің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің кепілді орындалуынан, ұжымдар мен жетекшілердің іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер.

2. Адам қорлары – жетекшілер мен орындаушылар және олардың қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы дайындығы мен жетістігінің, инттелектуалды потенциялының, дағдыларының, игеруінің, білімінің жиынтығы.

3. Материалдық қорлар – қаржылық мүмкіндіктер.

4. Медициналық-технологиялық қорлар – медициналық мекемелердегі мамандардың инновациялық, клиникалық, басқарушылық мүмкіндіктері.

5. Тиімді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесіне немесе медициналық мекемелерге максималды пайдалы медициналық-технологиялық және материалдық, адами қорларды пайдалану.

Менеджмент – денсаулық сақтауда өзара байланыстылықты, оның жеке элементтерін анықтауды игеру және оны бірегей бүтін деп түсіну өнері болып табылады.. Ол, медициналық қызмет нарығы жоғары деңгейде қажеттілікті сезінетін бағытпен айналысатын медициналық мекемелердің қозғалысына алып келетін механизмдерді құруды игерумен қорытындыланады. Менеджмент – медициналық мекемелердің мақсатын жүзеге асыруға және олардың кәсіпкерлік қабілеттіліктерін жеке өмірлерінде толығымен қолдануына жағдай жасайтын адамдарға бағытталады. Өте қарапайым түрде, денсаулық сақтаудағы менеджмент дегеніміз - денсаулық сақтау үрдісін басқаруда мақсатқа жету үшін адамдық, материалдық және медициналық-технологиялық қорларды тиімді пайдалану.

Менеджменттің функциялары:

1. Жоспарлау – алдыға мақсат қою және оған жетудің іс-әрекеттерін таңдау үрдісі. Жоспарлау келесі элементтерден тұрады: мақсат қою; қорлар мен мүмкіндіктерді талдау; шараларды жасау және тарату; нәтижесін бақылау және баға беру.

2. Ұйымдастыру – орындаушылар мен бөлімшелердің арасында ұсынылатын іс-әрекеттердің көлемін бөлу үрдісі; мақсатқа жетудегі іс-әрекеттердің үйлесімділігі және басқарудың иерархиялық инфрақұрылымын қалыптастыру.

3. Қызметкерлерді басқару – қойылған мақсатқа жету үшін орындаушыны анықтау, оқыту, іріктеу үрдісі.

4. Көшбасшылық – қойылған мақсатқа жету үшін бөлімшелерді және орындаушыларды қызықтыру және талаптандыру.

5. Бақылау – өзгерістерді тұрақты бақылау, іс-әрекеттерді өз уақытында коррекциялау, нәтижелерін бағалау арқылы және де мақсатқа жетуді көздеуде жұмыскерлердің сәйкесінше өз үлестерін қосуды ескере отырып орындаушылар мен мекемелердің мақсатын қамтамасыз ету үрдісі.

"Маркетинг" (ағылшын тілінде - marketing) деген ұғымның негізінде «нарық» деген түсінік жатыр (ағылшын тілінде - market). Бұл түсінікті жалпы алғанда нарықтық іс-әрекеттерді жобалап пайымдайды.

Маркетинг – бұл өндірісті ұйымдастыру бойынша мамандардың халық қажеттілігін қанағаттандыруда алдын ала сұрастыру арқылы анықталған сұраныс және алдағы кірісті көздей отырып бағытталған, өнімді сату және қызметті жүзеге асыру бойынша жасалынатын кешенді іс-әрекеті. Маркетинг құрылымында ең маңызды элементі қажеттілік түсінігі болып табылады.

Маркетингтің мәні қысқаша айтқанда: тұтынушыларға және сұранысқа сәйкес өндіру. Маркетингтің негізінде бастапқы болып адам сұранысы мен қажеттілігі алға қойылады.

Маркетингтің мәнінен келесі ұстанымдар туындайды:

- өндіру-сату жұмысында соңғы тәжірибелік нәтижеге жету көзделеді. Нарықта тауарларды тиімді өткізу кәсіпорынның көздеген ұзақ мерзімді мақсатынада белгілі бір бөлшегін игеру мәніне сәйкес болуы;

- маркетингтік іс-әрекеттердің бағыттарын шешуде өткізудің, өндірудің және зерттеудің шоғырлануы;

- кәсіпорынның маркетингтік жұмысының ұзақ уақыттық нәтижесіне бағыттау. Бұл тауар нәтижесінің негізін өңдеу арқылы болжамды зерттеуге ерекше зейін қоюды талап етеді.

Маркетинг тұжырымы - нарықта сұранысқа ұсынылған және медициналық қызмет пен тауарларға сәйкес міндеттер мен мақсаттар қоюды қарасытыру.

Сұраныс – бұл белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір бағамен, оның кірісін, бағасын, салыстырмалы түрде алынған бағасын ескере отырып тұтынушының сұранысына ие болатын тауарлар немесе қызметтердің саны. Сұраныс тұтынушының әр түрлі бағамен сатып алатын өнімнің бағасымен байланысты және өнімнің санын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]