Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kds_emtikhan_2016.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆

12. Перзентхана бөлімдері . Жұмыс жасау ерекшеліктері.

Перзентхана – босанатын және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған стационарлық мекеме. Ол жеке және әйелдерге кеңес беру орнымен біріккен болады. Перзентхананың құрылымы: қабылдау-өткізу орны, ол санитарлық өткізу орны ретінде жұмыс істейді, физиологиялық акушерлік бөлімі, обсервациялық - акушерлік бөлімі, жүкті әйелдердің патология бөлімі, нәрестелерге арналған бөлім (палаталар), гинекология бөлімі, емдеу-диагностикалық бөлімдері мен кабинеттері.

Перзентхана мен әйелдерге кеңес беру орнының тіркеу құжаттары: жүкті және босанған әйелдердің жеке картасы (111/у), нақты диагнозды тіркеудің статистикалық талоны (025-2/у), перзентхананың алмасу картасы (113/у), жүкті әйелдерді, босанатын және бала туған әйелдерді тіркеу журналы (002/у), жүктілікті тоқтатудың медициналық картасы (003-1/у), туу тарихы (096/у), нәрестенің даму тарихы (097/у), стационардағы туу туралы жазу журналы (010/у), стационардан шығу статистикалық картасы (066/у), стационардың төсек қоры және науқастарды қабылдау мен шығаруын есепке алу парағы (007/у), туу туралы куәлігі (105/у), өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106/у), перинатальды өлім себебінің дәрігерлік куәлігі (106-2/у).

Бұл жүктілікке байланысты (баланың біткен жеріне және ұзақтығына қарамастан), жүктілік кезінде немесе одан кейін 42 күн өткеннен кейін, сәтсіз оқиғадан немесе кездейсоқ жағдайлардан тыс жүктілікке байланысты асқынулардан болған - аналар өлімі, ол денсаулық сақтау жүйесінің және туушылдық жасындағы әйелдердің денсаулығының интегральды көрсеткіші ретінде аналар өлімі көрсеткіші алынады. Аналар өлімі екі топқа бөлінеді: 1) тікелей акушерлік себептеріне байланысты; 2) жанама акушерлік себептеріне байланысты (әйелдердің жүктілік кезінде болған аурулары акушерлік себептеріне байланыссыз, бірақ жүктіліктің физиологиялық әсерінен болған асқыну). Аналар өлімінің себептері кешенді түрде қаралады. Қазақстанда аналар өлімінің ең маңызды себебтері: экстрагенитальды аурулар, акушерлік қан кету, гестоздар, түсік тастау.

Балаларды қорғау мекемелері: амбулаторлық-емханалық (балалар емханасы, балаларға арналған тіс емдеу емханасы, балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы, ересектерге арналған жалпы аурухананың құрамындағы балалар бөлімшесі, перинаталды және неонаталды орталықтар), мамандандырылған мекемелер (балалар үйі, балалар санаторийлері, балалар яслиі, физикалық дамуы тежелген балаларға сүт дайындайтын мекеме).

13.Сау және ауру балаларды қабылдаудың ұйымдастырудың айырмашылықтары.

Балалар емханасында ең алдымен балаларды дұрыс қабылдаудан бастау қажет. Яғни сау және ауру балаларды қарау орындары бөлек орналасады. Сау балаларды қарап қабылдаған кезде оны толықтай медициналық сараптамадан өткізіп организм дұрыс қалыпта жұмыс істеп тұр ма? Кейбір жерлерінде ақау орын алмады ма? Біз соны анықтау мақсатында сау балаларға қарап қабылдау жүргіземіз. Сонымен қатар сау балаларға нақты көз жеткізіп көру үшін.

Ал науқас балалрды қабылдаған кезде оның қай жері науқастанды? Неден сырқаттанды? Асқынулар бар ? шұғыл жәрдемді сырқаты қажет етеді ме ? т.б жағдайларды есепке ала отырып науқасқа карап қабылдау жүргізеді. Соны анықтап , ары құарай дұрыс ем көорсетіп, науқасты сырқатынан айырып, жақсы нәтиже көрсетуге барынша жағдай жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]