- •3.Планиметр бөлік бағасын анықтау
- •1. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •3.Ситуациялық планды құру
- •2.Тура есеп
- •2.Электронды техеометрлерді қолдану аймақтары
- •2.Техникалық теодолиттердің тексермесі
- •3.Жарма дегеніміз не?
- •2.Кері есеп
- •3.Тура геодезиялық есептің мәні
- •3.Вертикаль бұрыштар мен теодолиттің но анықтау
- •3. Алаңдарды полярлық планиметрмен өлшеу
- •1.Горизонталь және вертикаль ара қашықтықтарды анықтауға жер қисықтығынын әсері
- •2.Кері геодезиялық есептің мәні
- •2.Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не? Және ол нүктенің ендігіне қалай тәуелді және өстік меридианға қатысты қалай тәуелді?
- •3.Магнит тілінің ауытқу бұрышы дегеніміз не?
- •Ендік және бойлық дегеніміз не?
- •2.Алаңдарды анықтаудың графикалық тәсілі
- •3.Карталар номенклатурасы.
- •1.Қиманың биіктігі және салынды деген не?.
- •2.Горизонтальдар бойынша нүктенің белгесін қалай анықтайды және берілген көлбеулікпен сызықты қалай жүргізеді?
- •2.Абсолютті биіктік
- •2.Горизонтальдар арасында жатқан бұрыштың биіктік белгісін қалай анықтаймыз?
- •3. Еңістік дегеніміз не және қандай формуламен анықтауға болады?
2.Тура есеп
3.Түсіріс түрлерінің жіктелуі. Қолданылатын аспаптардың аттары мен әдістерге байланысты түсірістер мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Теодолиттік; 2.Тахеометриялық; 3.Мензулалық; 4.Аэрофотографиялық; 5.Жердегі сфереофотограмметриялық; 6.Нивелирлеу; 7.Көзмөлшерлік ж/е буссольдік түсірістер.
1. Жоғарғы геодезия – жердің ж/е планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Бұдан жеке тармақтар бөлінді: Геодезиялык, астрономия - геодезиялык тірек жүйелерін құруда аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен шүғылданады.
Геодезиялық гравиметрия - жер бетінің жекелеген нүктелерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жер пішінін зерттеумен айналысады. Ғарыштың геодезия - жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық аракатынастарын зерттейді.
2.Арақашықтықтарды өлшеу әдістері. Жалпы 2 әдіс бар: тікелей ж/е жанама
Тікелей әдіс кезінде ұзындықтарды өлшеу рулеткалардың, ленталардың ж/е сымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Аспаптарды болаттан н/е инвардан жасайды. Инвардан жасалған аспап қателігі 1:25000, 1:000 000 шамасында, ал болаттан жасалғандарда 1:10000, 1:25000.
Жанама әдісте арақашықтықтарды өлшеу үшін оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық ж/е радиоқашықтық өлшеуіштер қолданылады. Оптикалықтарда қателік 1:200 – 1:500 арасында, ал жарық ж/е радиоқашықтық өлшеуіштерде 1:10000 – 1:250000 арасында.
3.Электронды тахеометрлер - Оларға Та5 (Ресейлік), геодиметр 710 (Щвеция), ЭОТ-2000 (Германия), т.б. жатады. Электрондық тахеометр ара қашықтықтарды, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған. Сонымен қатар, өлшеу нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін электрооптикалық аспап
1.Қолданбалы геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, кұрылыс жабдыктарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялык жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.
2.Вертикаль бұрышты өлшеу. Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептегендегі бұрыштар V1 және v2 көлбеу бұрыштары болып табылады. Вертикаль бұрыштарды градустың шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады.
3.Кері есеп – координаталары белгілі екі пункт (1 ж/е 2) арқылы 1-2 түзуінің дирекциондық бұрышы α1-2 ж/е ұзындығы d1-2 анықтау керек болған жағдайда, кері геодезиялық есеп деп аталатын тәсіл қолданылады, ΔX=X2 -X1; ΔY=Y2-Y1 , X2 , X1, Y2, Y1 – 1,2 пункттерінің координаталары.
Тура есеп - бастапқы нүктенің координаталары (А), одан келесі нүктеге қарайғы бағыттың дирекциондық бұрышы және нүктелердің арақашықтығы белгіліболғанда екінші нүктенің (В) координаталарын анықтау есебі. Негізгі формуласы: XB=XA+Δx, YB=YA+Δy
1.Геоид туралы түсінік. Деңгейлік бет. Жердің пішіні ретінде материктің астынан ойша жүргізілген мухит суларының тыныш күйіндегі беттің тұйық сызығын алдық делік. Бұндай тұйық бет өзінің әр нүктесіндегі тіктеуіш сызыққа, яғни айтқанда ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. Оны деңгейлік бет деп атайды. Деңгейлік бетпен шектелген денені геоид дейді. Геоид (грек. geo — жер, eіdos — түр) — мұхит пен ашық теңіздердің тыныш қалпындағы (толқын, тасу-қайту, түрлі ағыс болмаған жағдайда) орта деңгейімен өтетін жердің пішіні. “Геоид” терминін 1873 ж. немістің физигі И. Листинг енгізген. Геоид пішіні жер қыртысы массасының таралуына байланысты болатын тіктеуіш сызығының бағытымен анықталады.
2.Вертикаль дөңгелектің ноль орнын анықтау Вертикаль дөңгелектің «нөл орнын» тексеру
1) дүрбіні «ДС» қалпында қайсыбір анық көрінетін, алшақтау және жоғарылау орналасқан «N» нүктесіне нысаналайды да, вертикаль дөңгелектен ДС бұрыштық өлшемін алады.
2) осындай әрекет дүрбінің «ДО» қалпында қайталанып, вертикаль дөңгелектен ДО бұрыштық өлшемін алады.
Егер осы ДС және ДО өлшемдерінің орта мәні, яғни «нөл орны» НО=[(ДС+ДО)± 180°]/2 қалыпты мөлшері 0°-қа тең немесе 0°-жуық болуы керек. Ондай болмаса, түзету жұмысы орындалуы қажет.
Ол үшін: Вертикаль дөңгелектен алынған бұрыштық өлшемдер ДС және ДО/ бойынша НО /нөл орны/ мен v көлбеу бұрышы есептеледі ТЗО, 2Т30М теодолиттері үшін,
НО = ; v=ДС-НО; v = НО- ДО-180°; v= ; 90°кіші алынған есепке 360° қосады;
Дүрбіні «ДС» қалпына келтіріп, көлбеу бұрыштық мәні ДС=v микрометрлік бұранда көмегімен вертикаль дөңгелекте дәлдестіріліп қойылады. Бұл әрекет қыл сызықты тордың торап нүктесін «N» -нысана нүктесінен жоғары немесе төмен қарай алшақтатады. Бұны дүрбі окуляры көз аясынан көруге болады;
Ендігі мәселе осы алшақтықты жою. Ол үшін, қыл сызықты тордың жоғарғы және төменгі жақтағы түзету бұрандалары (4-сурет) көмегімен торап нүктесін «N»-нысана нүктесімен дәлме-дәл беттестіреді;
3.Нивелирлеу
1.Жер эллипсоидының өлшемдері. Жер эллипсоиды өзінің үлкен және кіші жарты осьтерімен (а, b) және полярлық сығылушылығымен сипатталады (α) a = (a-b)/a а, b және α шамалары градустық өлшеулер арқылы анықталады, ол үшін меридиан доғасының ұзындығын әр 1° сайын өлшеу керек. Меридианның әр түрлі жерлеріндегі градустың үзындығын біле отырып, жердің пішіні мен көлемі анықталады. 1945 жылдан бастап геодезиялық ж/е картографиялық жұмыстар үшін Ф. Н. Красовскийдің жер эллипсоидының мына өлшемдері бекітілді: а=6378245 м; b=6356863 м; α=1:298,3;
