- •3.Планиметр бөлік бағасын анықтау
- •1. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •3.Ситуациялық планды құру
- •2.Тура есеп
- •2.Электронды техеометрлерді қолдану аймақтары
- •2.Техникалық теодолиттердің тексермесі
- •3.Жарма дегеніміз не?
- •2.Кері есеп
- •3.Тура геодезиялық есептің мәні
- •3.Вертикаль бұрыштар мен теодолиттің но анықтау
- •3. Алаңдарды полярлық планиметрмен өлшеу
- •1.Горизонталь және вертикаль ара қашықтықтарды анықтауға жер қисықтығынын әсері
- •2.Кері геодезиялық есептің мәні
- •2.Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не? Және ол нүктенің ендігіне қалай тәуелді және өстік меридианға қатысты қалай тәуелді?
- •3.Магнит тілінің ауытқу бұрышы дегеніміз не?
- •Ендік және бойлық дегеніміз не?
- •2.Алаңдарды анықтаудың графикалық тәсілі
- •3.Карталар номенклатурасы.
- •1.Қиманың биіктігі және салынды деген не?.
- •2.Горизонтальдар бойынша нүктенің белгесін қалай анықтайды және берілген көлбеулікпен сызықты қалай жүргізеді?
- •2.Абсолютті биіктік
- •2.Горизонтальдар арасында жатқан бұрыштың биіктік белгісін қалай анықтаймыз?
- •3. Еңістік дегеніміз не және қандай формуламен анықтауға болады?
3.Вертикаль бұрыштар мен теодолиттің но анықтау
1.Жергілікті жердің абсолют және қатысты биіктіктері Абсолюттiк биiктiк (лат. толық, тәуелсіз) — жер бетінің кез келген нүктесінен теңіз деңгейіне дейінгі аралықтың тік бағытта өлшенетін қашықтық мөлшері; өлшеу нүктесі теңіз деңгейінен жоғары болған жағдайда абсолюттiк биiктiк көрсеткіші оң мағыналы, ал төмен болған жағдайда теріс мағыналы болып шығады. Қазақстанда абсолют биіктік Балтық теңізіндегі Кронштадт футштогының нөлінен есептеледі, Абсолют биіктік нивелирлеу әдісімен анықталады. Екі нүктенің абсолюттік биіктіктерінің айырымы (жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісіне карағанда биік болуы) салыстырмалы биіктік деп аталады.
2.Топографиялық карталар мен пландардың номенклатурасы. Пландар мен карталарды пайдалану қолайлы болу үшін олар белгілі бір жүйемен белгіленеді. Әрбір планды, картаны белгілеу жүйесін – номенклатура дейді. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады. Осы бөлуден зона шығады.
3. Алаңдарды полярлық планиметрмен өлшеу
1.Горизонталь және вертикаль ара қашықтықтарды анықтауға жер қисықтығынын әсері
2.Кері геодезиялық есептің мәні
3. Магниттік меридиан дегеніміз не? Және карта немесе планда өлшенген дирекциондық бұрыштан оны қалай анықтаймыз?
Магниттік меридиан — Магнит өрісіне тән ортақ мөлшерге келтірілген кернеу сызықтарыныңжер бетіндегі нақты нүкте арқылы жүргізілген проекциясы болып табылатын түзу сызық.
1.Карталар мен пландар. Жер бетінің н/е оның жеке бөлшектерінің кішірейтіліп арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазықтық бетке кескінделуін карта дейді. Ал, шағын аймақтың дәл осындай кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план дейді. Негізгі ерекшеліктері: -Планда жердің шағын аймақтары үлкен масштабпен алынса (1:500, 1:2000), карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен (1:50000, 1:100000) алынады. –Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады, ал план бетінде тік бұрышы координаталық тордың кескіні ғана болады. –Планда жердің дөңестігі ескерілмейді.
2.Теодолиттің құрылымы, оның тексермелері мен жөндеулері. Теодолит көтергіш бұранда, тұғыр, алидада, шыны шығыршықты горизонталь дөңгелек, өлшем алу тетігі – микроскоп, шыны шығыршықты вертикаль дөңгелек, дүрбі, тіреу, цилиндр пішінді деңгей – теңгермеден тұрады.
Теңгерме білігін тексеру: 1) Теңгерме «1-2»-ші көтергіш бұрандалары бағыты үстінде қойылады да, осы бұрандаларды қарама-қарсы жаққа бұрау арқылы көпіршік қақ ортаға /нульпункте/ жылжытылады;
2) алидада айналымы 90°–қа өзгертіп, теңгермені 3- ші көтергіш бұрандаға бағыттайды да, осы бұранданы бұрау арқылы көпіршік қақ ортаға жылжытылады;
3) алидада айналымын 180°–қа өзгертіп, теңгермені 3-ші көтергіш бұранда бағытында тұрақтады.
Егер осы мезетте көпіршіктің қақ ортадан ауытқуы қалыпты мөлшер – 1мм шамасынан аспаса, онда теңгерме білігінің дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, түзету жұмысы орындалуы қажет.
Мысалы: көпіршік қақ ортадан 8-мм-ге ауытқып тұр делік. Оны кейін қайтарып, қақ ортада тұрақтату үшін мынадай түзету жұмыстары орындалады:
Түзету бұрандасының реттік бұралуы арқылы көпіршік қақ ортаға қарай 4 мм, яғни ауытқудың жартылай шамасына жылжытады;
3-ші көтергіш бұрандасының айналымы арқылы көпіршік қақ ортаға әкелінеді. Түзету жұмысы осылайша аяқталады.
2. Нысаналау білігін тексеру дүрбіні «ДС» /дөңгелектің сол жақтағы/ қалпында қайсібір анық көрінетін, алшақтау орналасқан «N» нүктесіне нысаналайды да, горизонталь дөңгелектен ДС бұрыштың өлшемін алады. Мысалы, ДС=5°18’ делік.
дүрбіні НН білігі төңірегінде толық айналдыра отыра, алидаданы 180°–қа бұрып, дүрбіні «ДО» / дөңгелектің оң жақтағы/ қалпында қайтадан «N» нүктесіне нысаналайды да, горизонталь дөңгелектен ДО бұрыштық өлшемін алады.
3.Дүрбі айналымы білігін тексеру 1) теодолит ғимарат қабырғасынан 10-20 м алшақтықта тұрақталған соң, дүрбі, «ДС» қалпында 40-50° -тық көлбеулікпен қабырға бетіндегі «М» нүктесіне нысаналайды да, алидада бекітіледі. Бұдан кейін, дүрбіні НН1 білігі төңірегінде айналдыра отыра, оны горизонталь қалпына келтіріп, торап нүктесімен дәлдестіріп қабырға бетінде N1 нүктесін белгіленеді. 2) осындай әрекет дүрбінің «ДО» қалпында қайталанып, қабырға бетінде N2 нүктесі белгіленеді.
Егер дүрбі окуляры көз аясында N1 N2 алшақтығы биссектор ені мөлшерінен аспаса, онда дүрбі айналымы білігінің дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, шеберхана жағдайында түзету жұмысы орындалуы қажет.
4.Қыл сызықты торды тексеру былайша орындалады
Қайсыбір анық көрінетін «N» нүктесіне торап нүктесін дәлме дәл беттестіріп нысаналайды да, алидаданы бекітеді. Бұдан соң, дүрбіні НН, білігі төңірегінде кішігірім айналдырады.
Егер дүрбі окуляры көз аясындағы «N»-нысана нүктенің вертикаль бағыттан ауытқуы биссектор енінің 1/3 бөлігі шамасынан аспаса, онда қыл сызықты тордың дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, шеберханада түзету жұмысы орындалуы керек.
5.Вертикаль дөңгелектің «нөл орнын» тексеру
1) дүрбіні «ДС» қалпында қайсыбір анық көрінетін, алшақтау және жоғарылау орналасқан «N» нүктесіне нысаналайды да, вертикаль дөңгелектен ДС бұрыштық өлшемін алады.
2) осындай әрекет дүрбінің «ДО» қалпында қайталанып, вертикаль дөңгелектен ДО бұрыштық өлшемін алады.
Егер осы ДС және ДО өлшемдерінің орта мәні, яғни «нөл орны» НО=[(ДС+ДО)± 180°]/2 қалыпты мөлшері 0°-қа тең немесе 0°-жуық болуы керек. Ондай болмаса, түзету жұмысы орындалуы қажет.
Ол үшін: Вертикаль дөңгелектен алынған бұрыштық өлшемдер ДС және ДО/ бойынша НО /нөл орны/ мен v көлбеу бұрышы есептеледі ТЗО, 2Т30М теодолиттері үшін,
НО = ; v=ДС-НО; v = НО- ДО-180°; v= ; 90°кіші алынған есепке 360° қосады;
Дүрбіні «ДС» қалпына келтіріп, көлбеу бұрыштық мәні ДС=v микрометрлік бұранда көмегімен вертикаль дөңгелекте дәлдестіріліп қойылады. Бұл әрекет қыл сызықты тордың торап нүктесін «N» -нысана нүктесінен жоғары немесе төмен қарай алшақтатады. Бұны дүрбі окуляры көз аясынан көруге болады;
Ендігі мәселе осы алшақтықты жою. Ол үшін, қыл сызықты тордың жоғарғы және төменгі жақтағы түзету бұрандалары (4-сурет) көмегімен торап нүктесін «N»-нысана нүктесімен дәлме-дәл беттестіреді;
3.Нивелирлеу
1..Масштабтардың түрлері. Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындыгының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді. Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді.
Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін - сызықтық масштаб дейді. Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді . Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ үшы 0- деп белгіленеді.
Түзу сызық «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары «10- ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар қиғаш сызықтармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bо» кесіндісі «ВО'» -ның 1/10 не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады: t=ab=a/m*n, мұндағы а-масштаб негізі 2см; «-масштаб негізі бөліктерінің саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны
2.Горизонталь бұрыштарды тәсілдер әдісімен өлшеу. Тәсілдерде лимбті бекітіп, алидаданы босатып өлшеу жүргізіледі, қанша рет нысаналасақ, сонша есеп болады.
1-әдіс. βс = b1 - a1, мұндағы b1, a1 – А ж/е В нүктелеріне ДС ж/е ДО нысаналағанда лимб бойынша алынған есептер.
2-әдіс (жартылай). βo = b2 – a2 β = βс + βo /2
3.Ситуацияны түсіру, далалық өлшемдер нәтижелерін өңдеу. Жер бетінде орналасқан заттады планға түсіру үшін әртүрлі өлшеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижелері журналдың арнаулы беттеріне жазылады да, түсірілген объектілеріне абрис деп аталатын схемалық жоба (тұрпы) сызылады. Абрис теодолиттік түсірудің негізгі документі болып есептеледі де, ол план жасағанда қолданылады. Жер беті ситуацияларын планға түсірудің бірнеше тәсілдері бар. Енді солардың бірнешеуіне тоқтала кетелік.
Перпендикуляр тәсілі. Теодолиттік жүрістік АВ қабырғасының жанында орналасқан орманның 1, 2, 3 деп белгіленген ерекше нүктелерін планға түсіру үшін, сол нүктелерден АВ-ға перпендикуяр түсіріліп, олардың ұзындықтары (1d1, 2d2, 3d3) және бастапқы пункттен сол перпендикулярға дейінгі қашықтықтар (Ad1, Ad2 және Ad3) өлшенсе жеткілікті. Өлшеулер өлшеу лентасы мен рулетка арқылы жүргізіледі. Кейін планға бұл өлшеулер масштаб арқылы салынады. Қысқа
Перпендикуяр көз мөлшерімен, ал ұзынды эккердің көмегімен тұрғызады. Эккер үш қырлы призма блып келеді. Оның екі қыры теодолиттік жүрістің қабырғасына перпендикуярларды түсіретін және көз алдына келтіретін айнадан тұрады.
Полярляқ тәсілді қолданғанда ситуация контуры полигонның бір қабырғасыан (ВС) ерекше нүктелерге дейінгі горизонтал бұрыштарды және оларға дейінгі арақашықтықтарды өлшеу арқылы түсіреді. Полярлық бұрыштар (α1, α2, α3) теодолитпен, ал ұзындықтар (ll, l2, l3) қыл жіпті қашықтық өлшеуіш арқылы өлшенеді. Өлшеу нәтижелері планға транспортер және масштабтық сызғыш арқылы салынады. Полярлық тәсіл геодезиялық жәнемаркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Қиылыстыру тәсілдері тікелейқашықтық өлшеу қиын жағдайларда бұрыштың қиылыстыру тәсілі қолданылады, яғни А және В пункттерде теодолитпен α, β бұрыштары өлшенеді де, өлшенген бұрыштар транспорт арқылы салынып, қиылысқан нүктеге жел диірменді шартты белгімен белгілейді.
Теодолиттік түсірістегі камеральдық жұмыстар есептеулер мен сызу жұмыстарынан тұрады. Есептеулер нәтижесінде пункттердің координаталары анықталып, ал графикалық жұмыстар арқылы белгіленген масштабта теодолиттік түсірістің планы жасалады.
Теодолиттік жүріс пункт координаталарының есептеу жұмыстары өзара мынадай түрлерге бөлінеді:
1)өлшенген бұрыштарды өңдеу;
2)дирекциондық бұрыштарды есептеу;
3)өлшенген ұзындықтардың горизонталь проекцияларын есептеу;
4)координаттар өсімшелерін есептеу;
5)пункттердің координаталарын есептеу.
Осы айтылған есептеулер арнайы ведомосьтта жүргізіледі
1.Графикалық масштаб және оның дәлдігі. Сызықтық (ГРАФИКАЛЫҚ) масштаб
Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін - сызықтық масштаб дейді. Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді . Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ үшы 0- деп белгіленеді.
Түзу сызық «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары «10- ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар қиғаш сызықтармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bо» кесіндісі «ВО'» -ның 1/10 не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады: t=ab=a/m*n, мұндағы а-масштаб негізі 2см; «-масштаб негізі бөліктерінің саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны
2.Көру дүрбілері, теодолиттің вертикаль дөңгелегі. Көру дүрбісі нүктені, рейканы көруге мүмкіндік береді, көру дүрбісіның жанында есеп алуға арналған микроскоп бар. Көру дүрбісі негізгі объектив ж/е окуляр бөліктерінен тұрады.
Вертикаль дөңгелек вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған.Егер теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің оң н/е сол жағында орналасуы мүмкін. 1-орны «дөңгелек оң жақ», 2-орны «дөңгелек сол жақ».
3.Нивелирлеу
1.Азимуттар, дирекциондық бұрыштар мен румбтар. Меридианның солт. басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті н/е картадағы горизонталь бұрышты азимут (араб.- бағыт) деп атайды. Магниттік азимут 00 тан 360 0 дейін өзгереді. Магниттік меридиан мен географиялық меридианның бағыттары сәйкес келмейді, олардың арасында пайда болған бұрыш магнит тілінің бұрылу бұрышы (δ) деп аталады. Егер стрелканы ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, бұрылу бұрышы-шығыстық, батысқа қарай бұрылса-батыстық бұрылу болады. Шығыстық бұрылу оң (+δ), ал батыстық бұрылу (-δ) теріс болады. Егер магнит стрелкасының бұрылу шамасын білсек, онда магниттік азимуттан негізгі азимутты төмендегі формула арқылы табуға болады: А=Ам + δ Геодезияда жер бетіндегі сызықтардың тура және кері бағыттарын анықтайды. Тура және кері азимуттар арсындағы байланыс келесі формуламен өрнектеледі.
Ак=Ат + 180˚+ γ, γ – меридианның жақындасуы; γ=αAB – АН. Дирекциондық бұрыш деп сағат тілінің айналу бағытымен алынған, осьтік меридианның солтүстік жағы мен бағдарлауыш сызық арасындағы жазық бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыш шамасы 00 тан 360 0 дейін болады. Бұл жағдайда шын азимут мынаған тең болады: А=α+γ, Мұндағы α – АВ сызығының дирекциондық бұрышы; γ дегеніміз – осьтік меридиан мен негізгі меридианның жақындасуы. γ – шығыста оң, батыста теріс таңбамен алынады. Дирекциондық бұрыштар тура және кері болып бөлінеді. Екеуінің арасындағы қатынас мынадай түрде көрсетіледі:
α = α′ +180˚ , мұндағы α′ - кері дирекциондық бұрыш; α – тура дирекциондық бұрыш.
Сызықтың бағытын сүйір бұрышпен де анықтауға болады. Шамасы 0˚-тан 90˚-қа дейін өзгеретін меридианның солтүстік не оңтүстік жағымен берілген сызық арасындағы сүйір бұрышты румб дейміз. Бағытты румб арқылы табу үшін румбтың сан мәнінен басқа сызықтың қай ширекте жатқанын білу қажет. Берілген дирекциондық бұрыштар арқылы румбтарды анықтайды:
І ширекте СШ r1 = α1; ∆х+; ∆у+;
ІІ ширекте ОШ r2 = 180˚ - α2 ; ∆х-; ∆у+;
ІІІ ширекте ОБ r3 = α3 - 180˚; ∆х-; ∆у-;
ІV ширекте СБ r4 = 360˚- α4; ∆х+; ∆у-;
Кез-келген топографиялық карталардың төменгі жағында аймаққа тән магнит стрелкасының бұрылу бұрышы (δ)және меридиандардың (γ)жақындасуы көрсетіледі.
