Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иммун полныи-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Ассоциацияланған Вакцина

Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасынтеріастына, қызылша мен қарасан вакцинасынбұлшықеткеегеді. Вакцина егілгенорганизмдеауруғақарсы иммунитет 2 — 3 аптаданкейінқалыптасып, бірнешежылдарбойысақталады.

59Жоғары сезімталдыктың Кумбс пен Джелл бойынша жіктелуіне сипаттама беріңіз

Қазіргі кездегі иммунологиялық жетістіктеріне байланысты , қорғаныстың иммундық жауаптардың және иммундық патологиялық жағдайлардың , оның арасында аллергияның да, барлығының негізінде иммунологиялық серпілістің гуморалдық және жасушалық механизмдері жататыны белгілі болды. Осыдан 1964 жылы Кумбс пен Джелл (P.Gell, R.Coombs) жоғары сезімталдықтың даму жолдарына қарай жіктеуін ұсынған. Бұл жіктеу бойынша жоғары сезімталдықтың негізінде сезімталдықтың әр түрлі клиникалық көріністеріне алып келетін иммундық механизмдердің ерекшеліктері жатады . Бұл жіктеу қазіргі уақытта жалпы қабылданған.

Осы жіктеу бойынша жоғары сезімталдықтың 4 түрін ажыратады:

  1. Атопия және анафилаксия

  2. Цитоксикалық (цитолитикалық) серпілістер

  3. Иммундық кешен аурулары

  4. Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмдері (БЖС)

Бұл механизмдер аллергиялық және аутоиммундық ауруладың патогенезінің негізінде жатыр. Аллергиялық серпілістер бұл антигенге гиперэргиялы иммундық жауап болып табылады.

Жоғары сезiмталдықтың жасушалық механизмдерi (жоғары

сезiмталдықтың баяу түрi).

Кумбс пен Джеллдің жiктеуi бойынша, жоғары сезiмталдықтың IV-түрi – аллергенмен қайтадан кездескеннен соң 12 сағаттан кейiн дамиды

және бұл серпілістер, гуморалдық иммундық механизм бойынша емес,

жасушалықмеханизм бойынша дамиды.

60Аллергендерге сипаттама беріңіз және түрлерін атаңыз

Аллергиялық аурулардың пайда болу себебі - аллергиялық реакция дамытатын аллерген. Аллерген мен антигеннің айырмашылығы: егер организмге енген зат аллергиялық реакция берсе, ол - аллерген, ал тек иммундық реакция дамытса - антиген. Аллергендер антигенге ұқсас (белок, организмге бөтен зат).

Сонымен бірге аллергиялық реакцияны антигендік қасиеті жоқ заттар да шақыра алады. Олар - микромолекулалы қосындылар, мысалы - дәрілер, химиялық қарапайым заттар (бром, йод, хром, никель т.б.), кейбір белок емес күрделі затгар (микроб өнімдері, полисахаридтер т.б.).

Аллергендер екі топқа бөлінеді: экзо- және эндоаллергендер (аутоаллергендер).

А.Д. Адо мен А.А. Польнер (1963) жзогендік аллергендерді пайда болуына байланысты бөлді: 1) инфекциялық емес аллергендер - тұрмыстық, эпидермалдық, шаң-тозаң, тағам, өндірістік; 2) инфекциялық аллергендер - бактериалық, саңырауқұлақтық, вирустық.

Тұрмыстық аллергендердің негізі - үйдің шаңы. Құрамы күрделі: киімнің, жиһаздың, төсек-орынның ұсақ бөлшектері, саңырауқұлақтар, бактериялар, үй жәндіктерінің бөлшектері. Оныңішінде аллергендік әсері коп-кенелер, аквариум балықтарын қоректендіретін дафниялар. Тұрмыстық аллергендер тыныс алу жолының аллергиялық ауруларын шақырады.

Жәндік аллергендері - шағатын, тістейтін (сілекейі) жәндіктердің аллергендеріЭпидермалық аллергендерге жануарлардың жүні, қайызғағы, құстың жүні, балықтың қабырғасы жатады Кәсіби сенсибилизация (малшыларда, виварий және шаштараз, құс ұстаушыларда) ринит, бронх демікпесін, есекжем сияқты аллергиялық аурулардыдамытады.

Дәрі аллергені - гаптен. Егерде адамның бір дәріге аллергиясы болса, молекуласының антигендік үқсастығы бар басқа дәрілерге де алллергия дамиды. Тозаң аллергендері; жел арқылы ұрықтанатын, тозандары 35 мкм-ден үлкен болмайтын өсімдіктер аллергендеріАстық тұқымдастардың (бидай, арпа, атқонақ, сұлы, бидайық) бәріне бірдей аллергені бар. Әр географиялық аймақта өзіне тән аллергия беретін өсімдіктері табылғанТағам аллергеңдері. Балык, бидай, бұршақ, қызанақ аллергияны жиі береді. Тағамға қосынды химиялық заттар (бояу, қош иістеу, ашытқы т.б.) аллерген болуы мүмкін.

Өндіріс аллергендері. Үйде, өндірісте химиялық заттармен жанасу көбейді. Өндіріс аллергендері көбінесе гаптендер. Жиі кездесетін өндіріс аллергендеріне скипидар, майлар, никель, хром, мышьяк, деготь, смола, бояулар, танин, пирогалол, детергентгер, хлорбензол, нафталин және шаш, қас бояулары жатады.

30-балл

1Иммундық статусқа анықтама беріңіз. Адамның иммундық статусын анықтауға көрсеткіштерді атаңыз.

Иммунды статус – сандық және сапалық көрсеткіштердің ара қатынасы және иммунды жүйенің қазіргі жағдайын көрсететін көрсеткіш. Иммунды  статус жағдайы жастық ерекшеліктеріне байланысты болады. Иммунды жүйе көрсеткіштері әртүрлі сыртқы және ішкі әсерге байланысты өзгеріске ұшырайды: жүктілік ағымы, баланың бірінші жылында  омыраумен емізу, басынан өткерген аурулары және т.б.  Иммунды статус анализін өткізуге міндетті көрсеткіштер: иммунологиялық зерттеу әдістері маңызды кезде (біріншілік иммунодефицит, дисгаммаглобулинемия, миелома, СПИД, трансплантация және гемотрансфузия). аурулар тобында дифференциальды диагностика жасау қажет болған кезде (аутоиммунды аурулар, лейкоз, лимфома және т.б). Иммунды статус анализін өткізуге салыстырмалы көрсеткіштер: Балаларда арнайы препарат иммуномодулятор қолданған кезде оң әсер болатын жағдайлар: инфекциялық ауру ұзақтығын қысқарту, жедел респираторлы аурулардың жиілігін төмендету және асқынуларын алдын алу. Бұндай көрсеткіштерге жатады: Баладағы жедел респираторлы вирусты аурулардың жиілігі – жылына 6 рет. Созылмалы, персистирленген инфекция (мысалы, герпетикалық инфекция,  Эпштейн-Бар вирустыинфекциясы). Бала ағзасындасозылмалы инфекция ошақтарыныңболуы: рецидивтііріңді отит, синусит, рецидивтеуші бронхит. Иммундыстатустызерттеукөпкомпонентібірнешесатыдантұратынзерттеу:   гуморальдыиммунитеттібағалау; жасушалық иммунитет; ағзаныңбейспецификалықрезистенттілігі.