- •Құқық теориясының негіздері
- •1. Құқық ұғымы мен белгілері
- •2. Құқықтың фунциялары (қызметттері)
- •3. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)
- •4. Құқық бастаулары (негіздері)
- •5. Құқық бұзушылықтың ұғымы, белгілері, түрлері
- •Конституциялық құқық негіздері
- •1. Конституциялық құқық ұғымы, пәні, әдісі
- •2. Конституциялық құқық қайнар қөздері
- •3. Конституциялық құқық қағидалары
- •Әкімшілік құқық негіздері
- •1. Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, әдісі.
- •2. Әкімшілік құқықтың қайнар қөздері
- •3. Әкімшілік құқықтын субъектлері
- •4. Әкімшілік заң бүзушылык ұғымы, белгілері, оның түрлері
- •Азаматтық құқық негіздері
- •1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі
- •2. Азаматтық құқық бастаулары (заңдары)
- •1. Меншік құқығының ұғымы
- •2. Меншік құқығының нысанары мен түрлері
- •Еңбек құқығының негіздері
- •2. Еңбек құқығының қайнар көздері
- •6. Жұмыс және демалыс уақытының ұғымы, түрлері
- •1. Қылмыстық құқықтын ұғымы, пәні және әдістері
- •6. Қылмыстық жазалардың ұғымы, белгілері, жүйесі мен түрлері
3. Конституциялық құқық қағидалары
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
Бүқіл халықтың игілігін көздейтын экономикалық даму;
Қазақстандық патриотизм
Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу
1. ҚР ұлттық мемлекеттық құрылысы дегеніміз – мемлекеттың және оның әкімшіліқ аумақтық бөліністерінің құрылымы, қызметінің ұйымдастырылуы, құқықтық мәртебесі, олардың өзара қатынас тәртібі.
ҚР Конституциясы бойынша -Қазақстан біртұтас мемлекет – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттіліқ құру жолында.
№ 5 ДӘРІС
Әкімшілік құқық негіздері
Дәріс мақсаттары:
1. ҚР әкімшілік құқықтын ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, әдісі.
2. Әкімшілік құқықтың қайнар қөздері
3. Әкімшілік құқықтын субъектлері
4. Әкімшілік заң бұзушылык ұғымы, белгілері, оның түрлері.
СӨЖ:
1. Әкімшілік заң бұзушылык құрамы.
2. Әкімшілік жаза::ұғымы, түрлері, мақсаттары. Әкімшілік заң жауапкершілігі
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003
5. Төлеугалиев Ғ. И. ҚР Азаматтық құқығы А., 2001
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Әкімшілік кодексы А., 2001
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Әкімшілік кодексы А., 2001
Бақылау сұрақтары:
1. Әкімшілік жаза:
а) Есқерту
б) Әкімшілік айыппұл
в) Әкімшілік қамау
1. Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, әдісі.
Әкімшілік құқық дегеніміз – құқықтын бір саласы және құқықтын жүйесінде жетекші орнынды алады.
Әкімшілік құқық коғамдык қатынастардың мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру аясында қалыптасқан саласын реттейді.
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы органдардың басқаруші – жарлықші қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.
Мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар оның субъектілерінің мінез-құлқының қөлемі мен шегін, сондай-ақ құқық бұзышылыққа байланысты олардың жауапкершілік тәртібін анықтайды.
Әкімшіліқ құқықтың пәні:
- Мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты қатынастар;
- Әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік органдардың азаматтар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;
- Әкімшіліқ құқық бұзушіліқ
Құқықтың кез келген саласы өкім /өмір/, тыйым, рұқсат ету / ерик тберу/ сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерің пайдаланады.
Өкім /Әмір/ түріндегі мемлекеттік нұсқама - бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық норманың талаптарына толығынан сәйкестендіріп іс-әрекет етуге заңдық міндет жүктеу.
Тыйым – бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормамен қаралған іс - әрекеттерді жасаудан бас тартуға заңдық міндет жүктеу.
Рұқсат ету /ерік беру/ - бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормада көрсетілген қандай да болмасын бір Заңдық мәні бар іс-әрекеттердді жасауға немесе өзінің қалауы бойынша оны жасаудан бас тартуға рұқсат беру.
Осы тәсілдердің жиынтығы құқық саласы әдісінің мазмұның құрайды бірақ олардың әрқайсының үлес салмағы құқықтың әр саласында әр түрлі. Мысалы, азаиматтық құқықта рұқсат ету басым болады. Ал әкімшілік құқық басқарушылық қоғамдық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатуын реттейтін оның нормаларының қөбірек бөлігінің әмірлік /бүйрықтық – императивтык/ сипаты бар.
