Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsii_OP_kaz_2011.doc
Скачиваний:
144
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
191 Кб
Скачать
☆

1. Қылмыстық құқықтын ұғымы, пәні және әдістері

Қылмыстық құқық заңшығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза,

қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудын тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белглейтін заңдылық нормалардын жиынтығы.

Қылмыстық құқық дегеніміз қылмысқер мен мемлекет арасындағы қоғамдық қарым - қатынастарын реттейтін жеке құқық саласы.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

2. Қылмыстық құқығының қайнар көздері

Қылмыстық заң (қылмыстық кодекс) 1 – бабында қөрсетілгендей, қылмыстық

құқықтың бірден-бір қайнар қөзі болып табылады.. Ешқандай да сот прецеденті,

әдет-ғұрып т.б. да актілер қылмыстық құқықтың қайнар қөзі бола алмайды

Қылмыстық жауаптылықты қөздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске

енгізгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс.

3. Қылмыстық құқықтын мақсаттары (міндеттері):

- Адам мен азаматтын құқықтарын, бостандыктары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мұдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай – ақ қылмыстардын алдын алу болып табылады.

4. Қылмыстық құқықтын қағидалары

1. Заңдылық; 2. Заң алдында азаматтардың теңдіғі

3. Жеке жаупкершілік; 4. Әділдік

5. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану

6. Демократизм; 7. Гуманизм

5. Қылмыс ұғымы, белгілері:

Қылмыс дегеніміз – Қылмыстық Кодексте жазалау қатермен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауыпты әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).

Қылмыс белгілері:

1. Қоғамға қауіптілігі; 2. Заңға қайшылығы;

3. Айыптылығы; 4. Жазаланатындығы

Қылмыс құрамының төрт элементі бар:

- Қылмыс объектісі;

- Қылмыстың объективтык жағы;

- Қылмыс субъектісі;

- Қылмыстың субъективтык жағы

Қылмыстарды жіктеу:

ҚР ҚК 10-бабына қөрсетілгендей қылмыс сипаты мен қауыптылык дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлінеді: онша ауыр емес ауырлығы орташа ауыр және өте ауыр қылмыстарға жіктеледі:

Қылмыс санаттары

Қасақана жасалған қылмыс

Абайсызда жасалған қылмыс

онша ауыр емес қылмыс

Екі жылдан аспайтын

мерзімге

Бес жылдан аспайтын мерзімге

ауырлығы орташа қылмыс

Бес жылдан аспайтын

мерзімге

Бес жылдан астам мерзімге

ауыр қылмыс

Он екі жылдан аспайтын

мерзімге

----

өте ауыр қылмыс

Екі жылдан астам

Мерзімге немесе өлім жазасына

----


6. Қылмыстық жазалардың ұғымы, белгілері, жүйесі мен түрлері

Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбурлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынаң ҚРҚК (38- б) қөзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Негізгі:

Айыппүл салу;

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Қоғамдық жұмыстарға тарту;

Түзеу жүмыстарға тарту;

Әскери қызмет бойынша шектеу;

Бас бостандығын шектеу;

Қамау;

Бас бостандығынан айыру;

Өлім жазасы;

Қосымша:

- Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан сыныптық шен”нен дипломатиялық дәрежесінен біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

- Мүлкін тәркілеу

Негізгі де қосымша да жаза болып алатын түрлері (аралас):

- Айыппүл салу;

- Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан

айыру

- Қоғамдық жұмыстарға тарту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]